Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

VII Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

428

Астанада «Astana Eurasian Book Fair – 2024» халықаралық кітап көрме жәрмеңкесі осымен жетінші рет өтіп жатыр. Аталған кітап жәрмеңкесінің негізгі ұйымдастырушысы – «Фолиант» баспасы. Кітап сүйер, әдебиет сүйер оқырманның назарында «Фолиант» баспасының алар орыны айрықша. Жыл сайын жүздеген әлемнің үздік туындыларын қазақ тілінде аударып, шығарып келе жатқан баспа оқырманның сұранысын шығып келеді. 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан баспаның кітап басып шығарудағы негізгі нысаны – қазақ әдебиетінің жауһарлары, әлемдік классика, балалар әдебиеті, ғылыми-танымдық еңбектердің сан мың түрі бар.