Елордада Мұстафа Шоқайды ұлықтаған конференция өтті
2025-01-31 14:22:21
253
Астанада Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында «Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі жұртының перзенті» атты ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ, Мұстафа Шоқай ғылыми орталығы бірлесе ұйымдастырылған.
Іс-шараның басты мақсаты – түркі халықтары азаттық қозғалысының көшбасшысы Мұстафа Шоқайдың 135 жылдық мерейтойына байланысты тарихи тұлғасына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, оның аса мағыналы өмірі, сан салалы саяси қызметі мен шығармашылық мол мұрасы негізінде өскелең ұрпақты ұлттық рух пен отансүйгіштікке, қоғамдық белсенділік пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және
Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.
Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. 8 (7172) 57 14 08
(ішкі - 1164)