Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Хронология

Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан
Қазақстан БКП (б) орталық комитетінің бірінші хатшысы болып Ж. Шаяхметов сайланды

1919 жылдың желтоқсанынан бастап -мұғалім 

1921—1923 жылдар — Теке болыстық атқарушы комитетінің хатшысы

1923—1926 жылдар -қылмысты іздестіру органдарында жұмыс істеді 

1926—1928 жылдар—  «Қосшы» одағының Петропавл округтық комитеті бойынша жауапты хатшысы

1928—1938 жылдар— ОГПУ-НКВД органдарының оперативтік жұмысында 

 1936 — Солтүстік Қазақстан облыстық НКВД Басқармасы бастығының орынбасары

Қазақстан КП ОК 1938 жылы - үшінші, 1939 жылы— екінші, 1946—1954 жылы— бірінші хатшысы болды.


Семей ядролық полигонында бірінші рет ядролық сынақ жасалды

Әскерилердің ұзақ жылғы үнсіздігіне, одан кейін тұрғындар денсаулығына полигонның әсері жоқ деп сендіруге тырысқанына қарамастан, полигон қоршаған табиғатқа, тұрғындардың денсаулығына қауіпті болды.


Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру басталды

Ал 1960 жылдардың басынан топырақ суыру үдерісі бүкіл тың өлкесіне тән құбылысқа айналды.   Тың өлкесі тұрғындары өсімінің 61% республикааралық көші-қон есебінен жүзеге асырылды. Қоныстанушылардың негізгі бөлігі Украина, Ресей, Белоруссия, Молдовадан шыққандар болды.


Өнім өндіруді үш есеге дейін арттыруға мүмкіндік берген Ақтөбе хром қоспалары зауытының екінші кезеңі іске қосылды


Ақмола-Павлодар желісі тұрақты пайдалануға берілді

Солтүстік және Орталық Қазақстанды Сібірмен Оңтүстік Қазақстан және Орта Азиямен, Оралды Кузбасспен жалғастырған бұл желі осы аудандардың экономикалық байланысы үшін маңызы зор еді. Желі Оңтүстік Сібір магистралының негізгі учаскесінің болды. Ол Екібастұз көмір бассейнінің дамуына, Бозшакөл кенішін игеруге зор ықпал етті.