Бүгінгі оқытушылар дәстүрлі түрде өткізілетін баяндамалық дәрістен - конспект жаздырудан арылулары қажет
12.10.2013 1890
Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Ардақ Нұрмұхамбетовтің пайымдауынша, бүгінгі оқытушылар дәстүрлі түрде өткізілетін баяндамалық дәрістен - конспект жаздырудан арылулары қажет.

Дәстүрлі баяндамалық дәріс көп жағдайда студенттердің белсенділіктерін төмендетеді. Бұл туралы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университінде «Қазақстан тарихы пәнін оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану жолдары» деген тақырыпта әдістемелік семинарда айтылды.

Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Ардақ Нұрмұхамбетовтің пайымдауынша, бүгінгі оқытушылар дәстүрлі түрде өткізілетін баяндамалық дәрістен - конспект жаздырудан арылулары қажет. Оның орнына сабақ жүргізудің дәстүрлі емес түрлерін, диалогтық, пікірталас, сұхбат, слайд жасау, театрландырылған көрініс түрінде өтетін дәрістерді, бүгінгі заманға сай осы сынды сабақтарды, Роджерс бойынша «еркін» оқу тәсілін енгізу қажет. Ол студенттің бойындағы ізденісті, белсенділікті арттырып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырып, шешім шығару қасиетін қалыптастырады, сондай-ақ еркін талдауға үйретеді.

«Біз Кеңестік жүйеден қалған теориялық сабақтарды азайтып, оның орнына практикалық жұмыстарды көбейтуіміз керек. Бұл тәжірибе дамыған елдердің барлық ЖОО-да қалыптасқан. Тағы бір айтарым, біз студенттеріміздің арасында ауызша сөйлеу жұмыстарын арттыруымыз қажет», - дейді Білім басқармасының қалалық әдістемелік кабинетінің әдіскері, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының доценті, тарих ғылымының кандидаты Қайыркен Құнапина.

Дерек көз: inform.kz