ЛАБАБАС еңбекпен түзеу лагерьлеріндегі тұтқындар еңбегін пайдалану
20.12.2020 1236

Соғыс алдындағы жылдары ЛАБАБАС жүйесінде Главпромстрой, Главспецстрой, ГУЖДС, ГУШОСДОР, Дальстрой, Главспеццветмет, Главасбест, Главслюда, Главспецлес әрекет ете бастады. Мамандандырылған басқармалардың көбі және төменгі бөлімшелері құрылыс, шахта және кәсіпорындар тұрғысында ұйымдастырылушылық қүрылымы жағынан салалық министрліктердің ұқсас звеноларынан еш айырмашылығы болмады, олардың құрылуы салалық министрліктерден олардың ведомство қарауындағы және оның шаруашылықтарына қоса тиісті Бас басқармаға беру жолымен жүрілген болатын.


Мысал үшін, Түсті металлургия халық комиссариаты Главзолотоны беру арқылы, КСРО ІІХК Главцветмет қайта құрылымдалған болатын. [1] Ұйымдастырушылық құрылымдардың айырмашылығы нысанға тек тұтқындардан шыққан жұмыс күшін пайдалануда ғана еді. Сондықтан да, іс жүзіндегі өндірістік-техникалық желілік және функционалдық басқару қызметкерлерге тұтқындарды күзетуге, олармен мәдени-бұқаралық жұмыстар өткізуге, материалдық және коммуналдық көтерме қамтамасыз етуге арналган режимдік және басқа да арнайы талаптарды орындау бағытындағы қызмет қосылды. Барлық басқару звеноларында жоғарыдан төмен қарай бірегей басқарушылық байқалды. 

Кез-келген деңгейдегі құрылымдық бөлік басшысы өндірістің жұмыс көрсеткіштеріне және лагерьлік сектордың қалыпты жұмыс істеуіне кез келген деңгейде жауапкершілік жүктеді. Сондықтан да, мысалы Ухта-Печроск тресінің басшысы бір мезгілде лагерь басшысы қызметін де атқарды. Іс-әрекеттің негізгі бағыты бойынша ол өндіріс, лагерь және әскерилендірілген күзет жөніндегі орынбасар ретінде есептелді. Соғыс қарсаңындағы жылдары еңбекпен түзеу лагерьлері, адам шығынының үлкен көлеміне қарамастан (аштық, ауру, лагерьлік қарақшылық, өндірістік жарақат) елдің қорғаныс қабілетін нығайту үшін аса қажет болған көптеген маңызды өндіріс-шаруашылық міндеттерді орындап орындай алды.

Ұлы Отан соғысы басталысымен, жазасын өтеу орындарының өндірістік базасы да, елдің барша экономикасы сияқты, мемлекеттік қорғанысқа жұмылдырылды. Әскери қимылдар аумағында орналасқан, ІІХК лагерьлерінің азық түліктік және материалдық ресурсы тұтқындарынан тұратын жұмыс күші Қорғаныс Халық Комитеті Қорғаныс жұмыстары басқармасынның қарамағына берілді. Әскери командованиенің талап етуі бойынша қорғаныс жұмыстарына Вычегорск және Беломор-Байкал лагерьлері тартылып, Карель мен Солтүстік фронттың қорғаныс құрылыстарын қамтамасыз етті. Қорғаныс жұмыстарына, сонымен қатар елдің ішкі өңірлеріне көшіру тәртібімен жіберілген тұтқындар да қатысты. Осы қажеттер үшін ЛАБАБАС-қа 200 мың адамды жөнелтті [2]. Соғыстың алғашқы айларында КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі ЛАБАБАС үшін терең тылдағы алғашқы кезектегі қорғаныстық маңыздағы нысандардың тізбесін әзірлеуі, біршама тұтқындардың орын ауыстыруына әсер етті. Алайда ЕТЛ, колониялар мен жөнелту лагерьлерінің басшылығы, мүмкіндікті пайлаланып, ең алдымен мүгедектер мен еңбекке жарамсыздардан құтылуға асықты. Контиигентті таңдаудағы мұндай амал, маршруттық эшалондардың дұрыс дайындалмауы баратын жерге жеткенге дейінгі тұтқындар өлімінің артуына әкеліп соқты. Толыққанды жұмыс күшіне зәру мұндай маңызды құрылысты салу аса күрделі жағдайларға тіреліп отырды. Этапталғандарды зерттеу материалдары тиісті лауазым иелері тарапынан тек қана жауапкершіліксіздік қана емес, қылмыстық қарым-қатынастарды айқындады. ЛАБАБАС-тың арнайы тапсырмасы бойынша Челябі облысында қорғаныс зауытын салу үшін Армян ССР-і ЕТЛБ жөнелгкен тұтқындардың 8 пайызы жолда өлген. Тірі жеткендердің арасында 25 пайызы біреудің көмегінсіз қозғала алмайтын дәрежеде болды [3]. Тек ЛАБАБАС-тың батыл араласуының арқасында ғана жағдайды оңтайлы жағына қарай өзгерте алды. 

Мұрағат материалдары көрсеткеніндей, тұтқындардың елеулі бөлігінің орын алмастыруы контингенттің денелей әл-қуатының әлсіреуіне әкеп соқты, бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалмауына тікелей әсерін тигізді, мысалы, Свободнинск ЕТЛ-індегі жалпы саны 14494 тұтқынның 1942 жылдың ақпан айы бойынша жағдайы мынадай болды: ауыр жұмысқа - 1142, орташа ауырлықтағы жұмысқа - 1406, жеңіл жұмыстарга 2124 жарамды болса, нормадан төмен жұмыстарға жарамды мүгедектер - 4035, еңбекке жарамсыз мүгедектер 6331 адам болды[4].Жаңадан ашылған барлық өзге лагерьлердегі жағдай да осыған ұқсас болды.1942 жылдың наурызында тұтқындарды медиңиналық көрсеткіштер: тойып тамақтанбаудан әлі жылдам құру (қалжырау); ұзақ айдау; ауыр науқасқа ұшырау; ауруханалық емдеуді қажет етпейтін, бірақ еңбек қабілетіне қайта келу үшін екі аптадан бір айға дейін тынығуды қажет ететіндер; өткір ауруларды, қырқұлақпен ауырғандарды, операция жасалғандарды бағыттауға арналған, профилактикалық пункттер кұру туралы нұсқау берілді. Соғыс уақытында көптеген жазасын өтеу кәсіпорындары фронтқа арналған өнімдерді өндіруге көшірілді, ал келесілері әскери өнеркәсіп жұмысына қажетті, халық шаруашылығын шикізатпен және материалдармен қамтамасыз етуге арналған маңызды тапсырмалар алды. Еңбекпен түзеу лагерьлеріне қысқа мерзімде қару-жарақтар корпусын - бомбалар, снарядтар, миналар және басқа да әскери техникаларды өндіруді игеру жүктелді. Инженерлік-техникалық жұмыскерлер мен жұмыстағы жаңашылдықтың кемдігіне қарамастан,әскери техникаларды игеру қысқа мерзімде, бейбіт уақытпен салыстырғанда, тіпті қорғаныс кәсіпорындардың мамандандырылған зауыттарының өзінен жылдам аяқталып отырды. Еңбекпен түзеу мекемелері кәсіпорындарының ортасында профильдік ұқсастық бойынша, шығармашылық және техникалық өзара әрекет ұйымдастырылып, тәжірибе алмасылды. 

Жұмыстың барынша күрделі кезеңінде, немесе технологиялық сұрақтар шешімін таппаған кездерде, инженерлік- техникалық жұмыскерлер мен әкімшілік-басқару қызметкерлері кәсіпорынды неше тәуліктер бойы тастап кетпеуге мәжбүр болды. Аса ауыр жұмыс жағдайына қарамастан, еркін жалдамалы жұмысшылар мен тұтқындар арасында еңбек өнімділігін арттыруға деғен көңіл-күй билік құрды. Еңбекпен түзеу мекемелеріне жүктелген әскери өнімдер мен форнтқа арналған түрлі бұйымдарды өндіру көптеғен жағдайларда ЕТУ қарамағына әскери техникаларды өндіруге қабілетсіз азаматтық кәсіпорындарды беру жолымен жүрілді. Ішінара, ондай міндет көбінесе балық аулау кәсіпшшігімен шұғылданып келген Владивосток ЕТЛ-іне жүктелді, 1941 жылдың 2 шілдесінде, лагерь басшылығының алдына өзінде бар өндірістік алаңында салыстырмалы түрде күрделі емес өнім - жарықшақты авиациялық бомбалардың корпусын өндіруге бейімделу тапсырылды. Лагерь қызметкерлерінің қауырт жұмысы, Қиыр Шығыс зауыттарының шефтік көмегі осы тапсырманы алғаннан кейін екі айдан соң-ақ игеруге мүмкіндік туғызып, еңбекпен түзеу лагері өнім артқан алғашқы вагондарды жөнелтті. 1941 жылдың қыркүйегінде лагерь миналар корпусын өңдіруге көшті. Бұл өнімді өндіруді игеру үшін бомба корпусын өндіргендей, жөндеу шеберханасы емес, мамандандырылған машина жасау зауытының жағдайлары қажет болды. Өндіріс қоластына құрылысы толық аяқталмаған Уссурийск қаласындағы ткан ісін өндіру фабрикасы ғимараты берілді. Лагерьлер мен колониялардың өндіріс-шаруашылық іс-әрекеттерін белсенділендіру бойынша ЛАБАБАС қабылдаған шаралар 1943 жылы өндірістік жоспарды 104 пайызға орындауға мүмкіндік берді. 

1942 жылмен салыстырғанда, еңбек өнімділігі 8 пайызға өсті. Төленетін жұмыс қорытындысы жоспарлы көрсеткіштен асты және 84 пайызды құрады. Қорғаныс өнімдерінің үлестік салмағы біршама ұлғайды. 82 мм-лік миналар бойынша қару-жарақтар өндіру екі есе, 120 мм-лік мина бойынша бес есе өсті. ӨнімнІң өзіндік қүны жоспар бойынша 8,5-ке қарама-қарсы, 12,5 пайызға төмендеді. [5] Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ЛАБАБАС жұмыстарының қорытындысы 1946 жылғы Республикалар Ішкі істер министрлері мен өлкелер мен облыстар ІІБ басшыларының кеңесінде шығарылды. КСРО Ішкі істер министрі С.Н.Крутловтың есептік баяндамасында, соғыс жылдарында соғысқа дейінгі кезеңге қарағанда тұтқындар санының азайғанына қарамастан, өндірістік-шаруашылық іс-әрекеттерде ірі нәтижелерге қол жеткізілгендігі атап өтілді.Соғыс жылдарында ІІХК күрделі құрылыс жалпы көлемінің 17 миллиард сомға тең 13,7 пайызын өндірді. Ол алтын өндіру, платина, қорғасын, никель шығаруда жетекші орындарға ие болды. Вольфрам, молибден, сирек металдар, мыс, никель, қорғасын өндіру бойынша қуатты өндірістер салынды. Темір жолдар (Печорская - 1560 км, Сорока-Обозерная-3 5 3 км, Волжская-932 км, Комсомольск-Совғавань - 434 км) және 4000км тасжолдар салынды. Орман ЕТЛ-дері жыл сайын 40 маршрут бойынша әрқайсысында 50 вағоннан жөнелтіп отырды. [6] Гитлершіл Германиямен соғыс аяқталған соң, КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1945 жылғы 7 шілдедегі «Амнистия туралы» Жарлығы негізінде лагерьлермен колониялардан 301460 адам босатылды, [7] бұл 1945 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жалпы сотталғандардың шамамен 20 пайызын құрады, кейбір өңірлер, әсіресе колониялар үщін босатудың маңызды қаупі де болды. Мысал үшін, Қазақ ССР ЕТЛК-лерінен 15217 адам және тағы 3963 адам медиңиналық көрсеткіштері бойынша босатылды. 1945 жылдың соңына қарай осының нәтижесінде, колония саны 53-тен 22-ге азайды. [8] Қараганды ЕТК ерекше қиын жағдайда қалды, яғни амнистияға дейін мүнда 58179 адам болды. Мүндағы контингенттің 20 пайызы айдап жүрушілер ретінде пайдаланылды және олардың барлығы бірдей амнистия бойынша босатылуы өндірістік- шаруашылықтық сипатқа мейлінше әсер етті. [9]

Қолданылған әдебиеттер:

1.       Архив МВД Казахской ССР. Ф.23, ОпЛ. Д.2, Л.19.

2.       Архив МВД Киргизской ССР. Ф 22. Оп.4. Д.5. Л,22.

3.       Архив МВД Киргизской ССР» Ф.22 Оп.4. Д,5. Л.264.

4.       Директива НКВД СССР№ 1231416-1942 г.

5.       Архив МВД Киргизской ССР. Ф.22. Оп. 17. Д. 1. ЛЛ. 4,13,29.

6.       Там же. Д.64. Л, 15.

7.         Там же. Д.64.Л.218.

8.       Архив МВД Казахской ССР. Ф.23, 0п,21, Д.7.Л.32.

9.       Там же ОП.32. Д.10. Л.65.

Ахметов Ә Қ. «Арна» Көкшетау жоғары колледжі