Кеңес билігі кезіндегі қазақ мәдениетінің жетістігін паш еткен қазақ өнері мен әдебиетінің Мәскеудегі онкүндігі. Ол Үлкен опера театрының сахнасында "Қыз Жібек" қойылымымен ашылды. Композиторы - Е. Брусиловский. Либретто авторы – Ғ. Мүсірепов. Онда бас партияны К. Байсейітова орындады. Бірқатар жоғары оқу орындарында ғылыми орталықтар жасақталды. Геологиялық және биологиялық ғылымдардың нәтижелері, тарихшы С.Д. Асфендияровтың, филолог К.К. Жұбановтың жарияланымдары, сондай-ақ профессор А.Н Сызғановтың зоб эндемиясын зерттеу және емдеу туралы еңбектері бүкілодақтық танымға ие болды.