Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Хронология

Түргеш қағанаты (704-756 жж.)

Қарлұқ қағанаты (756-940 жж.)

Қарлұқтар жайлы алғашқы жазбалар
Түргеш қағанаты құрылды
Түргештер Болушу маңындағы (Жоңғария) соғыста Қапаған қағаннан жеңілді
Түргештер Ферғана қарлұқтары және Шаш тұрғындарымен бірлесіп арабтарға үлкен соққы берді

Түргештер қағаны Сулық арабтарға қарсы батыл да табанды әрекет етті. Арабтар оған сол әрекеті үшін Әбу Музахим (Сүзеген) деген лақап ат берді.


Сулық қағанның жеңілуі

Сулық арабтармен соғыста Тохаристанға дейін жеткенімен, соңынан жеңілді. Суябқа қайтып келген соң ол өз әскербасыларының бірі Баға Тархан қолынан қаза тапты. Сулықтың өлімінен кейін "сары" және "қара" түргештер арасында билікке таласып ұзаққа созылған күрес басталды. 

Қытай империясы өкілінің Суяб қаласын жаулауы



Қытай империясының Шығыс Түркістандағы өкілі өз әскерімен Суяб қаласын басп алып, талқандады. Шаш қаласының қожасы өлтірілді.