Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Хронология

Сарматтар (б. з. II-IV ғғ.)

Мөде Тұмынды өлтіріп, өзін шаньюй деп жариялады

 Мөде билік құрған кезде Ғұн мемлекетінің әскери ұйымы құрылды. Ғұн әскерлері мен ер адамдар үш топқа немесе он мың әскер жасақтарынан тұратын үш аймаққа бөлінді. Бүкіл ғұн әскері 24 мыңдық жасақтан тұрып, олардың сардарын ваньци деп атады. Сегіз жыл қатарынан тоқтаусыз жүргізілген жаулап алуда ғұндар Орталық Азияда Ордостан бастап Шығыс Тянь-Шаньдағы, Саян-Алтай, Байкал мен Маньчжурияның көшпелі тайпаларын өздеріне бағындырды.

Ғұндар қытайдың Маи қамалын өздеріне қаратып, Цзиньян қаласына жақындады
Лаушаң Киік шаньюй Шығыс Түркістан мен Жетісуды мекендеген юэйчжилермен соғысып, оларды толықтай талқандады.
Гүнген шаньюй қаза тапты

Ол атасы Мөде қалдырған Ғұн империясын сақтап қалу үшін, алты жыл қатарынан қытайлармен күресті. Оның орнын інісі шаньюй Ичисии басты. Ол Қытайдың солтүстік аймағына шапқыншылық жасап, біраз жеңістерге жетті. 

Ғұндар алдымен Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, сол жерде V ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды. 

Кейін Батыс Сібірдің угор тайпаларымен бірге Орал, Каспий бойына және Жайық даласына қоныс аударды. Бұл үдеріс үш жүз жылға созылды. Орталық Азияның әртүрлі көшпенді  ұлттарынан құралған "халықтардың ұлы көші"  Қазақстан арқылы жүрді.