«NDH» интернет-порталы студиясының бүгінгі қонағы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, Тарихшылардың ұлттық конгресі ғылыми хатшысы Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы
Біз ірі тарихи дата қарсаңында кездесіп отырмыз. Осыдан 100 жыл бұрын Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі болып өтті. Төңкерісті қазақ халқы үлкен қуанышпен, болашаққа деген зор үмітпен қарсы алды.
Петербордағы Ақпан төңкерісінің жеңісі туралы алғашқы хабарлама Дала өлкесінің орталығы – Омбы қаласында 1917 жылдың 1 наурыз күні алынды, 3 наурызда Мемлекеттік дума атқару комитетінің самодержавиенің құлағаны туралы хабарламасын Ақмола телеграфистері қабылдады.
Төңкеріс қалай және неліктен орын алды деген мәселені біз бүгін қонағымыз З.Е. Қабылдиновпен бірге талқылайтын боламыз, сондай-ақ бұл оқиға қазіргі кезде беріп отырған бағасы және оның қазақ қоғамы үшін маңызы туралы әңгімелесетін боламыз.