Зарина Забкенқызы әкесімен бірге СҚО-ндағы Есіл ауданының тирихи-өлкетану мұражайына барып қайтты. Мұнда Кеңес Одағының батыры Тимофей Позолотиннің жеке заттары сақталуда.
Туған қалам Петропавл... Таныс көшелер... Көше атауларының барлығының өз тарихы бар. Мен Кеңес Одағының батыры, жерлесім Тимофей Семенович Позолотин атындағы көшедегі үйде дүниеге келгенмін. Балалық шағымда «Позолотин деген кім?», — деп әкемнен сұрадым. Ол Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл ауданының Явленка ауылында дүниеге келген Батыр екен және әкем оның жасаған ерлігі туралы айтып берді.
Тимофей Позолотин 17 гвардиялық танк полкінің подполковнигі. 1942 жылдың желтоқсанында жаудың тылына өтіп, немістердің бір бөлігін және румын әскерилердің бөлігін талқандады. Полк он мыңға жуық қатардағы сарбаздар және офицерлердің көзін жойып, қалған жауынгерлерді тұтқынға алды. 1942 жылдың 26 желтоқсанында Тимофей Семеновичке Кеңес Одағының Батыры және полковник деген атақ берілді.
Есіл ауданының тарихи-өлкетану мұражайында Тимофей Сергеевичтің майданнан жазған хаттары сақталуда. Жесір қалған әйелі Галина Гавриловна Бойченко оларды явлендік өлкетанушы Михаил Ключеровға берді. Осылай, ардагердің хаттары Ключеровтың «Фроновые письма» жинағына еніп, жергілікті мұражайдың қорына берілді.
Әкемнің ұсынысымен, Явленкадағы музейге барып, Батырдың жеке заттарын және хаттарын, майдангер тұрған үйді өз көзімізбен көріп қайттық.
Музей директоры Галина Владимировна Попова бізді жылы қарсы алды. Ол Тимофей Позолотиннің өмірі туралы әңгімелеп, мұражайдың негізін қалаған Михаил Петрович Ключеровпен таныстырды.
Михаил Петрович батырдың жесірімен хаталмасып, подполковник туралы естеліктер жинаған. Ол Тимофей Семеновичтің балалық шағы туралы баяндады. Біздің түсінуімше, батыр — байсалды офицер.Әйтсе де, туған жиеніне арнап ауылда тұңғыш велосипед құрастырғанын білдім. Ән айтып, би билеп, спортпен шұғылданған екен. Бастамашыл болыпты.
Галина Владимировна Т. Позолотиннің жеке погонымен әскери пилоткасын бізге көрсетті.
Майдангердің хаттарын оқып отырып, Тимофей Позолотиннің ерлігіне
қайран қалдым. Отансүйгіштік сезімінің шынайылығы айдан анық. Сонымен бірге, хаттары мейірімділікке, махаббатқа толы: «Сүйкімді Галчонок, сенің хаттарың және ашық хатың қолыма түскенде, қалай қуанатынымды жай сөздермен жеткізе алмаймын». Позолотин соғыс жолында ерлікпен ұзақ жүрді. Алайда, алған жарақаттарына қарамай, майдан даласында шайқасты.
Михаил Петровичтің әңгімелерінен Тимофей Позолотиннің артында ұрпақ қалмағанын білдім. Қызы Оля эвакуация кезінде қаза тапты. Ардагер ұлынан да айырылып қалды.
Соғыс — жер бетіндегі ең қорқынышты, қатал сөз. Ол адамдарға қайғы-қасірет алып келіп, армандардың орындалуына жол бермей, талай тағдырды талқандады. Осындай апаттың қайталанбауы үшін мұны жете түсінуіміз керек. Менің ойымша, біз Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдардың алдында қарыздарымыз еді. Жауынгерлер Отанымыз үшін от кешті.
«... Мен өз өмірімді құр бекер қор етпеймін. Шайқастағы менің өлімім жүздеген адамдарымыздың (балаларымыз және сенің де) еркін, бақытты өмір сүруіңді қамтамасыз етеді...», — деп жазды өз әйеліне Позолотин.
1943 жылдың 9 қыркүйегінде Полтавщина аумағындағы Бабанское жерінде ерлікпен қаза тапты. Марқұмның денесі салынған табыт Мәскеуге жеткізіліп, Новодевичье зиратында жерленді.
Тимофей Позолотиннің өмірінің құны — біздің бақытты болашағымыз, соғыстың және қорқыныштың не екендігін білмей, арман қуып, оқып, қуанып жүру. Сондықтан да Ұлы Отан соғысында біздің бостандығымызды қорғаған жауынгерлерді жоғары бағалауымыз керек.
Бауыржан Момышұлы, Нұркен Әбдіров, Сергей Гуденко, Талғат Бигелдинов, Иван Павлов, Сұлтан Баймағамбетов және басқа батырларымыз туып-өскен елде өмір сүргенімен мақтанамын!
Өз халқымыздың, қаламыздың, көшеміздің тарихын есте сақтауымыз керек! Жер бетінде бейбітшілік болсын!
Фотоальбом
Зарина Забкенқызы,
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласындағы
Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің
7-сынып оқушысы