Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Хронология

Түрік қағанатының шығыс және батысқа бөлінуі

Түргеш қағанаты (704-756 жж.)

Жазба деректеріндегі Испиджаб қаласы туралы алғашқы мәліметтер.
Арабтардың Мәуераннахрды жаулап алуының басы.
Батыс Түрік қағанаты

Қағанаттың этносаяси өзегін Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі ежелгі үйсін жерін жайлаған "он тайпа"  (он оқ будын) құрады. Шу өзенінің шығысына бес дулу тайпасы, батысына бес нушиби тайпасы қоныстанды. Мемлекет астанасы Суяб қаласы (қазіргі Тоқмақ қаласының маңы, Қырғызстан), ал жазғы резиденция  Мың бұлақ (Түркістан қаласының маңы) болды.  Жегүй қаған (610—618 жылдар) мен оның інісі Тоқ жағбы қаған (618—630 жылдар) билік құрған жылдары қағанат орасан әлеуетке ие болды. Тохаристан мен Ауғанстанға жасалған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын солтүстік-батыс Үндістанға дейін жылжытты. 

Екінші Түрік қағанаты

682 жылы Құтты өзін Елтеріс қаған деп атап түркі империясының қайта жаңғырғанын жариялады.  Ол 691 жылы қайтыс болып, оның ісін інісі "жаулаушы қаған" атанған Қапаған қаған жалғастырды. 

Білге қаған билік құрған кезең

 Қидандар да салық төлеуден бас тартты. Оғыздар көтерілісі әлі жалғасып жатты. Түркі тайпаларының да басы бірікпеді. Білге бірден іске кірісті. Бауыры Күлтегінді әскербасы, Елтеріс пен Қапағанның үзеңгілесі, тайпалар арасында зор беделге ие 70 жасар Тоныкөк қағанның ең жақын кеңесшісі болып тағайындалды. Осыдан кейін Білге мен Күлтегін ұйғырларды талқандады. Бұл тоғыз оғыз тайпалар одағының қарсыластығының беделін түсірді, ал орасан олжа түркі әскерін рухтандырды. 718 жылдың жазында Білге қаған қидандарды талқандап Хинганды өзіне қаратты. Білгенің әскербасыларының бірі Тудын Ямтар қосыны қарлұқтарға шабуыл жасап, оларды бас июге мәжбүрледі, ал олжаланған жылқы үйірлерін Білгеге берілген тайпаларға таратып берді. Білге қол астына өзара соғыс кезінде айырылып қалған түркі және басқа да тайпаларды қаратты. 720-721 жылдарда Қытаймен болған соғыс қағанаттың империямен соңғы соғысы болды. Қытай императоры Сюаньцзунға солтүстік шекарасында орнаған бейбітшілік үшін көп шығындануға тура келді. Тек 727 жылы император Білге қағанның 30 жылқы "салығы" үшін сыйлыққа 100 мың тай жібек жіберді. 

Екінші Түрік қағанаты күйреді