Ғұн билеушісі Тұмын шаньюй, жеңіліп, солтүстікке шегінуге мәжбүр болды. Ғұндар Ордостағы жерлерінен айырылды. Ғұндарға үйсіндер мен оларға шекаралас Шығыс Түркестанның 36 хандығы бағынды. Ғұндар Орталық Азиядағы көшпенділер империясы, әртүрлі ұлттар мен халықтардың басын біртұтас қуатты әскери ұйымға біріктіріп, қарудың күшімен мықты әскери держава құрды. Қытайдың Хань империясына ғұндар шын мәніндегі қатерге айналды. Ғұндар Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдің халықтарын жаулап, өздеріне бағындырды. Шығыс Түркістан арқылы Жібек жолына бақылау орнатты. Қытайдың Хань империясын "бейтітшілік пен туыстық" келісім-шарт жасауға мәжбүр етті. Қытайлар сол арқылы ғұндарға алым-салық төледі.