Қуғын көрген Рысқұл Жылқыайдаров
01.10.2014 2750

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятындағы басты кейіпкердің бірі Бақтығұлдың шынайы өмірдегі прототипі — Рысқұл Жылқайдаров болатын. Ал Мұхаңның атақты «Қилы заман» романын жазуға түрткі болған негізгі дүние — Тұрар Рысқұловтың атақты «1916 жылғы көтеріліс» атты тарихи еңбегі. Мұхаңнан кейін осы тақырыпқа тереңнен үңілген, көзі тірі классик қаламгеріміз Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романы — тұлғалы қайраткер Тұрар Рысқұлов туралы жазылған үлкен еңбек. Аталған шығармаларда Тұрар Рысқұлов пен әкесі Рысқұлға қатысты деректер жетерлік. Дегенмен 1905 жылы Тұрардың әкесі Рысқұл Жылқайдаровтың Майлыкент болысына келуіне байланысты тағы да қосымша деректемелер табылуда. Төмендегі әңгімені кезінде Жорабек Рысқұлбекұлы атамыз айтқан екен. Ол кісі 1975 жылы 1 қаңтарда дүниеден өткен. Сол атамыздың әңгімесін бізге жеткізген Мәдібек Жолшыбекұлы, ақсақал. Ал Рысқұл Жылқайдаровқа қатысты мәліметтер мен суреттерді берген, Ақсу-Жабағылы қорығының директоры Айтбек Меңлібеков пен, Ақсу-Жабағылы қорығының ғылыми қызметкері Рашид Әбдіраимов.

«Болыстық мансабы бар Рысқұлбек Сарыпбекұлы бауырын құшақ жая қарсы алды. Бұл жаз айы еді. Рысқұлбек болыс Талдыбұлақ ауылының етегінде орналасқан Көкқия деген жерде қо¬ныстанған болатын. Қашқында жүріп, әбден азып-тозып, шаршаған Рысқұл мұнда Кертөбел атымен келген еді. Бұл жаққа келу себебі — біраз бұрын ол Саймасай болысты өлтіріп қойған болатын. Талдыбұлақта Рысқұл екі-үш күндей демін алады. Мұнда ол кісі күндіз сол маңдағы үңгірді паналайды да, түнде болыстың үйінде қонып жүреді. Ал мініп жүрген атын ну, ағаштардың ішіне жасырады. Бір күні ол Талдыбұлақтан кетпекші болып атын ерттеп қойып, тамақ ішіп болып далаға шықса, жайылып жүрген аты жоқ болып шығады. „Жануар қайда кетті?“ деп маңайды шолып тұрса, атты Рысқұлбек болыстың Мықтыбек деген жылқышысы мініп келе жатыр екен. Болыстың үйіне келген кісілердің атын мініп кету — жылқышының ежелгі әдеті болса керек. Сол дағдысымен Рысқұлдың да атын мініп, жылқысын қайтарып келе жатқан беті еді. Оны көргенде Рысқұл ашуланып, мені қай басынғандығы деп, оны аттан жұлып алып, жерге ұрады. „Менің рұқсатымсыз атымды мінгеніңді көрейін!“ деп сабап жатқанда, Рысқұлбек болыстың әйелі Қырмызы көріп қалып: „қайнаға, бір ашуыңызды маған беріңіз, бұл мырзада әр кісінің атын мінуге әуестігі бар еді. Сол дағдысымен сіздің де атыңызды рұқсатсыз мінгені ғой“ деп, сәлем жасап, Мықтыбекті Рысқұлдың соққысынан әрең ажыратып алады. Мұны мен өз көзіммен көргенмін. Ол кезде мен шамасы 6–7 жаста болатынмын».

***

«Бір күні Рысқұлбек болыс Талғар уезі басшылығынан тілдей хат алады. Хатта: „Майлыкент“ болысы Рысқұлбекке. Егер сіз жаққа Жылқайдаров Рысқұл барса, бізге ұстап беруіңізді сұранамыз» деген екен. Болыстың хатқа жазған жауабында: «Егер де Рысқұл біз жаққа келе қалса, өз қолыммен ұстап бере алмаймын. Өйткені ол менің туысқаным» делінген. Содан кейін Рысқұл бір айдың көлеміндей болыс туысының қолында болады. Кейін бір түнде ол жерден кетіп қалады».

***

«Түрмеде отырған кезде әкесі Тұрарға: «Егер-де қиыншылық көрсең, Майлыкент жақтағы туысқандарымызға бар. Сол жақта Рысқұлбек деген болыс бар. Қанша дегенмен, ол сенің туысқаның" деген екен. Күндердің күнінде Тұрар Рысқұлбек болысты іздеп келеді. Менің бауырымның баласы келді деп, Рысқұлбек болыс Тұрарды құшақ жая қарсы алды. Сонда үлкендер маған: «Ай, Жорабек, мынау Рысқұл атаңның баласы Тұрар ғой. Осының қасынан қалмай, ағаңның көңілін көтеріп жүр», — деді. Тұрардың менен үш жас үлкендігі бар еді. Екеуміз тез арада тіл табысып кеттік. Тұрар бірде менен «Ақсу-Жабағылының" қай жерде екенін сұрады. Мен бар білгенімді әңгімелеп бердім. Сонда Тұрар „менің атам бұл жерде қанша ай болды“ деп сұрады. Мен Рысқұлбек атаның бір айдан астам уақыт күндіз үңгірді, түнде үйді паналағанын айттым. Содан екеуіміз әлгі үңгірге бардық. Бұлақтың суынан шамамен 150 қадам биіктік жерде орналасқан бұл үңгір Талдыбұлақтың кіре беріс жеріндегі сол жағында еді. Үңгірдің аузы құбыла жаққа қараған. Ұзындығы сегіз қадамдай, биіктігі атты адамның бойынан асады. Ені бес-алты қадамдай, алды жар. Қандай адам келе жатса да қарап отыра алатындай қолайлы жер еді. Үңгірді аралап болғаннан кейін мен Тұрарға сол маңда жатқан тастан қашалып жасалған үлкен тоғызқұмалақ тасын көрсеттім. Мұны көр¬ген Тұрар қатты таң қал¬ды. Бұл жерде бұрын екі үлкен тоғызқұмалақ тасы бар болатын. Бүгінде оның екіншісі ғана сақталып қалған. Шамасы, ұрлықшылар сал¬мақты тасты орнынан қозғай алмаған болуы керек. Біз¬дің аталарымыз осы тоғыз¬құмалақты ойнаған. Содан Тұрар қызығушылық таныт¬қан¬нан кейін екеуіміз біраз әлгі тас тоғызқұмалақты ой¬на¬дық. Бірер күннен кейін атам үш жылқысын сатып, ақшасын Тұрарға беріп, Таш-кентке шығарып салды.

Кейін Кеңес өкіметі ор¬на¬ған соң 1925 жылы ме¬ні болыстың баласы деп біреулер арыз жазып қуда¬ла¬ды. Осыдан соң мен өз ер¬кіммен жұмыстан кет¬тім. Енді қайда бара¬мын деп достарым Сұлтан¬бек Қожанов, Мәм¬бет¬алы Бағысбаев, Тұрар Рыс¬құлов¬тармен, ақылдас¬тым. Тұрардың ақылымен мен Уфаға кеттім».

Нұрбосын Мелдебеков

Тұрар Рысқұлов публицистикасы

Журналист әрі Тұрар Рысқұлов публицистикасын зерттеуші Мейрамхан Жәпек осыдан үш жыл бұрын Мәскеудегі Ресей Федерациясының Мемлекеттік Мұрағатынан көптеген құнды деректер тауып, ғылыми жұмысына қатысты материалдарымен бізбен бөлісті.Аталы жұртымыздың ардақты ұлдарының бірі Тұрар Рысқұлов он жылдан астам уақыт Мәскеуде тұрып қызмет атқарды. Сондықтан да болар мұрағаттарда Тұрарға байланысты қаншама құжат сақталыпты. Мен негізінен оның публицистік мұрасын зерттедім. Яғни әуелі сонау замандарда баспасөз беттерінде жариялаған мақалаларын тауып алып, хронологиялық тізбесін жасадым. Десек те, әлі ешбір зерттеушінің қолы тимеген құжаттарды көргенімде еріксіз таң қалдым. Мәселен, өткен ғасырдың отызыншы жылдарында шығып тұрған «Поволжская правда», «Коммунальное дело» т.б. басылымдардағы материалдары зерттеушілер назарынан тыс қалып қойған.
Мәскеу мұрағатынан табылған деректер
1920–1925 жылдар аралығындағы құжаттардың көпшілігін тарихшы Д.Аманжолова мен В.Рысқұлов жинап, кітапқа енгізгендіктен әлеуметтік-саяси тарих мұрағатында жұмыс тез жүрді. Дегенмен, шаң басқан құжаттардың арасында Ғани Мұратбаевқа, Шыңғыс Айтматовтың әкесі Төреқұлға, Ораз Жандосовқа, Қалдыбай Абдуллинге және т.б. қатысты құжаттар жиі кездесті.

Ғани Мұратбаев Ташкентте Орталық Азия жастары одағының жетекшісі ретінде Мәскеу съезіне делегат болып келіпті. Онда сөйлеген сөзінің стенограммасы, Ташкентте тұрған үйінің номері, еңбекақы көлемі, жанұясы мүшелері, туған туыстары, туралы мәліметтер көзіме оттай басылды.

Түркістан Республикасы тұсында 1924 жылға дейін Қазақстанның оңтүстігі, Қырғызстан, Өзбекстанның әкімшілік орталығы Ташкент шаһары болғаны шындық. Түркістан Республикасының Жалалабад округінің басшысы Төреқұл Айтматов кейін қызметі өсіп, Қарақол облысына (қазіргі Қырғыз Республикасының Ыстық көл облысы М.Ж.) ауыстырылады. Т.Айтматовқа қатысты тың материалдар, оның Түркістан Республикасының атқару комитетінің алқалы жиналысында сөйлеген сөздерінің хаттамасы, жеке басына қатысты партиялық парақшасы сақталыпты.

Еліміз тарихында айшықты іс атқарған Ораз Жандосовқа қатысты татымды дүниелер жарық көрді. Дегенмен, мұрағат құжаттарының кейбірі зерттеушілердің қаперіне ілінбей қалғаны да өкінішті.
Қалдыбай Абдуллин туралы ұстазым Темірбек Қожакеев өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары ғылыми зерттеулер жүргізген. Журналист Нұрлан Қалқаның да маңызды мақалалары бар. Қ.Абдуллин «Жетісу хабаршысы» басылымына «Қасқарау» (Қасқарау — Ұлы жүздегі ру аты. М.Ж.) деген бүркеншік атпен өткір мақалалар жариялап тұрған жалынды журналист. Кеңес қызметінде жүргенде оны, ақгвардияшылдар айуандықпен азаптап өлтірген-тін. Қ.Абдуллиннің Түркістан атқару комитетінің мәжілістеріне Жетісу өлкесінен келген делегат қана емес, тілші ретінде-де қатысса керек. Себебі, съезд күн тәртібінде алқалы мәжіліс барысы баспасөзде жарық көретіні, оған жауапты адамдардың қатарында Қ.Абдуллиннің аты бірінші болып жазылыпты. Бұл мәлімет Қ.Абдуллин туралы зерттеулерге жаңалық болатынына сенімдімін.

Ал, Тұрар Рысқұловқа қатысты мынадай тың материал табылды. Ол Түркістан орталық атқару комитетінің алқалы жиналысында Түрккомиссия жұмысына көңілі толмай, қызу пікір білдірсе керек: «…олардың қатарында жергілікті ұлттың өкілдері жоқ, оларсыз аталмыш ұйым жұмысын қалайша жүргізбек, орыста «өзгенің шіркеуіне өз ұстанымыңмен кіре алмайсың" деген сөз бар, бұл жердің саяси әлеуметтік ахуалын білмеген адам, менталитетін сезінбеген адам елге қандай, ақыл айтпақ!" деген жолдарды оқып отырып, иә, мұндай жалынды сөздерді сол замандарда екінің бірі айта алмайтын еді деген ойға келдім. Тұрар, ақын Есенғали Раушановтың өлеңіндегідей «қаңғып келген шөрегей көлге пана бола алмайтынын» ескерткен болса керек сонда. Соңыра, Түрккомиссия Мәскеуге Түркістан атқару комитетінің алқалы жиналысындағы мінез әрекеттеріне байланысты Т.Рысқұловты партиядан шығару, барлық мандаттарын қайтарып алу керектігі туралы В.Лениннің атына жеделхат жіберіпті.
В.Ленин шығыс халықтарынан шыққан қайраткерлер қатарында Тұрар Рысқұловты оның белсенділігін, қайсарлығын мойындаған. Себебі, Лениннің ұлттар саясаты туралы концепциясын сынап, әркез ондағы баптардың дұрыс орындалуын жіті қадағалап отырған Тұрар. Алайда, Т.Рысқұлов ұсынған түркі республикасын құру туралы идеясы Ленинді шошытқаны шындық. Сондықтан ол Тұрар бастамасын қолдаған жоқ. Ал, Тұрар 1924 жылы В.Ленин қайтыс болғанда «Екі дүниені біріктіріп тұрған ту — Ленин» деген мақала жазғаны рас. Ол «Қызыл Қазақстан» журналында басылған.
Әуелде әріптес тарихшының «ГАРФ-та Т.Рысқұловқа қатысты татымды ештеңе таппайсың-ау» деген сөзіне журналист ретінде күмәндана қарап едім. Екі күндей табанымнан таусылып, шындығында ештеңе таба алмай қиналдым. Қармағыма ілінген ұсақ-түйекке көңілім құлазыды. Менің «қайтпас қажырлылығымды» сезген Нина Абдуллаева (Оқырмандар залының меңгерушісі М.Ж.) «тоғызыншы подъездегі дәстүрлі каталогтар залына барып, жұмыс жасап көріңіз» деген соң соған қарай жүрдім. Айтпақшы, ГАРФ-ты өз алдына үлкен шаһар демеске лажың жоқ. Он үштен астам подъезд тік төрт бұрыш формасында шеңбер жасап тұр. Мұрағатта байырғы қызметкерлер көп екен. Олар жұмысына тиянақты, жасампаз адамдар болып шықты. Менің «ит арқасы қияннан» келгенімді білген соң, көп көмектесті. «Сонымен-, деді, Александра Николаевна «мына екі жәшіктегі картотекаларды бір бірден қараңыз да орнына шатастырмай, рет ретімен қайта қойыңыз. Мен тағы да басқа жәшіктерді қарастырып келейін» деп кабинетіне жалғыз қалдырып кетті. Жәшік сыртында «Именной каталог» Росс-Турк деген жазу бар. Рыскулов Турар деген картотекаға барып бір-ақ тоқтадым. Өз көзіме өзім сенер емеспін. Рысқұлов Тұрар. Дәл өзі, қайта оқыдым. Қуанғанымнан алдымен карточкаларды санап шықтым. Жиырма екі. Екі күн сенделген күй кешіп едім, мынау ойламаған олжа болды ғой. Осының алдында ғана Александра Николаевна «Т.Рысқұлов қандай қызметтер атқарып еді, кілт сөздерді есіме салыңызшы, бізде мәлімет бола қояр ма екен?» деп еді. Мынау мен ойлағаннан да көп дүние. Дереу дәптеріме құжаттардың атауын тіркей бердім, тізе бердім. Карточкалардың пошымына қарасам ешкімнің қолы тимепті әлі.
Соңғы құжаттан басқаларына қарап отырсақ, Кеңестер Одағында Т.Рысқұлов ат салыспаған сала қалмаған екен. Және Т.Рысқұлов көптеген комиссиялардың мүшесі болып қана қоймай тікелей аралысып, өз ұсыныстарын енгізіп отырған.
Тұрар мен Нығмет
Теңдессіз құжаттардың ішіндегі мына жиырма екіншіні ашып оқи бастадым. 1937 жылдың 1-тамызында Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті Президиумы жиналысының № 82 хаттамасы
Төрағасы — Калинин М.И
Қатысқандар: БОАК мүшелері, Кисилев А.
Крыленко Н.В, Новиков Н.Ф.
ұйымдардан: РСФСР прокуратурасынан — Куприянов И.
РСФСР Жоғарғы Сотынан — Микин А.
«Правда» баспасынан — Ревин А.И.
Мемлекеттік сауда Одағынан — Березин Л.Н.
Мәскеу Кеңесінен — Никулин Т.П.
Қырым АССРі ХАғКомиссариатынан — Ганжинский Л.В.
Адыгей облыстық атқару комитетінен — Минаш М.И
ТАСС-тан — О. В. Мамаевалар қатысқан жиналыста жиырмаға жуық мәселе күн тәртібінде қаралады. Осынау басқосудың тоғызыншы және оныншы пункттері тұсында СЕКРЕТНО деген жазу тұр. Құжатты толық қарап болғанымда соңғы бетте екі қосымша парақша шықты. № 82 хаттаманың көшірмесі.
Үңілсем: 9.10. БОАК ХVІ шақырылымы мүшелігі құрамынан контрреволюциялық ұйымдарға қатысқандығы үшін Камбалин Н.В., Кисилев А.К., Гарьковой И.И., Нұрмақов Н.Н., Шотман А.В., Рысқұлов Т.Р., Сулимов Д.Е., Кодацкий И.Ф., Кутузов И.И., Паукер К.В., Прокофьев Г.Е. шығарылсын.
Расталды. 2.11.1937 ж. БОАК Хатшысы А.Кисилев (қолы)
Осы соңғы құжатта Нұрмақов пен Рысқұловтың есімдері қатар аталыпты.
Ресми құжаттар бойынша Т.Рысқұлов 1937 жылдың 21 мамырында тұтқындалғанда оның отбасы мүшелері Ресей мен Қазақстанның азап лагерлеріне жабылады. Он ай бойы құр сүлдесі қалғанша түрмеде жатқан Тұрар 1938 жылдың оныншы, ақпанында ату жазасына кесіледі. Жаппай қуғын сүргін заманда Тұрар мен Нығметтің істі болмай, аман қалуы екіталай-тын…
Негізінен, қазақтың осы екі азаматының есімі басқаларға қарағанда Мәскеудегі мұрағат құжаттарында жиі қатар кездеседі. Олардың қызметте ғана емес өмірде-де жолдас болғаны туралы жазушы, публицист Жайық Кәгенұлы Бектұров өзінің «Енеден егіз туған төл секілді» атты естеліктер кітабынан Смағұл Садуақасов қайтыс болғанда қайын атасы Әлиханды екі қолтығынан демеп көтеріп, сыртқа алып шыққан Тұрар мен Нығмет еді деген жолдарды оқимыз. Одан бөлек Н.Нұрмақов пен қатар Т.Рысқұловтың мақалалары «Новый Восток» журналында үнемі жарияланып тұруы да кездейсоқтық емес сияқты.
Рысқұлов кеңестік газет беттерінде
Шығыс киносын дамыту бағытында да Т.Рысқұлов «Шығыс кино» бірлестігін ашу, қызметін қалыптастыру, дамыту туралы қаншама құжатқа қол қойып, басқосуларда төраға ретінде, өрелі сөзін айтқан. Тұрар Рысқұлов 1928 жылы «Еңбекші қазақ" газетінде «Күншығыс елдерінде кино(жанды сурет)ның міндеті» деген мақала жариялайды. Онда ол киноның қазақша баламасын қөрсетеді, яғни жанды сурет. Өкінішке қарай, қазіргі таңда терминком «жанды суретке» мән беріп отырған жоқ. Ал еліміздегі үлкен экранды кинотеатрлардың біразы ойынханаға айналып кетті емес пе?!
Т.Рысқұлов Кеңестер Одағының Коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы қызметі Бас басқармасының бастығы болып тағайындалған. Қазіргідей емес, коммуналдық және тұрғын үй қызметі саласы ол уақыттарда маңызды сектор болғаны шындық. Тіпті, мемлекет тарапынан «Коммунальное хозяйство», «Коммунальное дело», «Коммунальный вестник» және т.б. басылымдар тұрақты шығып тұрған. Ішіне батпан тарихты бүгіп жатқан сол жылдары, нақтырақ айтқанда 1931 жылы шыққан «Коммунальное дело» журналын парақтап отырып та Т.Рысқұлов қолтаңбасын таптым. Басылымда жарық көрген мақалалардың дені Т.Рысқұловтың бұл салада да өндіртіп іс атқарғанын дәлелдейді. Тұрар коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы — ел экономикасының басты секторы екенін айтып қана қоймайды, нақты іс шаралардың жүзеге асуын қадағалаған. Аталған басылымдардағы кейбір мақалаларда ол «Т.Р." деп аты жөнін бас әріптермен көрсеткен. Мақаланың берілу формасы, композициясы, тілі, стилі сияқты элементтерін салыстыра келе Т.Рысқұловқа тән деген тоқтамға келдім. Осы мәселеге байланысты тарихшы Д.Аманжоловамен, ақылдасып едім, ол кісі-де «Т.Рысқұлов болуы әбден мүмкін» деп бірнеше дәлелдерді алға тартты.
РСФСР ХКК төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов 1929 жылы үкіметтік делегация құрамында Еділ өзенінің төменгі сағасындағы өлкелерді аралап, Саратов қаласына тоқтайды. Өлкелік «Поволжская правда» газетінде 1929 жылы Т.Рысқұловтың көптеген мақалалары жарық көріпті. Тіпті, 1929 жылдың 24 қарашасында басылым журналисі Т.Рысқұловпен сұхбаттасады. Сұхбат мәтіні-де газетте үлкен қаріптермен «Хозяйственно-культурное строительство Нижней Волги» деген атпен жарияланған. Басылым бұл сапарға ерекше ықылас танытқанын газеттің алғашқы бағанындағы «Беседа с заместителем председателя СНК РСФСР тов. Рыскуловым» деген лидтен-де тануға болады. Дегенмен, Т.Рысқұловтың жолсапар мақалалары түсініксіз себептермен елімізде 1984 жылы шыққан 1-томдығында, 1997 шыққан үш томдығында да кездеспейді. Ал, «Поволжская правда» басылымындағы сұхбат ешбір жинаққа енбей қалған.
«Поволжская правда» басылымында жарық көрген Т.Рысқұловтың осынау мақаласының «В национальных районах края» деген бөлігіне мән берейікші: Калмыкия за это время выросло необычайно: особенно за время вхождения в край. Мы там слышали в Калмыцких областных организациях что Калмыкия во многм выиграла от того, что вошла в край. Столица Элиста строится быстро, но Калмыцкие организации слишком увлеклись строительством столицы за счет забот о поднятии общего культурного и хозяйственного уровня области. Основное внимание необходимо направить на обслуживание социально-культурных и хозяйственных нужд населения.
Отсталое и разбросанное кочевое калмыцкое население необходимо охватить большим культурным обслуживанием, но до сих пор этим вопросом в Калмобласти как следует еще не занимаются. Необходимо в области скотоводства мероприятия усилить.
Самое ценное в Калмыкии — это разведение тонкорунного овцеводства. Там имеется до 200 тыс. овец это очень ценный капитал. Это дело нужно развить. Также и в отношении мясного скота. Вокруг этих вопросов необходимо направить все остальные меры. Эти отрасли интересуют и весь союз, всю промышленность. Сюда необходимо притянуть и средства потребителей. Нужно поднять удельный вес обобщественного сектора.
В отношении землеустройства и мелиорации также необходимо сосредоточить работу в определенном направлении, а не распыляться по всей степи.
Нужно уладить вопрос о языке. Дело в том что в Калмыкии до сих пор государственный язык — русский. Все органы и школы работают на русском языке. Это противоречит той установке, которая дана партией о национальной политике. Калмыцкие интеллигенты, воспитанные на старых началах, решили, что можно вести работу на русском языке. Это неверно. Аппарат работает на русском, а масса непонимает его. Калмыки должны были провести у себя коренизацию, перевести все делопроизводство на родной язык.
Тұрар неліктен қалмақ ұлты туралы шырылдап, соншалықты жанашырлықпен айтты? Олар да түптің түбінде қазақ сияқты қабырғалы халық-тын. Өз мәдениеті, өз болмысы, менталитеті бар еді. Т.Рысқұлов кеңестік отарлау саясатының салдарынан қалмақтардың ұлттығын жоғалтып алу қаупі тұрғанын дөп басады. Дегенмен, бұл тек қалмақ ұлтына ғана емес қазақтарға да қатысты мәселе еді. Сондықтан да Т.Рысқұловтың өзге ұлттардың тағдырына алаңдай отырып, соның аясында қазақтың да жағдайын күйттегенін ұғыну қиын емес.
Тұрар Рысқұлов РСФСР ХКК төрағасының орынбасары қызметін атқарып тұрған шақта қаншама комитетті басқарып, алқалы жиналыстардың президиумында отырған, сансыз көп комиссия жұмысына мүше болып сайланған. Кезінде алаш арысы, Тұрардың замандасы, үлкен қайраткер Мұстафа Шоқайдың оны «Сталиннің фавориті» деп көрсетуінде мән бар екенін ұқтым. Себебі, Тұрарды қандай жауапты қызметке жұмсаса да ол өзінің іскер басшы, шебер ұйымдастырушы екендігін танытқан.
Михаил Павлович
Қазақстандық кітапханалар мен мұрағаттарда толық жиынтығы кездесе бермейтін басылымның бірі «Новый Восток» журналы. Журналдың бас редакторы ірі ғалым, түркітанушы М.Павлович (Вельтман) туралы қазақтың зиялылары сол замандарда-ақ, көптеген жағымды пікір айтқан. Журнал бетінде жарық көрген мақалалардан бөлек, мұрағат құжаттарында Т.Рысқұловтың, Н.Нұрмақовтың, Ж.Досмұхамедовтың, Н.Төреқұловтың және т.б. М.Павловичке жолдаған хаттары сақталған. Тіпті, М.Павлович қайтыс болғанда оның табытының бас жағын Н.Төреқұлов көтерген. Неліктен Павлович шығыс халықтарына, оның ішінде қазақтарға жақын болды? деген сауалға келер болсақ, аса білімді азамат саналы ғұмырында патша тұсында көп қыспақ көреді. Жапон аралдары, Қытай, Франция сияқты елдерде жан сауғалайды. Шығыс Түркістанда қазақтар арасында тұрып, олардың керемет бай мәдениеті, салт дәстүрімен қоса ауыр тұрмысын да көзбен көреді. Қазақтардың туғаннан ғылым-білімге зеректігі оны таң қалдырса керек. «Шығыс халықтарының мәдениетін Европаны жайлап жатқан елдердің мәдениетіне айырбастамас едім. Мәдениеттің ошағы — шығыс» деген сөздер құрдасы В.Ленинге тіпті ұнамайды.
Негізінен, Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен 1921 жылы 13 желтоқсанда Мәскеуде Кеңестер Одағының Шығыстану Ғылыми Ассоциациясы өз жұмысын бастайды. «Новый Восток» журналы осы ғылыми ассоциацияның органы ретінде 1922 жылдан бастап шығады. Журнал шығыс халықтары туралы танымдық материалдарды жариялаған. Журналдың бір саны 384–735 беттен тұрған. Шығысқа сапар шеккен қаншама этнограф, тарихшы, музыка зерттеушісі басылым беттерінде тек қана таңданыспен зор ілтипатпен естеліктер жазған.

Бұл журналдан Т.Рысқұловтың көптеген мақалаларын кездестірдім. Тегінде Т.Рысқұлов М.Павловичпен 1920 жылы Бакуде өткен шығыс халықтарының бірінші съезінде танысса керек. Коминтерн ұйымдастырған бұл бірінші съезд қорытындысы ретінде «Шығыстағы насихат және іс-қимыл Кеңесі» құрылады. Тұрар да, М.Павлович те осы Кеңестің құрамына енеді. Кейінірек Тұрар М.Павловичпен Мәскеуге қызмет ауыстырып келгенде-де қарым-қатынасын үзбеген. Тұрар М.Павлович қайтыс болғанда «М.Павлович және шығыс халықтары» деген мақала жариялайды. Бұл әуелде қазанама ретінде басылым бетінде жарық көреді. Негізінен, біздер қазіргі таңда Тұрар Рысқұловты тек қана мемлекет қайраткері, тарихшы, публицист деп қана емес, оның түркітану саласына қосқан еңбектерін-де назардан тыс қалдырмау керек сияқтымыз. «Новый восток» журналында жарық көрген мақалалары соның айқын дәлелі.
Аққағаз Досжанова
Өткен ғасырымыздың жиырмасыншы жылдары Ташкент Түрік Республикасының алтын бесігі болғаны айқын. Республика басшылығына қазақтың біртуар азаматтарының келуі елдің өркендеп өсуіне кең көкжиек ашты. Қырғыз АССРінен Түркістанға Жүсіпбек, Мағжан, Сәкен, Мұхтар, Әлімхан және т.б келіп, Тұрар, Нәзір, Сұлтанбек сынды білгір, білімді, басшы азаматтардың жанынан табылды. Олардың көздегені ұлтымыздың еркіндігі, бірлігі, бүтіндігі болғаны айдан-анық.

Алашорданың оңтүстік филиалында Сұлтанбек Қожанов, Мұстафа Шоқай, Хайретдин Болғанбаев, Аққағаз Досжанова және т.б бар-тын. Өз алдына «Бірлік туы» деген басылымы болды. 1918 жылы Алаш үкіметі ыдырағанда оның оңтүстіктегі филиалына да оңай тимеді. Қудалау, абақтыға жабу сияқты шаралар жүргізілді. Оның барлығы қазір тарихқа айналды. Тарих қойнауынан аршып алған Алашорданы Кеңестерге, бүтіндей жүйеге қарсы қою, ондағы қайраткерлердің рухын алалап, кейбірін төмендету, қайсыбірін аспанға көтеру науқаны енді ғана саябырсығандай. Осынау маңызды мәселеге мұқият қарап, терең зерттеген жөн.
Мұрағатта бір кездері «құпия» болған құжаттарға, қазір жаңаша көзқараспен қараған жөн. Өзбек республикасының Ташкенттегі мемлекеттік орталық мұрағатында әлі-де көпшілікке беймәлім, көтерер жүгі қомақтың дүниелер жетерлік деп жоғарыда айтып өттік. Т.Рысқұловтың Түрік Республикасындағы қоғамдық қызметін зерттей отыра қызықты құжатқа тап болдым. Ол 1922 жылы 14 желтоқсанда қабылданған қаулы. Қазақ қыздарының арасында тұңғыш дәрігер дипломын алған, Аққағаз Досжанова туралы. «Айқап» 1913 жылы № 16 санында: Орынбор гимназиясын бітірген, Аққағаз Досжанқызының Москвадағы жоғары оқу орнына түсуі туралы хабар жариялаған. Дегенмен, 1922 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің медицина факультетін тәмамдайды. Аққағазды ортаға алып Тәшкендегі қазақтың оқығандары суретке-де түседі. 1922 жылы Тұрар Рысқұлов Түрік Республикасы комиссарлар кеңесінің төрағасы қызметінде болған. Сол тараптан № 238 қаулы шығарып, қолын қояды. Қаулының мазмұны не дейді?
П О С Т, А Н О В Л Е Н И Е
СОВЕТА НАРОДНЫХ КОМИССАРОВ ТУРКРЕСПУБЛИКИ
«14» декабря 1922 года № 238
Текущей осенью окончила медицинский факультет Туркестанского Государственного Университета тов. ДОСЖАНОВА Аккагас, первая женщина-киргизска получившая высшее специальное образование в Советской Республике.
В истории киргизского народа это второй случай получения женщиной высшего врачебного образования. Приветствуя в лице тов. ДОСЖАНОВОЙ врача из среди женщин коренного населения Совет Народных Комиссаров Туркреспублики, в развитие условий, благоприятствующих и в будущем делу получения высшего образования женщинами-туземками

п о с т, а н о в и л:
1. Учредить при Туркестанском Государственном Университете из средств Совнаркома стипендию имени ДОСЖАНОВОЙ, предназначив таковую для выдачи студенткам туземкам, уроженкам Туркестана.
2. Выдать — тов. ДОСЖАНОВОЙ из средств Совнаркома премию в сумме 100.000 руб. дензнаками 1922 года и принять на счет Совнаркома оборудование врачебного кабинета по ее специальности.
Председатель Совета Народных
Комиссаров Туркреспублики (қолы) Т. Рыскулов
Зам. Управляющего Делами (қолы) Л. Маевский
Секретарь (қолы)
Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуші, қазақ сатирасының сардары, ұстаз Темірбек Қожакеевтің айтуынша 1922 жылы 100 сомға жақсы жылқы сатып алуға болады екен. Рысқұловтың А.Досжановаға 100.000 сом бөлгізуі жомарттық па, әлде қызмет бабын пайдалану ма? Қалай десек те, сол кезде екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс еді. Оның үстіне Тұрар ұлт мүддесін ойламай, өз жеке басының ғана қамын ойласа, қомақты қаржыны бір қызға бөлгізер ме еді деген сауалдар туындайтыны белгілі. Тарих көшіндегі екі идея адамдарының басы ешқашан бір қазанға сыйған емес. Десек те, ұлт мүддесін алдыңғы қатарға қойып, ұлт келешегі үшін қайырымды іс жасау жасампаздық емей немене?!

Тұрар Рысқұловтың басқа публицистерге қарағанда, бүркеншік есімге соншалықты әуес болмаған. Ашық айтып, ойын еш бүкпесіз жеткізген. Өмірінің соңына дейін бұқаралық ақпарат құралдарын өзіне серік қылды. Елімізде шыққан «Еңбекші қазақ», «Қызыл Қазақстан», «Тілші», «Советская степь» т.б. басылымдарда Т.Рысқұлов Мәскеуде қандай қызметте болса да материалдары жарияланып тұрған.

Тұрар Рысқұловтың зираты табылды
Режиссер Еркін Рақышев бастаған шығармашылық топ Алаштың арда азаматы, көрнекті сая¬си қайраткер Тұрар Рысқұловтың жерленген жерін тапқанын мәлім етті. Атылғанына 70 жылдан астам уақыт өткенде барып қайраткердің денесі репрессияланған басқа да азаматтардың мәйітімен бірге КСРО НКВД-сының Мәскеу облысындағы «Коммунарка» атты бұрынғы арнайы объектісінде жатқаны белгілі болған сыңайлы.

«Ком¬мунарка» объектісі 1930–1940 жылдар ара¬лы¬ғында жап¬пай атылғандарды жерлеу орны ретінде белгілі. 1999 жылға дейін ол «Лоза» де¬ген құпия атпен ата¬лып келген. Ресейдің Фе¬де¬рал¬ды қауіпсіздік қызметі сарап¬шы¬ларының пікі¬рін¬ше, қорымда 6,5 мың адам¬ның сүйегі жатыр, алайда олардың ішінде 4527 адам¬ның ғана аты-жөндері белгілі. Негізсіз таңыл¬ған саяси айып бойынша атылған сол адамдардың аты-жөндері ар-найы шы¬ға¬рылған дерекнамалық кітапқа енгі¬зі¬ліп, сонымен бірге қысқаша өмір¬баян¬дары да берілген екен. «Сол тізімдегі адам¬дардың қа¬та¬рында тек Тұрар Рыс¬құловтың ғана емес, Нәзір Төреқұлов пен Сұлтанбек Қожановтың да есімдері бар. Мәдениет министр¬лі¬гінің тапсы¬рысы бойын-ша, „Тұрар Рыс¬құлов“ атты-де¬ректі фильм түсі¬руге кірісе отырып, біз бірінші кезекте Тұрар, ағамыздың зи¬ра¬тын табуды мақсат еткен едік. Басқа қа鬬¬рат¬¬кер¬лердің де¬ре¬гіне кездейсоқ ке¬зік¬тік», — дейді ре¬жиссер Ер¬кін Ра-қы¬шев.

Фильмді түсіру барысында шы¬ғар¬машылық топ Тұ¬¬рар Рыс¬құ¬лов¬тың табаны тиген, қайраткерлік қы第¬ме¬тінің ізі қалған Ташкент, Тараз, Түркіс-тан, Шы쬬кент, Мәс¬кеу қала¬ла¬рын түгел аралап шық¬қан. Мәскеуде Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметіне арнайы сұрау сал¬ған және жаппай ату ісіне қатысты мате¬риал¬дардың «Мемориал» атты халық¬ара¬лық құқық қорғау қоғамына тап¬сырылғандығын анық¬таған. Ақы¬рында аталған қоғам қы¬з¬меткер¬лерінің көмегімен Тұрар Рыс¬құ¬ловтың жерленген жерін анықтауға мүмкіндік алған. Фильмге қажетті мәлі¬мет¬терді көбірек жи-настыру мақсатында шығармашылық топ Тұрардың Мәс¬кеуде тұратын немересі Вла¬димир Рысқұловпен-де арнайы кез¬дескен.

Қайраткердің жерленген же¬рін ал¬ға¬ш анық¬тап, тұрартану ғы¬лымына тың де¬рек қос¬қан шы¬ғармашылық топ ата묬¬¬¬ған фильмді биылғы жылдың ая¬ғы¬-на қарай эк¬ранға шығармақ ниет¬те.

Талас ОМАРБЕКОВ, тарихшы:

— Жалпы, Т.Рысқұлов, О.Исаев, Мир¬¬зояндардың 1939 жылы Мәскеуде аты묬ғандары анық. Неге айыпталғаны ту¬ралы да деректі құжаттар қолымызда бар. Тек нақты қайда жерленгені бел¬гі¬сіз болып келді. Бірақ қабірлердің жа¬нын¬дағы шіркеулердің тізімінде болуы мүм¬кін. Онда да заңға сәйкес, қаулыны оқып, попты шақыртып, қазақ¬ша айт¬қан¬¬¬да, иманын үйіртіп ат¬қан болса, діни мекемелерде міндетті түр¬де тір¬келеді. Ал Қазақ¬станда 18 ха¬лық комиссарын сот¬сыз атқан да, қапқа салып апарып, көміп тастаған. Мұн¬дай жағдайда атыл¬са, діни ме¬кемелерде-де еш дерек бол¬май¬ды.

Менің бір білетінім, «троцкийшіл, зиновьевшіл блокқа қатысқан», «ұлт-шыл-буржуазиялық партия¬лар құрған» деп айыпталған Т.Рысқұлов, О.Исаев тә¬різ¬ді қайраткерлер кез келген жерде атыл¬маған. Түрмелердің жанында, НКВД мекемелерінде оларды арнайы бір ату орны болған. Жаңағындай жер¬лер¬ге сосын апарып жерлеген.

Егер-де киногер айтып отырған-де¬рек шындыққа сай болса, бұл тарих үшін өте құнды, маңызды жайт болар еді. Мә¬лі¬метін растау үшін енді ол аза¬ма¬т осы фак¬тіге қатысты түпнұсқа құ¬жат¬¬тар¬¬дың фотокө¬шір¬ме¬сін тарих¬шы¬лар¬ға көрсетіп, баспасөзде толық жа¬рия¬¬лауы тиіс.

Еркін РАҚЫШЕВ, «Тұрар Рысқұлов» де¬рек¬ті фильмінің режиссері:

— «Комунарка» зиратханасының ор¬нында қазір бір шіркеу орналасқан. Сол шіркеудің қызметкерлері «Фе¬де¬рал¬ды қауіпсіздік қызметі барлық құжат-тарды жақында ғана „Мемориал“ қоғамдық қо¬рына берді» дейді. Солар-дың барлық қа¬ғаздарын компьютерге шы¬ғарып қа¬ра¬дық, олар толық тізімді көр¬сетпейді. Тек фамилия атасаңыз, ком¬пьютерге шы¬ғарып береді…

Автор: Роза Рақымқызы