«Жамиғ ат-тауарих» оқырманға жол тартты
01.11.2018 3671
Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Халықаралық Түркі академиясы басып шығарған «Жамиғат-ат тауарих» және «Зикзал» кітаптары таныстырылды

Кітаптың тұсаукесер кешіне, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының бірінші  орынбасары Әмірхан Рахымжанов, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және қоғамдық қайраткерлер, ғалымдар, мемлекеттік органдардың өкілдері және т.б қатысады.

Бұл кеште бұл мәдени шараны ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев бұл кітаптың ерекшелігі жайлы және осы құнды тарихи дүниенің авторларына ерекше алғысын білдірді.

– Бүгін Елбасы орталығында елімізге айтулы, маңызды іс шара өтуде. Рашид ад-Диннің «Жамиғат-ат тауарих» атты кітабының алғаш рет қазақ тіліне аударылуын тарихи оқиға деп қабылдаймыз. Осы кітапты тікелей парсы тілінен аударған Зәріпбай Жұманұлына алғысымызды білдіреміз. Бұл еңбек – жалпы Қазақстанның тарихына, ұлы қазақ ұлтын құрған ата бабаларымыздың, мемлекетіміздің тарихына қатысыты дәйектерді нақтылауға көмектеседі деп сенеміз.

Бес томнан тұратын бұл еңбек алғаш рет қазақ тіліне тәржімаланып отыр. «Жамиғат-ат тауарих» – парсы тілінде жазылған ортағасырлық, әдебиеттің аса маңызды ескерткіштерінің бірі. Үлкен тарихи энцколпедия. Бұл жинақ әртүрлі тайпалар мен халықтар туралы деректерді қамтиды. Онда Моңғолия, Шығыс Түркістан, Орталық Азия, Иран, күнгей Кавказ, Поволжье мемлекеттері мен халықтары жайлы тарихи, құнды мәліметтер бар.

Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» атты  қос томдығы да қазақ халқының рухани танымы мен салт-санасынан сыр шертетін бағалы еңбек саналады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген автордың бұл шығармасының түпнұсқасы 2000 жылдың басында табылды. Бұл кітапта қазақ халқының салт-дәстүріне қатысты құнды деректер бар.

Кеш соңында Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат-Тауарих» кітабын аударған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Түріктану» ғылыми-зерттеу орталығының аға қызметкері Зәріпбай Оразбай бақ өкілдеріне кітап туралы баяндады:

«Зикзал» деген кітаптың табылғаны он алты жыл болған. Ал «Зикзал» мен «Жамиғ ат- Тауарихты» аударуға жалпы алғанда төрт жыл уақыт кетті. Бұл жерде қазақ халқына қатысты көптеген деректер бар. Мысалы, Түркі қауымның бастауы, біздің мынау Сайран қаласымен, қазіргі Тараз қаласының екі аралығындағы, екі үлкен алпауыт таулармен Алатау мен Қаратаудың ортасында қоныс болған, сол жерде түркілер көбейіп содан кейін тараған. Жалпы Түркінің ең алғашқы алтын бесігі осы жерлер. Одан соң Алтайға барған», – дейді кітаптың тәржімашысы.