Зауыт ішіндегі зұлмат
30.05.2017 1912
Үлкен ашаршылық жылдары Семейдегі Трапезников тері зауытындағы адам айтқысыз жағдайлар көрінісі архивтік құжаттарда сақталған

1932 жылдың 16 мамырында Трапезников тері зауытында қоныс аударушыларға тексеру жұмыстары жүргізілді.

Зауыт территориясына кіре біргеннен байқалатыны өнеркәсіп ешқандай жел, жаңбырдан қорғанышсыз, ашық аспан астында жайылымдық жерде орналасқан. Оның үстіне жер өте ылғал.

Қоныстанушылардың жағдайы өте ауыр, киім-кешек пен төсекжайлар мүлдем жоқ. Қал-жағдайларының ауырлығы соншалық орындарынан тұрғызу мүмкін емес және ең ауыры үлкендер ғана емес балалар да бар, оның ішінде кішкентай балалар көп. Қоныс аударушылардың тұрғынжайы мен шатырларын қарай келе байқағанымыз, шамадан тыс адамдар бір жерге тығылысып жайғасқан, аурушаң адамдардың бәріне бірдей көмек көрсететін арнайы бөлменің мүмкіндігі жетпейді. Тұрғынжайлар өте лас, гигиеналық ереже мүлдем сақталмаған. Аралап шығу нәтижесінде анықталғаны 20 ауру адам, оның 2-і мүлде үміт үзген, қалғаны емдеу мекемесінде орналасқан, олардың арасында тағы 2-і бөртпе сүзек ауруымен тіркелді.

Түйіндей айтқанда Трапезников зауытында қалыпты медициналық бақылау жоқ, соның кесірінен ауру адамдардың саны еселеп артқан. Аталған жағдайда қоныстанушыларға медициналық көмек кездейсоқ немесе өте ауыр жағдайда ғана көрсетілген, бұл өз кезегінде зардаптар әкеліп отыр. Оның үстіне зауытта залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмеген, бұл адамдар арасында түрлі жұқпалы аурулардың таралуына себеп болды. Қоныс аударушылардың тексеру барысындағы саны – 630. Тамақтандыру дұрыс жолға қойылмаған, ыстық тамақтың берілмеуі үйреншікті іске айналған. Жергілікті асхана адамдардың аспен қамту мүмкіндігі жоқ және оны шешу жолдары қарастырылмаған. Нанның өзі бір-екі күнде ғана жеткізіліп отырған. Осы мәселелердің барлығы адамдардың аштық пен ауруға ұшырауына тікелей себеп.

Ендігі жерде нақты көмек көрсету үшін алдымен:

1. Көптеген шатырлар қажет оларды таза, құрғақ жерлерге орналастырған жөн, сонда қалған адамдарды таза, кең жерге жайғастыру мүмкіндігі туады;

2. Уақытша асхана ұйымдастырып, тамақты сол жерде әзірлеу. Және нанды уақытында жеткізу;

3. Қоныстанушыларға және жаңадан келіп түскендерге қажетті медициналық көмек көрсететін мед.қызметкерлер мен қажетті құрал-саймандардың болуы;

4. Бір немесе екі сауатты адамды қоныс аударушылар алаңына іссапарға жіберіп, олармен жұмыс жасап, тіркеу, үлкендер мен балалардың санын анықтау, олардың қай ауданнан екенін, құжат мәселелерін реттеп және сол адамдармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қолға алу;

5. Денсаулық жағдайы нашар адамдарды арнайы изоляторға жіберу, оларды сау адамдардан аулақ ұстап, қажетті көмек көрсету;

6. Жұмысқа еңбекке жарамды деп танылғандарды алдын ала арнайы тексерістен өткізіп, олай болмаған жағдайда науқас адамды жұмысқа жібергеннен нәтиже болмайды, керісінше адамнан айрыламыз және уақыт пен жұмыс тоқтап қалады;

7. Трапезников зауытында арнайы лагерь құру оның мақсаты сол жерде қоныс аударушылардың жалпы жағдайын қадағалаумен қатар, олардың еңбекке жарамдыларын анықтау, жарамсыздарын изоляторлық орталыққа жіберіп тіркеуге алу;

8. Бұл жердегі біраз адамдар жалаңаш жүргендіктен, тез арада киім-кешек пен төсек орынмен қамтамасыз ету.

17 мамырдағы Казначейский көшесіндегі тексеріс нәтижесімен таныстырар болсақ, 76 ауыр хәлдегі қоныс аударушылар бар. Орналасқан қоныстарында есік жоқ, онысымен қоймай адамдардың дәретке шығатын да жері жоқ. Тұрғын жай лас және суық. Көп адамдар еш төсеусіз жерге, тіпті дәліздерге жайғасқан. Төсек жай мүлдем жоқ деп айтуға болады, бірер кереуетте төсеулер бар оның өзі толық емес.

Ең қиыны олардың түзеліп кету мүмкіндігінің аздығы, себебі сондай ауыр хәлге шыдамай күніне 3-4 адам қайтыс болуда

Көмек көрсететін қызметкерлер саны жетіспейді, ал өздерінің мүмкіндігі жоқ, содан да келіп ауыртпалық еселене түсуде. Тамақтандыру мәселесі жоғарыда айтылғандай сол жетіспеушілік, уақытында келмеуі т.б. Ең аяғы қайнатылған су ішейін десе ағашта жоқ. Біз болған 5 күннің ішінде бірде-бір медициналық көмек көрсетілген жоқ, медбикелер жоқ немесе жетіспейді.

№7 мектеп. Мектеп пен оның маңайына 1762 адам орналасқан. Бұл жердегі адамдардың жағдайының да басқа жердегіден еш айырмашылығы жоқ, сол жоқшылық, ашаршылық. Кейбіреулері тіпті көшеде жатыр. Дәл қазіргі таңда ауа-райы да мәз емес суық әрі жаңбырлы. Әсіресе аш-жалаңаш балаларға қиын болды. Ереже бойынша жүргізілетін санақ жасалмағандықтан, не балалардың саны, не олар туралы мәліметтер жоқ. Тағы бір мәселе жергілікті тұрғындар сырттан келуші қоныс аударушыларға күш көрсетіп, тамақтарын тартып жейтін жағдайларда кездеседі.

Осындай көрсеткіштерден кейін аштықтан өлушілердің саны 3-4-тен күніне 9-10-ға дейін жетіп отыр. Біз болған 10 күн ішінде бірде-бір санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілмеді, себеп жағатын ағаштың жоқтығы бұл коменданттың айтуы.

Оның үстіне дезинфекция жасайтын құрылғылары толыққанды жұмыс жасамайды. Бұдан түйетін ой санитарлық тазалық сақталмаған, яғни адамдар арасында ауру мен өлімнің көбеюіне себеп тек ашаршылық емес одан бөлек тазалықтың болмауы, түрлі аурулардың үсті-үстіне қосылып көбеюі де, оның арты өлімге апаруы осыдан туындайды.

Облыстық милицияға қарама-қарсы орналасқан балалар изоляторы қажетті құрал-жабдықпен қамтылмаған. Тазалық сақталмаған, жатын төсек жай жоқ, тамақ тағы жоқ. Көбісі балалар. Штатта қажетті маман жетіспейді, медициналық норматив сақталмаған, бұдан әрі осылай болса жағдай одан әрмен ушығады, бұлай жалғаспауы тиіс.

Көрші орналасқан милициялардың қызметіне келсек, олар өз міндеттерін білуі тиіс және оны мүлтіксіз атқаруға міндетті.

Бұлай айту себебіміз 17 мамыр күні сағат 11-де көшеде аштықтан әлсіреп жатқан, қазақ азаматына шара қабылдауын өтіндім. Нәтижесінде милиция әлсіз адамды алып, жақын жердегі сарайға тастай салды, ал ол жерде қайтыс болған адамдардың сүйектері жатыр, тірі адамды солай тастай салуды қалай түсінуге болады?

Милицияның мұндай әрекет жасауын қылмыс деп білемін, санаулы сағаттардан соң әлгі қазақтың өлім алдындағы хәлде жатқанын байқадым.

Жоғарыда айтылған кемшіліктерді жойып, қажетті шараны қолға алу үшін алдымен жауапты тұлғалардан бастау қажет. Және қоныстанушылармен жүргізілген жұмыстарды қадағалайтын комиссия құру керек. Сонымен қатар бейберекетсіздік орын алмау үшін жауапты тұлғалардың нақты міндетін көрсететін нұсқаулық болуы тиіс. Әр тоқсан сайын есеп беріліп отырсын.

Дәл қазір қауырт түрде қалған қоныстанушыларды құтқарып қалуымыз тиіс, бірінші қолға алатын іс оларды жуындыру, одан соң тамақтандыру, одан әрі қажетті медициналық қызметті көрсету, жалпы қызмет көрсетуге тәжірибелі қазақтарды жіберуді сұраймын.

Милицияға қарсы қылмыстық іс қоуғауды талап етемін. Штатты кеңейтуді, изолятордағы балалар жағдайын қалыпта ұстап, қажет жағдайда заңсыз шараларды қолдануды ең бастысы адамдарды аман алып қалу қажет. Әсіресе күз бен қыста сақ болған жөн тағы бір маңыздысы адамдар, балалар арасында жұқпалы аурудың одан әрі тарауына жол бермеу.

 ШҚО санитарлық инспекторы Сейітовтің баяндасынан, 1932 жыл, 16 мамыр. Семей қаласы

Архивтік құжат ҚР Ұлттық мұрағатына тиесілі