Көне құлпытастар сыры
07.08.2017 4396
Жалпы кез келген қаланың тарихы ecкi қорымдары мен көне ғимараттарынан басталады. Халқымыз әдетте бейітті, зиратты қабірді жинақтап «Қорым» деп айтады.

1998 жылға дейін Астана қаласы бүгінде тұтас бір облыс Ақмола атауын иеленгені баршаға мәлім. Ақмола — әлімсақтан қазақтың тарихи жер ныспысы. Дәстүрлі ұлт түсінігіне «мола» — иман мен тазалықтың, таным мен тағылымның орны. Халықтың «Жолсызда адассаң, молаға барып түне», «Молалы жерде сайтан болайды», «Молалы жер — шырақ, моласыз жер — жырақ жер», «Қабірдің қорғаушысы — Құдай» т.б. аталы сөздері біраз нәрсені аңғартса керек.

Тарихи Ақмола атауы туралы ел арасында талай аңыз, дерек айтылады. Соның басым көпшілігінде бұл топоним «киелі жер», әулие мекен" деген мағына береді. Ақмоланың арғы-бергі мыңдаған жылғы тарихында Есілге қонған Бозоқ жұрты, әйгілі «Хан жолының» тағдыр-талайы, атақты Хан Кене жорығы ерекше айтылады. Енді осылардан қалған белгі бар ма?.. Құдайға шүкір, Елбасымыздың бастамасымен Бозоқта Л.Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университетінің кезінде Кемал Ақышев, бүгінде ол кісінің шәкірттері жүргізіп жатқан археологиялық экспедициясы біршама жұмыстар атқарды.

Өкінішке қарай, «хан жолы» қайдан тартылды, қайда бағытталды — бұл туралы қазіргі замандастарымызға көрсететін жәдігерлік те, белгі де жоқ... Хан Кене тағылымына келсек, оның жаңғырған Есіл жағалауындағы еңселі ескерткішіне халықтың ықыласы мен алғысы шексіз. Бүгінгі білікті зиялыларымыздан «Астана неден басталды?» деп сұрағанда, олар: «Жаңа елорда Хан Кене ескерткіші мен Еуращия университетінен басталды» деп жауап берген. Біздіңше, бұл ойдың терең рәміздік мәні бар.

Хан Кене туралы тоқтам — өткенге көзқарас, Еуразия ұлттық университеті — болашаққа деген үміт... Өткенге көзқарас дегеннен шығады, Еуропаның қай еліне бара қалсаңыз, «Біздің тарихымыз және мәдениетініміз» деп, мүлгіп тұрған байырғы зиратын көрсетеді. Басқа-басқа, өзімізбен тағдырлас, тамырлас Әзірбайжан еліне ат басын тіресеңіз, Баку орталығындағы «Шейіттер қабірстанына» апарады. Сол тұста елшілдік пен имандылықты сезінгендей боласыз.

 

 

 

Смағұл Садуақасұлы

 

Қазақ жұрты зират пен қорымға ешқашан қырып қараган емес. Бұл асыл дініміздің қағидатымен, оның біз тұтынатын жолы — Әбу Ханифа мазхабы дәстүрімен түсіндірілсе керек. Ал саяси қуғын-сүргінді XX ғасырда жақсылар мен жайсаңдар моласының ескерілмей қалуы жауынгер атеизмнің жөнсіздігі мен жолсыздығына байланысты. «Сайтан азғырады, албасты басады». Мұны «шыбын шавдан құрлы көрмейтін» бүгінгі жұрт — несін айтасыз, өз жұртымыз. Әйтпесе, Алматыдағы «Кеңсай қабірстамында» қай тұлғалар жерленгенін халық анық біле ме? Райымбек даңғылы бойындағы мұсылман-христиан аралас зиратында кімдердің жерленгенін келешек ұрпаққа кім нұсқап кетеді?.. Әрине, артының қайырын берсін!

Халқымызда «Өлі риза болмай, тірі байымас» деген керемет тағылымды сөз бар. Бұл — өткенді ұмытпау мен болашаққа парасатпен қадам басуды білдіретін ұғым. Иә, өмірдің өз ағысы секілді, заманалар көшеді, белгілер қалады. Мысалы, қазір мектептегі балаға дейін білетін бір факт: Ақмола маңайында ел тәуелсіздігі үшін күрескен Кенесары ханның (1802-1847) тарихи шайқастары жүрген. Азаттық жолында соңғы ханның талай сардарлары, сарбаздары басын бәйгеге тіккен. Ал енді осы тағылымды оқиғаның қандай белгі-орны сақталған? Осы сқрақ тарихқа бейжай қарамайтын талай отандастарымызды толғандырушы еді. Толғана отырып, Есілдің бойына Елбасымыздың тапсырмасымен орнатылған Кенесары хан ескерткішінен pyx, тарихи серпін алатынбыз. «Осының бәрі Тәуелсіздіктің арқасында!» деп, тәубемізге келетінбіз. Бір қызығы, осы өңірдің көнекөз қариялары «Кенесары сарбаздары көне қорымға жерленген» деген деректі жиі айтатын. Осы деректің шынайылығы таяуда нақты белгілі болды. Құдай сәтін салып, Тәуелсіздіктен соң «елім, жерім» деп тарихи Отанына оралған, ескіше (жәдитше) жазу танитын жастар 2012 жылы Астананың Жастар" шағын ауданы аумағында орналасқан көне қорымнан Хан Кененің шаһит кеткен 200 сарбазының рухына арнап қойылған көне құлпытасты тапты.
Құлпытаста араб харпімен былай деп жазылған:

1-жол:Ережеп айының [...] оразасы
2-жол:1838-інші жыл Сармырза
3-жол:Қайыролла [...] қолының
4-жол:Шаһит Саржан ұлы
5-жол:50 жасауыл Ақмола
6-жол:Ханның ұлы төрелер 200 сардар
7-жол:Көшті Алла-тағала шаһит-
8-жол:терінің жанын жәнаттың [...]

Мәтінде көп нүкте қойылған жерлердегі сөздер өшіп кеткен, сондықтан әзірше оқылмай тұр. Құлпытастың сол жақтағы тігінен жазылған жазуда «Иманқұл» деген сөз оқылады. Бұл ескерткішті орнатқан адамның аты немесе имани сөздің басы болуы мүмкін. Оң жақтағы тігінен жазылған мәтінде «Асыл тастағы ұсыл [сол] күзетер [көредүр] екі көзің болсын» деп жазылыпты (жоғарыдағы ескерткіштегі ескі жазуды оқыған — жас зерттеуші Ұшқын Сәйдірахман). Әлбетте, заманауи жазу тану технологияларын пайдаланып оқылмаған жазулардың біразын болашақта ажыратуға болады деп есептейміз.

Осынау құлпытас мәтінінен (эпитафия) не ұғамыз?

Біріншіден, бұл ескерткіш — сөзсіз XIX ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кенесары көтерілісінде марқұм болған қазақ батырларының құрметіне қойылған белгі. Өйткені мұнда көрсетілген жыл, кісі аттары, сөз-ұғымдар сол оқиғадан дәл хабар береді. Екіншіден, ескерткіштегі атау-ұғымдар жалпы болғандықтан, бұл — бүгінгі тілмен айтқанда, қан майданда шейіт болған бауырластар қорымын меңзейтін белгі. Қалай дегенде, осы тарихи құлпытас орнатылған мерзімінің ерте-кеш екеніне қарамай (әлбетте, кейінірек орнатылған болуы мүмкін) Қазақстан және Астана тарихы үшін елеулі факт болып қалады.

 

 

 

Алаш тұлғасы Смағұл Садуақасұлы аса қиын кездің өзінде Хан Кене туралы: «Патша өкіметінің зорлықпен істеген істеріне қазақ жұрты, әрине, риза болған жок. Бұл өкіметке көзге көрінгендей ең бірінші қарсылық қылған — Кенесары. Осы күні қазактың жазылмаған тарихында Кенесарының аты көптің аузында жанжалда жүр. Кенесарының хан екені рас, қолында билік болса, аспаннан айрықша нұр жауғызбайтыны да былай тұр. Бірақ Кенесарыньщ тарихи қызметін бағаламауға болмайды. Біз Кенесарыны құр аты үшін күйдіре алмаймыз. Кенесарының қызметіне қарай баға беру керек» деп жазған еді. Бір қуанарлық жайт, еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері аса көрнекті ханның тарихтағы орны айқындалып, жан-жақты зерттелініп келеді.

Ендігі басты міндеттің бірі — Астанадағы «Бабалар қорымында» жатқан Кенесары хан батырларының құлпытасын лайықты әспеттеп, осы зиратқа Тәуелсіздік талаптарына сай белгі қойып, тарих тағылымын ұрпақка кеңінен насихаттау, түсіндіру деп білеміз. Екінші міндет осы қорымды қорғауды мемлекет қамқорлығына алу. Тарихи қорымды қорғап, оның маңызын жауапты орындарға жеткізуде «Ақ Орда ақсақалдары» қоғамдык бірлестігі мүшелері мен Мемлекеттік Елтаңба авторы Ж.Мәлібекұлы елеулі жұмыстар атқарды. Соңғы уақытта осы бастамашыл топ іскер азаматтарға мынандай ұсыныс тастады:

Астана жастарын отаншылдық рухта тәрбиелеу үшін және еліміздің имандылық дәстүрін арттыру үшін Хан Кене сарбаздарының зираты тұрған мұсылман қорымы шарбағының сыртынан төбесі жабық тағзым ету орнын тұрғызу қажет.

Хан Кене сарбаздарының ескірген бейіт тасын жаңа заманғы құралдармен жаңбыр, жел тимейтіндей етіп консервациялап қою керек.

Бұл тағзым орнын әскери сарбаздар мен отаншыл жастардың ант қабылдау орнына айналдыру қажет...

Тарихи қорымының маңызын арттыратын тағы да айрықша негіздер бар. Мысалы, төңкеріске дейін Ақмола қаласында 5 мешіт жұмыс істеген көрінеді. Осы мешіт имамдарының бәрі де аталған зиратка жерленген.

2010 жылы елорда әкімдігінің қаулысымен «Жастар» шағын ауданындағы мұсылман зираты «Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне» енгізілді. 2012-2013 жылдары бұл зиратты лайықты қоршау жөнінен біршама игілікті іс атқарылды. Бұған «Рух» қоғамдық қоры, Ақмолада туған мәскеулік іскер ингуш азаматы М.С.Гуцериев көп еңбек сіңірді.

Бүгінде ел арасында «Бабалар қорымы» аталып кеткен осы қабірстанға не үшін Мәскеуден әкелінген аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, саяси репрессия құрбаны Смағұл Садуақасұлы (1900-1933) сүйегінің күлі жерленгенін жалпы жұртшылық енді ғана пайымдап жатыр.

Кеңес өкіметінің аса ауыр жылдарында Қазақстан Жастар одағын, Республикалық жоспарлау комитетін, Халық ағарту комиссариатын (министрлігін), педагогика университетін, бірнеше газет-журналдарды (ішінде бүгінгі «Егемен Қазақстан» мен «Ақиқаттың» бастауында тұрған басылымдар да бар) басқарған Смағұл Садуақасұлы өз тұсында аса танымал қайраткер болған. Сондай-ак, ол алғашқы ұлт театрын ұйымдастырып, қызметсіз қалған Алаш зиялыларына жүйелі көмек көрсетіп тұрды. 20-жылдары Абай мен Сұлтанмахмұт өлеңдерін жинатып, Бейімбет, Жүсіпбек, Мұхтар әңгімелерін орыс тіліне аударды. Өзі де қаламнан қол үзбей, «Сәрсенбек» романын, «Салмақбай-Сағындық», «Күміс қоңырау» повестерін, «Өртең», «Салмақбай, Махамбет», «Аптономия» әңгімелерін, сансыз әдеби-сын мақалаларын, танымдык еңбектерін жазды. Осының бәрі бір адам үшін, әрине, орасан зор жұмыс дер едік.

Смағұл Садуақасұлы — әлемдік деңгейде мақтанышпен көрсетуге лайықты қайраткер, дара ұлттық тұлға. Уақыт өткен сайын оның тарихи орны биіктей түспек.

Қазақта әрі қайраткер, әрі қаламгер адам аз ба?!

Смағұл Садуақасұлын басқа тұлғалардан ерекшелейтін касиеттер:

— ұлт теңдігі мен республиканы, өндірісті, шаруашылықты өңір ету жолында 
табанды күресіп, замандастары тарапынан «Біздің Кенесары» атануы;
— 20-жылдары қазақ жерінің тұтастығы үшін жан аямай табандап күресуі;
— қанқұйлы Ф.Голощекиннің геноцидін алдын-ала сезіп, ашық қарсы шығуы.

Қазақ «Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек» деп Смағұлдай азаматтарды айтса керек. Тағы да бір дерек: жастай Алашқа аңсары ауып, жастардың «Бірлік», «Жас азамат» ұйымдарында қызмет еткен С.Садуақасұлы 1923 жылы ешкімнен қорықпай, пәк махаббатты аялап, Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейханның қызы Елизаветаға (Зейнеп) үйленді. Сол жылы Ахмет Байтұрсынұлының 50 жылдық мерейтойында «Ақаңның алдында» атты баяндама жасады...

Осындай дәрежедегі қайраткер 1927 жылы саясаттан шеттетілді. Одан кейін ол біраз уақыт Ташкентте қызмет істеп, Мәскеуге қоныс аударды. Осында теміржол институтына түсті. 1932-1933 жылы Мәскеу-Донбасс теміржолында инженер болып қызмет етіп жүргенде ОГПУ-НКВД тарапынан құпия жағдайда өлтірілді. Жап- пай саяси репрессия әлі басталмағандықтан, Смағұлдың жүмбақ өлімі көп жария етілген жоқ. Биліктің шешімімен сүйегі өртеліп (қылмысты жасыру мақсатында), кремациядан соң туысқандарына берілді...

Е.Ә.Бөкейханова атынан 1933 жылы Дон зиратханасының қабырғасына қойылған құты мен табыттастағы қайраткер сүйегінің күлі 2011 жылдың 20 каңтарына дейін сол жерде сақталынып келді. Дон зиратханасындағы крематория римараты 1992 жылы христиандық діни ғұрыптар орнына айналдырылды. Ендігі жерде мұсылман қайраткері сүйегінің күлін ол жерде қалдыру үлкен дәстүрсіздік болар еді. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Смағұлдың мәйіт күлін елге жеткізудің мүмкіндігі туды.

 

 

 

С.Садуақасұлы мұрасына қатысты тарихи күн — 2011 жылдың 21 қаңтары. Дәл осы күні оның сүйегінің күлі ұшақпен Мәскеуден Астанаға жеткізіліп, Қазақстан елордасының Қазақ елі монументі жанынан өтетін Тәуелсіздік даңғылымен «Садуақас Ғылмани» мешітінің жаназа шығару бөлмесіне әкелінді. Астананың тарихи мешітінде төрт ай бойы Қазақ елінің азаттығы жолында шейіт болған тұлғаларымыздың рухына, соның ішінде Смағұл Садуақасұлының рухына қасиетті Құран аяттары бағышталып жатты. 2011 жылы 20 мамырда Парламент депутаттары, Астана зиялылары, туыстары қала басшылығының қолдауымен қайраткер сүйегінің күлін аманаттап «қара молаға» қойды.

Ұлт тарихында Түркістанға жеткенге дейін қазақтың талай хандары мен батырлары «қара молаға» (уақьггша) қойылған. С.Садуақасұлы «қара моласына» байланысты бірнеше себеп бар:

1) Алаш қайраткері сүйегін басқа елден әкелу оқиғасы бұрын-соңды болмаған еді, 
сондықтан «Ұлттың пантеон» мәселесі күн тәртібіне шықты;
2) «Смағұл сүйегі қойылады» деген екі орынның («Хан Кене сарбаздары жерленді» 
деген «Жастар» шағынауданындағы зират пен «Қабанбай батыр жерленді» деген Қосшы кенті маңайындағы зират) ғылыми-деректік негізі әлі нақтылана қоймады. Бір сөзбен айтқанда, бодандықтан бостан болған біз, қазақ қауымы, тарихи қайраткерлерді жерлеу мен рухын қадірлеуге қатысты елдік істерге даяр болмай шықтық...

Жоғарыда 2012 жылы «Жастар» шағынауданындағы зираттағы бір құлпытастан Хан Кененің сарбаздарының жерленгені мәлім болды дедік. Біле-білсек, бұл да Тәуелсіздік жылдардағы аса ірі тарихи оқиға еді. Құдайдың құдіретімен енді Смағұл сүйегінің күлі мәңгіге байыздайтын орын айқындалды. Елорда зиялылары, дін қайраткерлері, туыстары кеңесе келе, Астана әкімдігінің рұқсатымен С. Садуақасұлы мәйіт күлін елдік және мұсылмандық салтпен 2013 жылы 27 қазанда Хан Кене сарбаздары қорымына қойды. Бастамашыл азаматтар басына көрнекті ескерткіш тұрғызды. Содан бергі уақыттың ішінде Кенесары сарбаздары мен Смағұл бейітіне зиярат етушілер көбейе түсті. Тәуелсіздік пен ұлт тарихына қатысты елордада өткен айтулы шаралардың бәрі осы қорымдағы дара тұлғалар рухына дұға жасау рәсімінен басталып жүр.

Жастай үлкен саясатқа көтеріліп, Алашына қорған болған С.Садуақасұлы сынды біртуар қайраткермен біз мақтануымыз керек. Бүгінгі жастар қаһарман арыстарымызға еліктеп, батыр, білімді, білікті, табанды болып өсуі қажет.

Смағұл құлпытасындағы «Артымызға аның көңілмен, алдымызға ашық көзбен қарайық!» деген қайраткердің өз сөзі ел тарихы мен ұлт мұратының терең қатпарларын парасатпен зерделеуді нұсқағандай.

Астанаға өңірлерден ат басын бұрған азаматтар «Жастар» шағынауданындағы Хан Кене сарбаздары мен С. Садуақасұлы бейітіне зиярат еткені ләзім. Бұл — біздің ата дәстүріміз, ел үшін шейіт кеткен тұлғаларды қадірлеуіміздің белгісі.

 

"Мәңгілік ел" - Халықаралық ғылыми-көпшілік журналы,

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ