Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Хронология

Қыпшақ хандығы (ХІ-ХІІІ ғғ.басы)

Моңғол шапқыншылығы (1217-1224 жж.)

«Қыпшақ» этнонимінің ежелгі түркі руникалық ескерткішінде алғаш жазылған жыл
Қыпшақ тайпасының ақсүйектері оғыз жабғуларын Сырдарияның орта және төменгі сағасынан, Арал және Каспий маңы далаларынан ығыстырды
Қыпшақ тайпалары Еділден батысқа қарай жылжыды

Құман тайпасының басым бөлігі батысқа алдымен жылжығандықтан Шығыс Еуропаның, оның ішінде Русь, Византия, Венгрия халықтарымен бірінші болып тікелей байланысты.


Қыпшақ хандары мен Орта Азия мұсылмандары әулеттерінің арасындағы соғыс

Женд, Янгикент, Сырдарияның төменгі сағасындағы басқа да қалалар қыпшақ көсемдерінің қолында болды. Бірақ XII ғасырдың бірінші жартысында олар қайтсе де қалаларға иелік етуге талпынған қыпшақ хандары мен Орта Азиядағы мұсылман әулеттері арасындағы бітіспес соғыс алаңына айналды. Исламды таратушылар туының астында болған хорезмшах Атсыз Жентті басып алып, өз иелігіне Маңғыстауды қосты да,  солтүстікке жылжыды.


Сығанақ қаласы жауға берілді