Еділ бойы, Солтүстік Кавказ, Орыс даласының оңтүстігі, Қырым, Қара теңіздің солтүстігі, Венгрия мен Трансильванияның Дунай өзеніне дейінгі бөлігі жаулап алынды. Орыс жері орыс ұлысына кіріп Моңғол империясы хандарына бодан болды. Жошылықтарға Бұлғария, Гүржістан, Селжұқ сұлтанаты, кейінірек Сербия бағынды.