Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Хронология

Қазақ хандығы
Шақшақ Жәнібек батыр өмір сүрген жылдар

 Атасы Шақшақ Аманжолұлы «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған атақты Есім хан қолбасшыларының бірі болған Жәнібек Тархан 1710 жылы он жеті жасында Тәуке ханның қолымен бірге жауға шығып, жекпе-жекке қалмақтың бас батырын өлтірген. Абылай ханның тұсында қол бастап, ханның негізгі кеңесшісінің бірі болған, ел басқару және мемлекет аралық қатынастарға белсене араласқан.1717 жылы Аягөз маңындағы шайқаста 24 жасында қол бастап, ерлік көрсеткен. 1723 жылдан бастап Жәнібек Тархан жағынан, Кіші жүз жасақтарына көмектесіп Еділ қалмақтарымен, екінші жағынан, Бөгембай, Қабанбай, Малайсары, Райымбек, Өтеген батырлармен бірге оңтүстікте жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беріп отырады. 1726 жылы Ордабасындағы ұйғарымнан кейін құрылып, Сарысу өзенінің Бұланты саласының бойында жоңғарларға ойсырата соққы берген біріккен қазақ жасағының құрамында Орта жүз әскерлерінің ең ірі қолын Жәнібек Тарханг басқарған. Ел жадында сақталған аңыз әңгімелер бойынша, Төле бидің түйесін бағып дүрген Сабалақтың (болашақ Абылай ханның) Ташкентті билеген Уәли сұлтанның баласы екенін алғаш жария еткен де, Абылай хан тағына отырғанда оған бата берген де Жәнібек Тархан болған. Ол 1740–1741 жылдары жоңғар қоңтайшысының тұтқынындағы Абылайды құтқарып алуда да ерекше мәмлегерлік шеберлік танытқан. Орынбор комиссиясының бастығы И. И. Неплюевпен арадағы қатынасын ұтымды пайдаланып, жоңғар қоңтайшысының арнаулы елшілік шығартқан, бұл іске Әбілмәмбет, Әбілқайыр хандары да араласып, ақыры Абылайды басқа адаммен аманатқа ауыстырып алған. Жәнібек Тархан 1732 жылы жеті мың қолдық жоңғар әскерлері Орта жүзге шабуыл жасағанда қазақ әскерлеріне басшылық еткен. Жәнібек Тархан бастаған қазақ жасақтары саны жағынан анағұрлым басым басқыншыларға тойтарыс береді. Бірақ үздіксіз шапқыншылықтан әбден титықтаған Қазақ елі Ресей патшасынан көмек сұрауға мәжбүр болды. Жәнібек Тарханның қазақ даласының тұтастығы мен елінің еркіндігі жолындағы саяси күресінің елеулі белестері осы кезеңде басталды. Абылай хан да, Жәнібек Тархан да Ресей мемлекетінің қазақ жеріне бекіністер салуына үзілді-кесілді қарсы шыққандарына қарамастан 1740 жылы шекара комиссиясының бастығы В. А. Урусовпен қазақ-орыс сауда қатынасын орнатуға, саяси байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздерге қатысқан. Ресей әкімшілігі Орта Азиядан Орынборға қатынап тұрған сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, Жәнібек Тарханға жүктеген. Кейін Жәнібек Тархан Абылай сұлтан, Әбілмәмбет хан, Қабанбай, Бөгенбай батырлармен бірге Орта жүздің Ресейдің қол астына өтуін ресми тіркеген құжатқа қол қойды. Осы тұста, 1743 жылы 11 шілдеде Ресей патшайымы Елизавета Петровнаның жарлығымен Қошқарұлы Жәнібекке тархан атағы берілді. Орта жүз хандығының билігі Абылайдың қолына көшкеннен кейін Жәнібек Тарханның өкілдігі де жоғарлады. Ш. Уәлихановтың пікірінше, Жәнібек Тархан көп тыңдап, аз сөйлейтін, ердің құнын екі ауыз сөзбен шеше алатын әділ де шешен адам болған. Жәнібек Тарханның үлкен бәйбішесі- Тұрсынбай датқаның қызы, екінші әйелі-Әйтеке бидің қызы, үшіншісі- қалмақ ханның қызы, кіші әйелі- Қосым батырдың қызы. Бұлардан тараған Дәуітбай, Жауғашар, Ақпанбет, Тоқпанбет, Деріпсалы, Тоқтамыс ұрпақтары қазіргі уақытта, негізінен, Қостанай облысы Жангелдин ауданыда тұрады. Жәнібек Тарханның мәйіті Түркістанға жеткізіліп, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленген. Батыр есімі Бұқар жырау, Тәттіқара ақын, Абыз әулие жырларда кездеседі. Халық ақыны Иманжан Жылқайдаровтың жырларында бізге жеткен «Шақшақ Жәнібек батыр» жырында, Көкбайдың «Абылай» дастанында Жәнібек Тарханның ер тұлғасы нанымды сомдалған. 1993 жылы Арқалық қаласында ескерткіш орнатылған.

Қаракерей Қабанбай батыр өмір сүрген жылдар

Азан шақырып қойылған есімі Ерасыл. Найман тайпасы ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан шыққан. Қабанбайдың жеті жасында әкесі Қожақұл батыр жау қолынан қаза тауып, артынан Есенаман, Есенбай, Ерасыл атты үш ұл қалған. Он алты жасында ағасы Есенбай жоңғар барымташылары қолынан қаза тапқан. Ағасы Есенбайдың кегін алу үшін іргелес Тоқта тауын жайлаған қалмақ күреніне жалғыз өзі аттанып, құныкер Өлжа жырғал ноянды қапысын тауып өлтірген. Міне сол күннен бастап қазақ жері қашан жаудан тазарғанша қылышын қынабына салмаған. Осыдан кейін Ерасыл 5-6 жыл Зайсандағы Керей ішіне кетіп, әпкесі Меруерт пен жездесі Бердәулеттің қолында болған. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, «Қабан батыр» атанған. Оның алғашқы қатысқан ауқымды соғыстарының бірі ? 1718 жылғы Аягөз шайқасы. Осы ұрыста Найман қолын басқарған Қабанбай асқан ерлігімен көзге түскен. 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналған. 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін «дарабоз» атанған. 1751 жылы Арқадан екі түмен қолмен Оңтүстік Қазақстанға Қабанбай - Ханбаба (Барақ сұлтанның үлкен ұлы) жорығы жасалған. Ұлы жүз жасағын өзіне қосып алып, Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Ташкентте Төле бидің билікке келуіне көмектескен. Шыршық өңірінде Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалған. 1752-1754 жылдары Жетісу, Тарбағатай, Алтай өлкелерін жоңғарлардан азат ету жорықтарында Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысқан. Осыдан кейін қазақ жасақтары Тарбағатайдың күнгейі мен теріскейінде 2 бағытта шабуылға шыққан. Күнгейдегі әскер тобын басқарған Қабанбай сарбаздарымен Қарақол мен Нарынды, Үржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгенбай әскеріне қосылған. Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарында қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат етті. Қазақ жері басқыншылардан азат болғаннан кейін Қабанбай 1756 жылы жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға ат салысқан. Шығыс аймақтарға ел көшіру, қоныс бөлу ісіне араласқан. Жоңғар үстемдігі кезінде қолдан шығып кеткен Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысқан. Қытаймен бітім жасалғаннан кейін, 1758 жылы қыркүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берген. Әкесі Әтеке жырықтың кегін алу үшін 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қол бастап, қарсы шығып, Қабанбай жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшыраған. Қабанбайдың 2 әйелінен жеті ұл туған.

Қарақұм құрылтайы

Ол қазақ рулары мен әскерін басқару құрылымын қайта құру жоспарын ұсынды. Атап айтқанда қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін басқарудағы билікті сұлтандардан алып ір жүздің билеріне беру керектігіне тоқталды. Құрылтайға жиналғандардың бір бөлігі жоңғарларға бағынуды ұсынса, екінші бөлігі тойтарыс беру керек деп алған беттерінен қайтпайтындықтарын білдірді. Бөгенбай батыр тойтарыс беру керек дегендер жағында болды. Осы құрылтайда ол қазақ жасақтарының қолбасшысы, Әбілқайыр хан әскербасы болып тағайындалды.

Патша өкіметі Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу мақсатында Ертіс бойына әскери бекіністер салуды бастады