Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Хронология

Қарлұқ қағанаты (756-940 жж.)
Қарлұқтар Жетісу аумағында өз қағанатын құрды
Қарлұқтардың бір тармағы Қашқарияны басып алса, олардың екінші тобы VIII ғасырдың соңында Ферғанаға өз ықпалын жүргізді


Қарлұқтар ұйғырлардан жеңілді

Ұйғырлар 791 жылы Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктерді талқандады. Келер жылы қарлұқтар Ферғана мағында арабтардан жеңілді. 798 жылы ұйғырлар батыс қарлұқтарды бағындырды. Ал 812 жылы жабғу  күйрей жеңіліп, ұйғырлар орасан мөлшерде жан мен малды олжалай отырып Ферғанаға дейін жетті. Осыны пайдаланған арабтар жабғуды Ертіске қашуға мәжбүрледі. Қарлұқтар еріксіз ұйғырларға бағынды



Арабтар Отырарға жорық жасап, қарлұқтар әскерін талқандады, жабғу қимақтар еліне қашуға мәжбүр болды



Саманид Исмаил ибн Ахмед Таразға жорық жасады.

Қарлұқ қағаны Оғұлшақ Қадыр хан ұзақ қарсыласқанымен қоршаудағы қала соңында берілді, тұрғындар исламды қабылдады. Оғұлшақ өз ордасын Тараздан Қашғарға көшіріп, сол жақтан Саманидтерге қарсы әскери күресін жалғастырды.