Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітаптың тұсаукесері өтті

1141

Елордада Ұлттық академиялық кітапханада Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына арналған дөңгелек үстел және «Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітаптың авторы – Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шөбересі Абай Шарапиев.   Дөңгелек үстелде ұлы тұлғаның қазақ тарихындағы және руханиятындағы орны, артында қалдырған мұрасын жас ұрпаққа жеткізу, қоғамда насихаттау және тың зерттеулер жүргізу секілді  мәселелер көтерілді.  Жиынға Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ұрпақтары, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, мәшһүртанушылар, медиа-менеджерлер қатысты.