Қазақстан тарихы бойынша жаңа материалдар мен жәдігерлер таныстырылды
26.09.2013 3547
Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының ІІІ отырысында жаңа мұрағат материалдары мен жәдігерлерін таныстырды.

М.Тәжиннің төрағалығымен өткен Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының ІІІ отырысында Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі М.Әбусейітова жаңа мұрағат материалдары мен жәдігерлерін таныстырды.

Ақ-сары түсті граниттен сомдалған қағанның тас мүсіні. VII ғ. Қағанның барлық билік атрибуттары бейнеленген: шапаны, бөркі, кемер белбеуі, оң қолында ыдыс ұстаған. Моңғолия, Арханғай аймағы, Шивээт толгой.

Қолдарына найза және қоңырау ұстаған ежелгі түркі жауынгерлері. Петроглифтер. VII-IX ғғ. Моңғолия, Ховда аймағы, Зостын Хархад.

Түркі қолбасшысы Қара-Шорға арналған ескерткіш (795 ж.), ҚХР, Сиань.

Түркеш ханзадасына арналған стела (766 ж.), ҚХР, Сиань.

Қытайда табылған ежелгі несториандық ескерткіштер (781 ж.). Ескерткіштерде сирия және қытай тілдерінде жазулар жазылған. ҚХР, Сиань.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның тарихы мен мәдениеті бойынша жаңа мұрағат материалдарын анықтау үшін «Халық тарих толқынында» бағдарламасының аясында Иран, Үндістан, Қытай, Мысыр, Түркия, Моңғолия, Ұлыбритания, Германия, Өзбекстан, Ресей елдерінің қорларына ғылыми іссапарлар ұйымдастырылған болатын.

Ақпарат көзі: http://ortcom.kz