БҚО-да Бөкей Ордасының ескерткіштері сақталған
08.10.2013 2780
Бөкей Ордасы кезіндегі тарихи-мәдени ескерткіштер Батыс Қазақстан облысының аумағында сақталған.

Бөкей Ордасы кезіндегі тарихи-мәдени ескерткіштер Батыс Қазақстан облысының аумағында сақталған. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында БҚО тарихи-мәдени мұрасын сақтау жөніндегі мемлекеттік инспекция басшысы Нарынбек Мамаев мәлім етті.

«Бөкей Ордасының ескерткіштері Батыс Қазақстан облысында орналасқан. Оның тарихи мәні ауылда, яғни күні бүгінге дейін жеткен Бөкей хан мен Жәңгір хан кезіндегі хан ордасын ақтауда жатыр. 19 ғасырда салынған құрылыс нысандары тап осы ауылда сақталғанын атап өту керек», - деді Н.Мамаев. 

Оның айтуынша, мемлекет ағаш өңдеу өнері дамыған дәуірден күні бүгінге дейін жеткен ескерткіштерді сақтауға көп мән беруде. «Қазір көптеген нысандар қайта қалпына келтіріліп жатыр. Мемлекет бөлген қаражат есебінен шығыс бөлігі ғана қалған хан ордасы қалпына келтірілді. Қазір Алматыдан келген мамандардың арқасында орданың батыс және орталық бөлігі де жөнделді. Сондай-ақ хан дәрігерінің ғимараты, әйелдер гимназиясы, қазынашылық пен хан мешіті, бірінші баспахана да қалпына келтірілді», - деп әңгімеледі Н.Мамаев. 

Ол Жәңгір хан тұсында салынған ағаш үйлер де күрделі жөндеуден өткендігін тілге тиек етті. 

Дерек көз: bnews.kz