Биыл Қазақстан қазақтың ататы жырауы, жыршысы, хан кеңесшісі Бұқар жыраудың 350 жылдығын атап өтті
Жырау хақында ел ішінде көп аңыз тараған, сондықтан да олардың қайсысы шын, қайсысы қиял екенін дөп басып айту қиын. Дегенмен осы ел аңыздары жыраудың қоршаған ортасы туралы көптеген мағлұмат бере алады. Оның өмірбаянына қатысты кейбір фактілер аңызға айналып кеткен. Оның шығармашылығының бағыт бастауын ерте бала кезінен табуға болады.
Бұқар жырау өмір бойы дінге сенген адам болған, басты діни догматтарға сәйкес ол жоғары моральдық заңдар бойынша әрекет етуге тырысқан. Ол бір Құдайға мадақ айтқан. Он жасында Бұқарадағы Күкелдеш медресесіне оқуға жіберіледі. Сол жерде-ақ ол өзінің құрдастарына тән емес ынта-жігер танытып, үздік оқушы саналған. Бала сол кезде осы ірі көпұлтты қалада тұрып жатқан ғалымдар мен қолөнершілерді бақылап, кемеңгерлікті бойына жинай береді.
Сонымен қатар Бұқар жырау Дамашықтағы жетекші оқу орындарының бірінде білім алған. Оны тәмамдағаннан кейін өзі де шәкірттерге қасиетті ілімді үйрете бастайды. Ол Қарнақтағы медреседе сабақ берген – бұл Түркістаннан алыс емес жерде орналасқан қала. Дегенмен, діни құндылықтарды тәрбиелеу мен білім беруде ол ортодоксалдық бағытты қолдамаған.
Бұқар жырау шәкірттерінің шариғатты терең танып-білулерін қалаған, сол үшін ол шариғат заңдарын қазақ жырлары арқылы үйреткен. Бұқар жырау жаңашыл болудан қорықпаған. Мысалы ол заңнама туралы ілім, жекеменшік құқық туралы ілім, дамыған әдістеменің көмегімен араб грамматикасын енгізу туралы шешім жасап, жаңа бағдарламалар енгізген, логика мен шешендік өнерді дамытқан.
Бірақ, Бұқар жыраудың аты білім берудегі инновациялық тәсілдерімен шыққан жоқ. Ол Тәуке ханның тұсындағы беделді би болған. Бұқар жырау мемлекеттік істерде маңызды рөл ойнап, би ретінде мәселелерді шешіп қана қойған жоқ – сүйікті ұлынан айырылған кезде Тәуке ханға басу айта алған аз адамның бірі. Аштықтан әлсіреген ханның басын көтеріп, өз қолымен тамақ берген. Бұқар жырау өзіне Алланың ғана билігі жүретінін мойындап, басқа ештеңеден қорықпастан, өз билеушісінің қателіктерін көрсетіп отырған.
Бұқар жырау Абылай ханның ең жақын үзеңгілесі әрі кеңесшісі болған. Ішкі алауыздықтан жоңғарларға қарсы тұру қиындай түскен сәтте жыраудық кеңестері мен бірігуге шақырған үндеулері, әсіресе, маңызды болды. Бұқар жырау бұрынғы өкпе-ренішті ұмытып, ортақ жауға қарсы бірігуге шақырған. Ол болашақты болжап, аяндарды жори білген деп те айтады.
Мысалы, ол ханға жорыққа қолайлы уақытты, сәтті бағдарларды болжап, оның түсін жори білген. Абылай хан жырауды құрметтеп, оның айтқандарына құлақасқан, тіпті, оның болжау қабілетінен қорыққан да болуы керек. Бұқар жырау тауып айтқан сөзімен ханның орынсыз ашуын басып, оны ойланбай жасалған әрекеттерден сақтандыра алған.
Ей, Абылай, Абылай!
Жұлдызың туды оңыңнан,
Жан біткен ерді соңыңнан.
Он сан Алаш баласын
Жусатып қойдай өргіздін,
Жұмсап жүрсің қолыңнан.
Бұқар жыраудың жырлары мен өнегелі сөздері ауыздан-ауызға тараған. Оның шығармалары немересі Құрманбайдың айтуымен қағаз бетіне алғаш 1880 жылы түсірілген, Құрманбай атасының шығармашылық мұрасын таратуға көп уақыты мен күшін жұмсаған.