Мемлекет басшысы белгілі археолог Зайнолла Самашевты қабылдады
14.08.2019 1712
Зайнолла Самашев – отандық археологияның ең белді өкілі ретінде шетелдік ғылыми қауымға өте танымал тұлға

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан ғылымының кейбір мәселелері, соның ішінде соңғы жылдары ашылып жатқан ғылыми жаңалықтар, археологиялық зерттеулер, мамандар даярлау жұмысы жөнінде мәлімет берілді.

Оқыңыз: Археология заңғары

Сонымен қатар, Зайнолла Самашев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шығыс Қазақстан облысындағы сақ дәуірінің алғашқы кезеңіне жататын қоныстардағы қазба жұмыстары, Берел қорғанындағы археологиялық зерттеулердің қорытындысы және шетелдік ғалымдармен әріптестік туралы айтып берді.

Мемлекет басшысы тарихи зерттеулердің маңыздылығына тоқталып, соңғы жылдары отандық археология саласында белгілі болған тың деректерді Қазақстанның ежелгі, ортағасырдағы тарихының жылнамасына енгізу қажеттілігін атап өтті.