Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

"Сәкентану сайыпқыраны" атты әдеби кеш

408

Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішұлының туған күніне орай “Сәкентану сайыпқыраны” атты әдеби шара өтті. Дөңгелек үстелге Тұрсынбек Кәкішұлының әріптестері, шәкірттері, жас ғалымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Шараның өткізілуіне Қазақстан Жазушылар Одағының Астана қалалық өкілдігі ұйытқы болды. Шарада ғалымның шығармашылығы мен қазақ әдебиетіне қосқан ұшан-теңіз еңбегі туралы айтылды.