Қадыр ханның ұлы Инал тегін мұрагерлік үшін күресте ағасы Сүлейменнің иелігін тартып алды, бірақ көп ұзамай уланып қайтыс болды. Таққа оның ұлы Ибрахим отырды. Алайда ол да көп ұзамай барсхан билеушілерімен соғыста қаза тапты. Одан кейін Шығыс қағанатты 15 жыл бойы (1059—1074) Қадыр ханның ұлдары Жүсіп Тоғрыл хан мен Боғра хан Харун биледі. Олардың билігі кезінде Шығыс қағанатқа Ферғана қосылды, ал екі қағанаттың шекарасы Сырдария өзені арқылы өтті. Тоғрыл хан өлген соң оның иелігі Қашғар, Баласағұн және Хотанның билеушісі Боғра хан Харунға (1075—1102) өтті. Саманидтердің қолдауына сүйенген ол ағасы Оғұлшаққа қарсы шығып Қашғар мен Таразды бағындырды. Сатұқ Баласағұнда билеушісін тақтан тайдырып өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Сол кезден Қараханидтер мемлекетінің тарихы басталды.