Одни из первых поздравлений казахстанцев с 550-летием Казахского ханства
10.09.2015 1859
Поздравления казахстанцев с 550-летием Казахского ханства из уст артистов, спортсменов, актеров, общественных и политических деятелей нашей страны


Жандарбек Мәлібеков — ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы 

Қазақ халқы кеше ғана қалыптасқан жоқ, оның тарихы өте тереңде екені белгілі. Біздің қазақ даласында ертеден сақ, үйсін, ғұн және де түрік қағанаттары өмір сүрді. Тарихымыз олармен тікелей қатысты. Одан кейін Алтынорда, оның ішінен қазақ хандығы жеке бөлініп шықты. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлытаудағы сөйлеген сөзінде айтқан мәселелердің барлығы, ол кісі ғұндардан бері, қазіргі тәуелсіздік деп келе жатқан мәселелердің барлығы халқымыз үшін маңызды, әсіресе жастар үшін терең маңызды екенін айту керек деген болатын. Ендеше Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау, өскелең ұрпақ үшін ұлы тарих беті. 


Серик Сапиев — чемпион мира по боксу, олимпийский чемпион 

550-летие Казахского ханства — это не только наша прошлая история, это показатель силы духа наших предков, которые смогли сохранить нашу государственность. Ведь национальное самосознание и идентичность казахов прошли серьезные испытания в сложные периоды нашей истории. Изучая историю, мы понимаем, насколько трудно далась нашим предкам независимость. Данный праздник — это отражение преемственности для казахстанской молодежи, знак того, что нынешнее поколение просто обязано сохранить накопленные знания, традиции и обычаи родного народа уже для своих потомков. Таким образом, 550-летие Казахского ханства имеет важнейшее политическое значение. Эта дата — действительно знаменательная веха в развитии нашей государственности, одна из возможностей реализовать национальную идею «Мәңгілік ел». Дорогие казахстанцы поздравляю вас с этим славным праздником, занимайтесь спортом и будьте сильны духом!


Нұрлан Әлімжан — киноактер, әнші 

Барша қазақстандықтарды Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі тойымен құттықтаймын. Керей мен Жәнібек бабаларымыздың осындай кең байтақ жер, бірлігі жарасқан ел сыйлағаны — біз үшін ұлы тарих. Сол бір заманда алтын орда тігіп, Қозыбасының төрінде ұлттық мемлекет құрды. 200 мың халықтың бірлігін нығайтып, әскерін жасақтады. Сол батыр бабаларымыздың күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлан-ғайыр атырапты сақтап қалды. Күрескер ұлы батырларымыздың, хандарымыздың рухы әрдайым разы болсын. Ал, қазақ еліме тілерім: тек қана заманымыз тыныш болып, егеменді еліміз жасай берсін. Әлемге атымыз танылып, мәңгі ел болайық. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнап, әрдайым осындай бақытты күндерде, Қазақ хандығын мерекелерін тойлауды жаза берсін. 


Ануар Нурпеисов — киноактер, руководитель КГУ «Астана Жастары» Акимата города Астаны

Я считаю, что национальная идея «Мәңгілік Ел» заключается в том, что наше государство было основано 550 лет назад. Благодаря нашим предкам сегодня есть и будет вечная, развивающаяся и прогрессирующая страна под названием Казахстан. Не взирая ни на какие-то политические, геополитические вызовы, Казахстан с относительно небольшим населением, но очень твердым и жестким стержнем сохранил себя. Значение этой идеи включает в себя вечный народ, который за основу всегда берет взаимопонимание между более ста этносами. Я думаю, 550-летие Казахского ханства направлено на самосознание, самоидентификацию казахстанцев. Это событие — напоминание того, что мы народ с богатой и древней культурой, 550 лет это более чем половина тысячелетия, на нашей земле были разные государства и разные народы, но как минимум последние 550 лет эта земля находится под именем казахов. Мы динамично развивающийся народ. Самое главное, чтобы жажда к знаниям у нашего народа была нескончаема, время необходимо эквивалировать в знания, а знания эквивалировать в материальные и духовные ценности. Поздравляю всех казахстанцев с этим великим праздником!  


Асылхан Төлепов — киноактер 

Ең алдымен барша қазақ елін «Қазақ хандығының 550 жылдығымен» шын жүректен құттықтаймын. Бұл қазақ тарихындағы үлкен маңызды кезеңдердің бірі деп білемін. Бұл ұлы мереке. Қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған тарихи оқиға 1456 жылы болатын. Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап, шығыс Дешті Қыпшақ пен Шудың бойындағы Қозыбасыға қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға. Сонау ата-бабаларымыз аңсаған күн 1465 жылы болды. Бұл ұлы мерекенің өтуінің маңызы біз үшін зор деп білемін. Өйткені кейінгі ұрпаққа, кейінгі өскелең жас ұрпаққа мұра болып қалатын аманат. Бұл бір реттік қана тойланатын мереке болып қалмаса екен деп тілеймін. Жылдан-жылға жалғасатын дәстүр болып, тойлана берсін. 


Денис Тен - казахстанский фигурист, призёр зимних Олимпийских игр

550-летие Казахского ханства — исторический праздник для всей страны! Эта дата описывает целую эпоху становления казахской государственности, новую эру в Великой Степи, когда на авансцену истории вышел казахский народ. И сегодня, вспоминая великие достижения наших предков, мы делаем шаг навстречу к национальной идее «Мәңгілік Ел» олицетворяющей вечное государство, вечную землю, вечные ценности. Человек без прошлого, не имеет будущего, и это событие дает возможность не только прикоснуться к историческому прошлому нашей страны, но и передать накопленные знания, традиции и обычаи родного народа будущим поколениям. 550-летие Казахского Ханства — национальное достояние всей страны и превосходный импульс для покорения новых вершин в истории Республики Казахстан!



Есен Елеукен — Қазақстан КВН Одағының президенті 

Қазақ хандығының 550 жылдығы қазіргі уақытта тойлануының маңызы зор. Сондықтан тарихтың сахнасында орны бар елдіктің мерекесі барша қазақтың тойы деп білемін. Енді 550 жылдық мерейтойды ғана атап өтпей, жылда қазақ хандығының тойын тойлайық. 



Самат Смаков — капитан сборной Казахстана по футболу 

Я горжусь тем, что я казах и родился на этой святой земле! Празднование юбилея образования Казахского ханства способствовует укреплению казахстанской государственности и патриотизма. Политическая и общественная значимость грядущего юбилея заключается прежде всего в том, что Казахское ханство было первым в Центральной Азии национальным государством, созданным ныне существующим народом. Казахское ханство — государство с богатой историей, у него были взлеты и падения, а жизнь современного Казахстана зависит напрямую от нас и от последующих поколений. Наша история это МЫ, и нам вершить дальнейшие взлеты современного Казахстана! От души поздравляю всех казахстанцев с этим общегосударственным праздником! 


Марат Әбсеметов — ҚР Ұлттық мұрағатының бас директоры 

Алтын Орданың заңды мұрагері ретінде Қазақ хандығы өмірге келді. Керей мен Жәнібек хандар Моғолстаннан бөлініп, 200 мың халықпен Қозыбасыда бүгінгі Қазақстан мемлекетінің негізін қалады. Ендеше бұл — тарих сахнасында өткен 550 жыл қазақ халқының, еліміздің ұлы мейрамы. 550 жыл уақыт аралығында қаншама 5 жарым ғасыр артта қалып, жоңғар деген халықты жеңіп, оларды тарихи сахнадан қош айттырдық. Мұхаммед Хайдар Дулати осы тарихи дәуірдің шежіресін жазды. «Тарихи-и Рашиди» деп атады. Онда біздің қалай хандық құрғанымыздың, оның жолында қаншама қиындық көргеніміздің бәрі айна-қатесіз көрсетіліп тұр. Ол тарихи еңбек — біздің құнды мұрамыз. Бүгінгі Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауымыздың өзі осы еңбектің арқасында. Мұхаммед Хайдар Дулати қазақ хандығының құрған жылдарды 1465-1466 деп көрсетеді. 


Алия Телебарисова — киноактриса 

Казахстан прошел длинный тернистый путь в становлении своей государственности и независимости, начиная с того момента, когда Жанибек и Керей создали в 1465 году Казахское ханство. Наши предки преодолели многие трудности, которые встречались на их пути, и благодаря их силе духа и воли к стремлению вперед, сегодня мы видим Казахстан, как одно из самых динамично развивающихся государств мира, в котором царят мир и спокойствие! И сейчас, пришло время вспомнить историю становления нашей государственности, донести это до нынешней молодежи, помнить это всегда и передавать из поколения в поколение. И в этот знаменательный для всего Казахстана год, хотелось бы пожелать всему народу нашей независимой и многонациональной страны, оставаться единым целым и никогда не останавливаться ни перед какими преградами. Также, учитывая нынешний особый экономический период не только для нашей страны, хотелось бы, чтобы наш народ был более сплочен и с пониманием относился ко всему происходящему, ведь как нам показали наши предки — только вместе мы сможем преодолеть всё и добиться всех своих целей. В одном из своих выступлений Нурсултан Абишевич Назарбаев отметил, что у казахов есть пословица: «Если четверо вместе — придет благоденствие, если шестеро врозь — потеряют все». Мира и процветания нашему Казахстану и всем казахстанцам! 


Жансерік Берікқазыұлы — тележүргізуші 

Қазақ хандығының 550 жылдығы еліміздегі айтулы мерекелердің бірі ретінде есте қалатын болды. Бұл мерекені ел болып тойлауымыз әрине біз сияқты өскелең, жас ұрпақ үшін берері мол деп білемін. Өйткені біз тарих, дәстүр арқылы ата-бабамыздың қалдырған сара жолы бағдарлай аламыз. Сондықтан мұндай мерекелік шараны үлкен деңгейде тойлатуымыздың маңызы болғанмен, қосымша жастардың бойына патриоттық сезімді, ұлттық құндылықтарды, ұлттық дүниелерді сіңіруге болады деп ойламын. Тек қана үлкендердің, тарихшылардың мерекесі ғана емес, елдің дүбірлі бір, айтулы мерекесіне айналса құпа-құп болар еді. 


Досжан Табылды — ведущий Артист балета театра «Астана Опера» 

Этот праздник является знаменательным историческим событием для Казахстана! Я очень благодарен нашим предкам, которые воспитывали в себе истинных воинов, истинных женщин-матерей. Наши предки давали мощный посыл сыновьям, чтобы они могли бесстрашно отстаивать нашу землю и в дальнейшем могли сплотиться и сообща создать единое государство в степи. Я безумно рад, что у нас богатая история, думаю каждый казахстанец должен гордиться ею, гордиться нашими предками, мы просто обязаны это делать, мы должны брать пример мудрости и мужества у наших предков, чтобы уверенно идти к светлому будущему великого Казахстана! Хочу пожелать нашим согражданам крепкого здоровья, беспрерывного саморазвития, воспитания молодого поколения в духе исторических культурных ценностей, идти только вперед, приумножая нашу культуру, чтобы следующие поколения также гордились нами! Мы созидаем новую историю современного Казахстана! 


Максим Рожин — блогер 

Әр бір халық, әр бір ел өз тарихына ерекше назар аударуы тиіс, міндетті. Тарихты білу маңызды, оны насихаттау, көршілес елдерге, әлем елдеріне, ғаламға таныстырудың маңызы ерекше. Бүгінде дарынды көшбасшы болу, халқы сүйетін ел ағасы болу, текті ұрпақтан тарау — сыйлы болу деген сөз, төрден орын алу, тәжірибелі танылудың басты амалы! Бұл аллегория адам үшін дұрыс болса, әлем картасындағы елдер мен халықтар үшін дәл солай! Тарихы терең ел — тәжірибелі, өз даму бағытына лайықты болып қабылданады. Тіпті кейбір кезде «олар болмаған, тарихы жоқ мемлекет өмір сүруге де құқысы жоқ» деген пікірлер айтыла бастаған тұста, Елімізде Керей мен Жәнібек қазығын қаққан Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау науқанын мен толық қолдаймын. Идеологиялық маңызы бар, аса қажеті шара! Толық қолдаймын! Басты мақсат тойлауда емес, сол тойдан келешек ұрпаққа өсиет қалдыру, тәрбие беру, өз елінің тарихын білуге ынталандыру деген мақсат болу керек сияқты. Өз тарихынан тәлім алмай, болашаққа қатесіз қадам жасау қиын, қателеспеу қиын. 


Анна Алябьева — мастер спорта международного класса Казахстана по художественной гимнастике 

Керей и Жанибек доказывают тот факт, что казахи это-свободолюбивая нация, незнающий преград народ и всегда следующий своему сердцу. Большая дружная семья! Я горжусь тем, что Казахстан не останавливается и движется дальше. Я горжусь тем, что Казахстан многонационален. Мы все живем в мире и согласии. Я хочу пожелать процветать Казахстану и далее! От всей души поздравляю всех с 550-летием Казахского ханства! 


Ғалымжан Кеңшілік — тележүргізуші, журналист, жайдарманшы 

Жұлдызы жарқырап жанған, мәртебесі асқан, мерейі тасыған Ұлылардың ұрпағымыз! Біз үшін қанын төгіп, жанын берген батыр бабаларымыздың ерлігін дәріптеу парызымыз деп ойлаймын. Осы орайда, елдігімізді танытатын, терең тарихымызды айқындайтын «Қазақ хандығының 550 жылдығын» тойлау — аталған парызымыздың алғашқы қадамы деп білемін. Қазіргі ұрпақ қазақ хандығының шырағын өшірмейтініне кәміл сенемін! Мереке құтты болсын! 


Алмас Кишкенбаев — певец 

Отметить такой праздник для каждого казахстанца, как мне кажется — это честь, потому что это история, потому что это наши предки, которых нужно знать. Именно благодаря им сегодня наша республика независима. Поэтому, конечно, нужно праздновать такие мероприятия. Это, во-первых, большой праздник для казахстанцев, во-вторых, возможность знакомства общественности с историей Казахского ханства и раскрытия его исторической роли. 



Берік Сұлтан — журналист-блогер 

Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау ұлт үшін аза маңызды. Себебі бұл мерекеде тарих жаңғырып, ұлттық имунитет күшейеді. Түрлі кинолар, сериалдар, мультфильмдер түсіріліп, телеарналардан тарихымызға қатысты бағдарламалар көрсетілуде. Бұл дегеніміз экран арқылы жас ұрпақтың санасына қазақтың батыр, кең пейіл, жомарт ел екендігі сіңіп, балаларына ұқсап бағуға жол ашу деп білемін. Қазақ хандығының 550 жылдығы тарихта қалатын мереке болуына тілектеспін. 


Аңсаған Мұстафа — суретші-дизайнер 

Өткен жылы осы жаңалықты ести салып қатты қуандым. Ресейдегілер қазақта тарих болмаған деп шатаса бастағанда соларға берілген жақсы жауап болды! Мен өз тарапымнан не істесем екен деп ойлап, бір күні бір футболканың дизайнының түрін салып, егер де осы футболка 550 лайк жинаса, жазға дейін 55 түрін жасап берем дегенмін, бір ақ күнде 1000 нан асып кетті. Уәдем уәде, жазға дейін 55 түрін жасап, оны флешмоб-көрме ретінде көрсеттім. Көрменің атын «Шашу» деп қойдым. Олай аталу себебі жарты жыл еңбектеніп, 55 сурет әзірлеп, футболкаларын дайындап, оларды шашуға тарата салдым. Өйткені той күзде болады, күзде футболка киілмейді. Сондықтан жазда көп адам бұл футболкаларды киіп жүрсе, «Қазақ хандығының 550 жылдық» мерейтой насиқаты жақсы жүреді деп ойладым. Осылайша өзімде мерейтойға үлесімді қостым. 

Материал подготовили Мирас НУРЛАНУЛЫ и Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ