Резиденция – ресімдер куәсі
30.11.2018 1723
Бірақ та Виттельсбахтар әулетінің неміс тарихына әсер етуі Елбасының тұңғыш резиденциясының Тәуелсіз Қазақстан тарихына еткен әсерінің жартысына да жете қоймаған шығар, сірә

Есіл өзені жақ беттен Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – Ақорда үлкен болып көрінеді. Ал, оң жақ жағалаудың дәл орталығында Елбасының тұңғыш резиденциясы орналасқан, қазір ол Тұңғыш Президент – Елбасының Кітапханасы қызметін атқарады. NDH порталы осы алғашқы резиденцияға барып, оның қабырғасында өткен ел тарихындағы маңызды сәттерді еске алды.

Н.Ә. Назарбаевтың алғашқы резиденциясының шегі жоқ ұзын дәліздерінде сағаттап жүріп, ақыр соңында мүлде адасып қалуға болады. Бұл жерге келушілер ғимараттың сән-салтанатына, оның әдемілігіне, ортағасырлық, кеңестік және жаңа қазақстандық кезеңдердің бір шатырдың астындағы фантастикалық тоғысуына тамсанып, тәнті болып шығады.

Президенттің тұңғыш резиденциясы 1997 жылы салынып, астананың Ақмолаға түбегейлі ауысқандығын білдірді. Оның үстіне, тап осы резиденция болашақ астананың түбегейлі өзгерісінің бастамасы болып саналады.

Көшерден үш жыл бұрын, 1994 жылғы 6 шілдеде, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінде астананы ауыстыру туралы идеясын алғаш рет айтқан еді. Бұл идеяға қатысты скептицизмнің де орын алуына себептер баршылық еді: «мызғымас» КСРО-ның құлауы, қаладағы электрэнергияның тұрақсыздығы, өндіріс айналымының құлдырап кетуі, зейнетақы мен еңбекақының уақтылы төленбеуі. Алайда, Президент ел болашағын анық көріп тұрды. Мемлекеттің қарқынды дамуына бағытталған алғашқы қадам табандылық пен жігерлілікті талап етті, бұл шешім өзін-өзі ақтағанын уақыттың өзі-ақ көрсетті. Кейіннен өзінің әйгілі «Қазақстандық жол» атты кітабында Нұрсұлтан Әбішұлы еске алатын: «Тіпті, менің отбасымда да бәрі бірдей «иә» деген жоқ. Бәрін де таза парақтан бастау керек болды».

Бұл ғимарат 1997 – 2004 жылдар аралығында резиденция болды. Бұл ғимараттың қабырғаларында «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының идеясы туындап, зейнетақы реформасы мен «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заң» жасалынды, осы Заң бойынша қазір қазақ тілі – мемлекеттік басқару мен іс жүргізу тілі.   

Төртқабатты резиденция ғимаратымен Қазақ КСР Еңбегі сіңген сәулетшісі, КСРО халық сәулетшісі Қалдыбай Монтахаев айналысқан. Резиденция 12 мың шаршы километрді алып жатыр. Резиденция жоспары Қалдыбай Жұмағалиұлының соңғы атақты жобаларының бірі болып саналады.

Ақ Орда ашылғаннан кейін, 2004 жылдан бастап алғашқы резиденция Қазақстанның табиғи тарихи ескерткіштерін жинау, зерделеу, сақтау және экспонаттау жұмысымен айналысуға көше бастады. дегенмен де, бұл жер қатты өзгеріске ұшырай қойған жоқ, жабдықтар мен жұмыс атмосфера сол бастапқы күйінде сақталған, сондықтан да жылына бір-екі кездесуді Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің тұңғыш резиденциясының қабырғасында өткізеді.

Қазір мемлекеттік рәміздер орналасқан орында 1997 жылдан 2004 жылға дейін құрметті қарауыл тұрған, ал Президенттің кабинеті үшінші қабатта орналасқан. Төртінші қабатта салтанатты кездесулер мен қабылдауларға арналған күмбезді зал орналасқан. Мемлекет басшысының туған жері, отбасы мен балалық шағымен таныстыратын «Атамекен» экспозиясынан соң бірден Елбасының қабылдау бөлімі орналасқан.

Республиканың болашақ басшысы үздік оқыған. Мектеп бітірісімен жас Нұрсұлтан Украинаға, Днепродзержинск (қазір – Каменское) қаласына бет алып, сол жерде оқу оқып, студент атанып, домнашы болып жұмыс істеген. Жас жігіттің талантты болғаны соншалық, бас шебер әңгіме кезінде «Министрлер Кеңесінің төрағасы боласың!» деген екен, айтқаны айдай келіп, Төраға болды. 1984 жылы Назарбаев 1984 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Қазақстан делегациясы құрамында Юрий Гагаринмен болған кездесуді Нұрсұлтан Әбішұлы өміріндегі ерекше сәт деп санайды.

Елбасының жұмыс креслосына экскурсия жетекшілері ешкімді де отырғызбайды, дегенмен де қабылдау бөлмесіндегі хатшының орнына отыруға рұқсат етеді. Елбасының жалтыраған ақшыл қоңыр үстелінің үстіндегі бірнеше телефон еріксіз өздеріне тартады. Осы телефондар арқылы Әбіқаевпен, Есімовпен, Тоқаевпен, Нығматуллинмен, Алтынбаевпен және басқаларымен жылдам байланысуға болатын. Телефондардан басқа үстелде жазу құралдары, қойын дәптер, сөйлейтін сөздерінің тезистері жазылған парақтар тұр. Жинақы футлярда Нұрсұлтан Әбішұлының қаламы қойылған, бұл қаламмен 2005 жылғы маңызды құжаттарға қол қойған. Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша мыңдаған қазақстандықтардың баспаналы болуына мүмкіндік берген жобаның тікелей қатысушысы болған да – дәл осы қалам.

Кабинет терезелерінің жанында Үкімет мүшелерімен, Әкімшілік қызметкерлерімен, танымал мемлекеттік және қоғам қайраткерлерімен, шетелдік қонақтармен кездесулер мен келіссөздер жүргізуге арналған үлкен үстел орналасқан. Одан әрі, қабырға бойындағы стендете, шыны астында Елбасының жұбайымен және немерелерімен түскен суреттері қойылған. Президенттің жұмыс үстеліне қарама-қарсы қабырғада негізгі пайдалы қазба кеніштері суреттелген Қазақстан картасы ілінген.

Бұдан басқа, Елбасы кабинетінде екі есік бар: алауошақ залы мен қысқы баққа апарса, екіншісі – Мәжіліс залына апарады. Бүгінде Мәжіліс залы музей экспонаттарына – архивтік құжаттар мен суреттерге толы, бұл экспонаттарда Қазақстанда жүргізілген реформалардың тарихы сақтаулы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жазбаларын қарап отырып, оның уақытты тоқсанға бөліп қарағанын көреміз, яғни жылды тоқсанға бөліп жоспарлаған. Осы жазбаларға сәйкес, ҚР Президенті 1997 жылы тек астананы Ақмолаға ауыстыруды ғана жоспарламаған, сонымен бірге елдің 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын және мектептерді компьютерлендіруді жоспарлаған.

Басшының жұмыс кабинеті орналасқан қабатта ас ішу залы да орналасқан. Үстелде күн мен бүркіттің, Қазақстанның Мемлекеттік Туының элементтері бейнеленген ыдыс-аяқ, бокалдар тұр. Экскурсия жетекшісінің айтуына қарағанда, бұл заттар үстелді жабдықтаған кезде қолданылған екен. Сонымен қоса, бұл жерде Тәжікстан мен Түркменстанның мемлекет басшылар тарту еткен сыйлар, Қазақстан суретшілерінің картиналары қойылған.

Алауошақ (Каминный) залында Елбасы Ресей Федерациясының, Әзірбайжанның, Қытайдың, Біріккен Ұлыбритания Корольдігінің, Түркияның, Израильдің, АҚШ-тың және басқа республикалардың мемлекет басшыларын қарсы алып, бейресми кездесулер өткізген. Осы жерде бірнеше рет журналистермен кездесіп, баспасөз конференцияларын өткізген. Алауошақ залынан Қысқы баққа өтуге болады. Бұдан сәл әріректе ыңғайлы диван, шахмат пен домбыра қойылған демалыс бөлмесі орналасқан.

«Әлемде, резиденция-музейдің аналогы жоқ. Тек Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенконың қызмет істеп отырған резиденциясын айтпағанда» - дейді экскурсиялық қызмет көрсету басшысы Әсел Шоткина. Осы жерде Бавария герцогтары, курфюрстары мен корольдерінің Мюнхен резиденциясын еске алуға болады, бірақ, Елбасының тұңғыш резиденциясы ашылған сәтке дейін неміс резиденциясы Барлық Әулиелер Шіркеуінің қызметін атқарған, ал қазір Бавария ғылым академиясының қызметін атқарып тұр.

Бірақ та Виттельсбахтар әулетінің неміс тарихына әсер етуі Елбасының тұңғыш резиденциясының Тәуелсіз Қазақстан тарихына еткен әсерінің жартысына да жете қоймаған шығар, сірә.