«Шахмат ойнап үйренейік»
05.12.2018 4889
4 желтоқсан күні халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасованың қазақ тілінде жазылған «Шахмат ойнап үйренейік» атты шахмат бойынша алғашқы кітабының тұсаукесері өтті.

Кітаптың ерекшелігі - Қазастанда осы кітабқа ұқсас халықаралық шахмат техникасын Әлемдік чемпионаттар мен Халықаралық турнирлерді пайдалана отырып көрсететін қазақ тілінде оқу құралдары жоқ. Сондай-ақ, кітапта кейінгі кезеңдердің шахмат алфавиттері берілген.

Шахматтармен танысу, тарих, ережелер, тактика, тапсырмалар, эфирлерді шешу, тапсырмаларға жауаптар, ойын барысында мінез-құлық ережелерін білу - мұның бәрін оқулықта табуға болады.

Кітап Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру  қорының және Қазақстандық шахмат федерациясының қолдауымен шығарылды.

Динара 2014 жылы «Шахматта алғашқы қадамдар» атты алғашқы кітабын шығарды. Ол ертедегі ойындарды, жаңадан бастаушыларға арналған қарапайым тапсырмаларды қолданды. Балалар өздерінің ата-аналарымен бірге шахмат әлемімен танысып, шахмат теориясының негіздерін ала алады.

Кітаптың авторы Динара Сәдуақасова - шахматтан төрт мәрте әлем чемпионы, 2018 жылдың тамыз айында әлемдік рейтингінде 12-ші орынға ие болған әлемнің ең мықты шахматшыларының бірі.

Гроссмейстердің айтуынша, оның ең маңызды жаһандық мақсаты - Қазақстан мен Орталық Азияда шахмат ойынын әйгілеу. Тұрақты турнирлер мен шахмат ойындары сессияларын өткізуін, кітап жазу себебін Динара бүгінгі күні шахмат -  бизнес-күрес үлгісінің бірі екенімен түсіндіреді. Жеңіске жету мен жеңілудің дұрыс дағдысын білу, міндетті түрде оқып тұжырым жасай білу - адамның жеңіліске деген дұрыс көзқарасын мен мақсат қою рухын қалыптастырады.

Бәсекеге қабілетті және интеллектуалды дамыған жастарды қалыптастыру үшін, уақытша қысыммен логикалық мәселелерді шешуге, миларын жаттықтыруға, жадты жақсартуға және қазіргі әлемдегі тиімділікті арттыруға үйрену үшін жағдай жасау болып табылады. Бұл ретте шахмат ойындары көмектеседі.

 

 

ЮНИСЕФ-тің Адал ниет елшісі ретінде оның әлеуметтік бағдарламасының міндеттері жаһандық мақсаттарына негізделген. Бір жыл ішінде Динара Қазақстандағы балаларды және жастарды дамытуды қолдау бойынша халықаралық ұйыммен бірге: шахмат ойнау бойынша турнирлерді, бір мезгілде ойнау сеанстарын және шеберлік сыныптарын өткізді.

Динара балалар мен жасөспірімдер арасында шахмат ойынын кеңінен таратуға шақырды. Оның айтуынша, мектеп, колледж және университеттерде шахмат секцияларын, клубтар мен кеңселерді ашу қажет. Олар елдегі балалар мен жастардың қосымша дағдыларын дамытуға үлкен серпін береді деп есептейді.

Сонымен қатар белгілі шахматшы балалар мен жастар арасындағы шахмат ойынын танымал ету мақсатында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде үлкен жұмыс атқаруда. Биылғы жылы Астана, Атырау облысы, Павлодар, Ақтау қалаларында бір мезгілде ойындар, мастер-класстар және турнирлер өткізді. Желтоқсан айының екінші онкүндігінде Қызылорда және Түркістан қалаларында сеанстар өткізу жоспарлануда.

 

2019 жылдың басында шахматшы Атыраудағы Динара Сәдуақасова атындағы шахмат академиясын ашуды жоспарлап отыр. Мектеп аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған тегін сабақтар өткізеді. Биылғы жылдың 22 желтоқсанында Астанадағы Академияның ресми ашылуы өтеді.

2019 жылдың сәуір айында Динара республикалық студенттік турнирді Астанада өткізуді жоспарлап отыр.

Қосымша ақпарат:

Динара Сәдуақасова «Белая ладья», «Мемориал Л.Руденко», «Мемориал П. Измайлова» атты xалықаралық жарыстардың лауреаты, Шейх Дубай Кубогының иегері, «Мемориал Г. Агзамова», «Павлодар Опен», «Moscow open», «Reykjavik Open», «Memorial Ridha Belkadhi, Women’s Tournament», Open Internacional de Benasque, «Cannes Open», «Carpos Open», «Павлодар облысының әкімі кубогінің» атты беделді халықаралық жарыстардың жеңімпазы.

 Қазақстандағы шахматты дамытуға және белсенді қоғамдық жұмыстарға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, спортты дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» және «Үміт» ордендерімен марапатталды.