«Ерлікке тағзым»
14.02.2019 2109
Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2019 жылды жастар жылы деп жариялауына байланысты жастардың патриоттық рухын тәрбиелеу мақсатында

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай өткізілетін «Ерлікке тағзым» панельдік дискуссиясы өтті.

Ұйымдастырылған шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев және Тимощенко Юрий Евгениевич, Ауған соғысының ардагерлері, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің курсанттары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері, т.б. қонақтар қатысты.

Ең алдымен қонақтар Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеу барысында қаза болған қаншама жас жауынгерлерді және кеше дүниеден өткен, Ауған соғысының ардагері, аты аңызға айналған, жау жүрек, ерлігі жұртқа кең таралып, Қара майор деген атпен ел есінде қалған Керімбаев Борис Төкенұлын орындарынан тұрып еске алды. Көрермендер назарына "Ауған соғысы" деректі фильмі ұсынылды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Тимощенко Юрий Евгениевич сөз сөйлегеннен кейін, панельдік дискуссия өз жалғасын тапты.

Панельдік дискуссияны Қазақстан Ұлттық архивінің директоры, Ауған соғысының ардагері Махашов Жангелді Меңлібайұлы жүргізді, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, Әскери қайраткер, генерал-майор Халықов Дамир Қасымбекұлы, Астана қаласы «Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Кенжебеков Мүбәракұлы, «Түркістан қаласы Ауған соғысы ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қожабаев Әзімбай Тұрғанбайұлы, Целиноград ауданы Ақмол ауылдық округінің әкімі, Ауған соғысының ардагері Дүйсекеев Жанат Төлеуұлы Ауған соғысының ардагерлері сұрапыл жылдардағы өздерінің естеліктерімен бөлісті және көрме залындағы жас буынның сұрақтарына жауап берді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2 курс студенті Алишер Алдоңғаров ортаға шығып, өзінің "Батыр ағалардың ерлігі ұрпақтарға тағлым мен тағзым" атты баяндамасын оқыды.

Панельдік дискуссия аяқталған соң, жастар және архив қызметкерлері келген арнайы қонақтармен естелік суретке түсті және Ауған соғысы ардагерлерінің жеке қорларынан алынған (хаттар, фотосуреттер, марапаттары, кітаптар, т.б.) құжаттық көрмені тамашалады. Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев ұйымдастырылған шараға өзінің алғысын білдіріп, «Жас ұлан» республикалық мектебінің курсанттарына батасын берді.