Қасым ханның баласы. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.