Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Хронология

Адамзат тарихындағы Олдувайлық кезеңі (ерте дәуір).

Адам баласының нақты анықталған ең ежелгі арғы тікелей атасы - Homo habilis. Homo habilis туралы ең ежелгі заттардың жасы 2,4 млн. жыл. Олар Шығыс Африкадағы (Кения) Олдувай шатқалынан табылды. Анда-санда сүйек қалдықтарымен бірге, тастан арнайы жасалынған дөрекі құралдар табылғандықтан, Homo habilis «Епті адам немесе шебер адам» аталып, ал ол табылған жер Олдувай өндірісі деген атқа ие болды. Ең соңғы Homo habilis-тер шамамен 1,7 млн. жыл бұрын өмір сүрген.


Ашель дәуірі. (Ерте палеолит)

Кениядағы Рудольф (Туркана) көлінің батыс және шығыс жағалауларынан табылған қазба байлықтарынан, Архантроптардың  (Homo ergaster және Homo erectus) дүниеге шамамен 1,8 млн. жыл бұрын пайда болғанын көреміз. Алғашқы эректустар (Homo erectus) өздерінің жарты миллион жылын Африка жерінде өткізіп, анда-санда көрші аудандарға және Таяу Шығыс пен Кавказға азды-көпті жорықтар ұйымдастырып отырды. Франциядағы  Соммы жазығындағы Амьена Сент-Ашель мекен-жайына жақын болуы себепті Архантроп дәуірі Ашель деген атқа ие болды.

Сол кезеңдегі Қазақстандағы адам баласының өмір сүруінің алғашқы белгілері: Бөріқазған, Тәңірқазған, Қызылтау т.б. жерлерден табылды. 


Мустье дәуірі. (Орта палеолит)

Неандертальдық адамның өмір сүрген кезеңі мен оның материалдық мәдениеті мустье деп аталады. Ежелгі адамдардың ұзақ уақыт мекендеген тұрақ-шеберханалар мен аң аулау қосындарында еңбек құралдары мен қару-жарақ қалдығының көптеп табылуы мәдениеттерді жіктеуге мүмкіндік берді. 

1. қарапайым мустье (Қошқорған, Шыңғыс)

2.  леваллуа-мустье (Ақтоғай, Семізбұгы, Хантау және басқалары)

3.  фация леваллуа ашелдік дәстүр мустьесі (Семізбұгы)

4. леваллуа емес фация ашелдік дәстүр мустьесі (Семізбұгы)

5. өркешті мусье (Бұрма) 

6. леваллуа-ашель II (Шақпақата, Жалпақ, Кұдайкөл мен Қарасор) 


Соңғы палеолит. 

Соңғы палеолит. 40 – 12 мың жыл бұрын.

Бұл дәуір казіргі кездегідей адамның, яғни  Homo sapiens түрінің пайда болуы. Олардың алғашқы іздері Африкадан табылған, жасы 50 мың жылмен – 195 мың жыл арасы. Соңғы палеолиттің шақпақ тас құралдарының сапасы және түрлері жағынан алдыңғы дәуірден әлде қайда жоғары. Сүйектен жасалған құралдар саны күрт өсті. Бейнелеу өнері пайда болды – үңгірлердегі суреттер, сүйекке қашалған бейнелер, скульптуралар.

Қазақстандағы соңғы палеолит ескеткіштері санаулы ғана: Маңғышылақтағы Шақпақата және Өнежиек, Ертіс бойындағы Құдайкөл мен Шульбинка, Қаратаудағы Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ пен Ащысай, Алматы маңындағы Семізбұғы мен Майбұлақ қоныстары, Батыс Қазақстандағы Ешкітау.