Қазақстан жолы-2050: «Мəңгілік ел» стратегиясы тəуелсіз Қазақстан тарихының басты деректемелік құжаты
18.06.2014 6768
Елбасының биылғы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауының тарихи маңызы ерекше.

Елбасының биылғы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауының тарихи маңызы ерекше. „Мəңгілік ел“ идеясы қазақ халқының қаншама ғасырлар, аңсап келе жатқан, арманына апаратын, мақсатына жеткізетін, бірден-бір мəңгіліктің жолы. Елбасы өз Жолдауында „Мəңгілік ел“ болып қалу үшін бүгінгі заманға сай не істеу керектігін нақтылап айқындады.

„Мəңгілік ел“ — ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман-əлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, əлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тəуелсіз Мемлекет атану еді… Біз үшін болашағымызға бағдар беретін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол — „Мəңгілік ел“ идеясы» деп Елбасымыз бұл идеяның аса қажеттіліктен туындағанын ерекше атап өтті. «Мəңгілік ел» идеясының негізгі мақсаты — елімізді қарышты дамыған мемлекетке айналдыруда ұлттық мүддені, рухани дүниені жаңғыртуды жəне өзіміздің қазақ ұлтының мерейін асыруға, қалыптасқан тарихи үрдістерін жаңғыртуға арналған құжат деп білуге болады.

Президенттің жалпы ұлттық идеясы — еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мəңгілік ел» — елімізді өз мақсатына талай дəуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы бастама. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлтымыз бар, деді Елбасымыз. Ел басшысы өз сөзін ары қарай жалғастыра келе: «Біз бəріміз бір атаның — қазақ халқының ұлымыз. Бəріміздің де туған жеріміз біреу — қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол — тəуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тəуелсіз елімізді «Мəңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мəңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері жəне жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мəңгілік Ел» боламыз. Тəуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өттік. Бүгін Қазақстанды бүкіл əлем танып отыр. Қазақстан таяудағы жылдар ішінде əлемдік бəсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз — бəсекеге төтеп беру. Əлемдік бəсекеге төтеп берудің басты шарты — күшті рух пен білім.

Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына да үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3–6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту əдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту-деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс жəне, ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді.

Жаһандану заманы, баршаға мəлім, елдер мен ұлттарға аса қатал талап қоюда. Ең бастысы — ұлттық тіл ұлттық сананың, ұлттық намыстың жоғарылығына, оның қажеттілік-деңгейіне байланысты екенін жадымыздан шығармауымыз қажет. Қазіргі таңда өзін ешкімнен артық та, кем-де емес дəрежеде сезіну халқымызға жетпей отыр. Ал мəселеге тереңірек үңілсек, істің тетігі, яғни қазақ тілінің тағдыры қазақтың өз қолында.

Қазақ тіліне мемлекеттік мəртебе берілген сəтінен басталған даму кезеңінің қай-қайсысында болмасын Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың қолтаңбасын көреміз. 1995 жылы қабылданған Ата заңның 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі» деген конституциялық шешім жасалды. Осыдан екі жыл кейін қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп атап көрсетіліп, оны барша азаматтардың еркін жəне тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасалатындығы айтылған болатын. Үкімет осы Заң баптарын жүзеге асыруда тиісті шешімдер мен қаулы-қарарлар қабылдады. Тілдердің қолданыс аясын кеңейту бағытында арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасалды. Ана тілімізді өркендетуге бағытталған игі шаралар мен құжаттардың бəрі осы өткен жылдар жемісі. Мемлекет басшысы ел экономикасы мен шаруашылығы, мəдениет пен ғылым-білім саясаты жөнінде өткен бірде-бір жиында қазақ тіліне соқпай кеткен емес. Елбасы қазақ тілі ұлтымыздың асыл қазынасы, басты құндылығы екендігін «…əрі қару, əрі қалқан, əрі байырғы, əрі мəңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!», оның тарихтағы рөлін «…ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мəдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған — оның ғажайып тілі». Мемлекеттік-деңгейдегі маңыздылығын «мемлекеттік тіл — бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Əнұран секілді дəл сондай нышан», ел бірлігі мен тұтастығын сақтаудағы əлеуметтік мəртебесін «…біз барша қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан əрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз», қоғамдағы қызметі мен баршаға міндеттелу негізін «Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды», қазақтың намысын жану мақсатында айтылған отты ойларын «…өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім-де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз». Қазақтың қазақтығының басты белгісі — қазақша сөйлеуі. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі əлі бірте-бірте мемлекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық саласында басымдық танытатын болады — деп нақты тұжырымдар арқылы атқарылар істің жүйелі-де жоспарлы жүргізілуін, басты мақсат-міндеттерін белгілеп берді. Елбасының қазақ тіліне байланысты айтылған орынды сөздері санаға сəуле түсіріп, барша жұрттың қазақ тіліне деген қадамдарын жеделдететін уақыт болды.

Тіл тағдыры көбіне-көп бұқараның белсенділігімен, биліктегі қазақ азаматтарының ұлтжандылық қасиеттерінің биіктігімен шешілетіні-де дау туғызбайды. Біздің ең басты жолымыз да осы болуға тиісті. Бұған жиырма екі жылдық тарихымыздағы жаңа өміріміз-де, алдыңғы қатарлы елдердің тарихи тəжірибелері-де толық дəлел бола алады. Халқымыз тəуелсіздіктің рухани қуатын толық сезінгенде ғана Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деп қойып отырған қазіргі стратегиялық мақсаты күнделікті шындыққа айналары сөзсіз.

Өз Отанының патриоты болу — бұл Қазақстан. Тұтас аумағына бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ жеріміздің сан ғасырлық тарихы да, қазақ жерін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғай білген ата-бабаларымыздың ерлігі мен батырлығы да осы ана тіліміз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен, ұлы мұраға айналды.

Қазақстан Республикасының Президенті, Тұңғыш Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Өз бойымызда жəне балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тəрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге жəне оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады», дей келіп, «Тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Қазақ тілі — біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз — оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тəжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл — өзін қадірлейтін əрбір адам дербес шешуге тиісті міндет», — деген ашық ұстаным айтты. Əрбір өмірге келген адамзат баласын айқындайтын өзіндік өлшемдері бар, оның ең біріншісі — тілі, екіншісі — асыл діні, үшіншісі — ғасырларға созылған тарихы. Патриот тық құндылық дегенiмiздің өз — елi мен туған жерiн, Отанын сүю мемлекеттiң тəуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн, əлемдік тыныштықты сақтау үшiн күресу, өзінің ана тілін, ділін, салт-дəстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейірiмдiлiктi, ұлтаралық мəдениеттi дамыту. Ал, қазақстандық патриотизм — Қазақстанды мекендейтін барлық ұлт пен ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекетінің əлемдік биіктен көрінуі үшін білім, мəдениет, экономика, əлеуметтік тұрғыда дамуына жағдай жасай отырып, еліміздегі бейбітшілік, бірлікпен тəуелсіздікті сақтау үшін барлық күш жігерін жұмсауы. Қазақстандық патриотизм — бүкіл қазақстандықтарды жасампаз еңбекке шақыру, береке-бірлікті, баянды ынтымақтастықты орнықтыру. Отан-сүйгіштік рух — тəуелсіз еліміздің əлемдік өркениет көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орнын алуы на мүмкіндік беретін бірден-бір күш. Төл тарихы, мəдениеті мен өнері, экономикалық қуаты жоқ ел басқаларға да қызықсыз. Ал оларды кең таныту үшін алдымен өз қадір-қасиетіңді өзің жақсы білуің, мақтаныш ете алуың керек. Əр адам ата-бабаларымыз негізін салып кеткен игі дəстүрлерді мақтан ете отырып, өз ұлтын терең сүю арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс. Саналы азамат болып қо ғамға пайда келтіру, білім мен тəрбие алу, ата-ананы сыйлау жəне қартайған шағында оларға қамқорлық жасау əрбір жасөспірімнің парызы болып саналады. Ал ұлттық парыз — Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін, жерін аман сақтап қалу, ата-баба дəстүріне өте сезімталдықпен қарау. Халқымыздың ұлы, ақыны Абай: «адамның адамшылығы-ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», — деген тұжырым жасайды. Ал, отансүйгіштік рухтың өзі адам бойындағы рухани-адамгершілік сезімнен бастау алады. Қазақстандық патриотизм — елімізбен жеріміздіңің тəуелсіздігі, білім мен ғылымда, мəдениетте, спортта əлемдік сатылардың биік шыңынан көріне білу. Сонымен қатар, əр бір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезінуі, мемлекеттік рəміздерге, мемлекеттік тілге құрметпен қарауы керек.

Тəуелсіздік пен байырғы қазақ жерінде құрылған мемлекеттілігіміздің — Тілі біздің басты құндылығымыз болып табылады. Осы құндылығымызды жаңа тарихи кезеңде өзінің асқақ есімін берген қазақ халқының алдында, ұлтты ұйыстырудың алтын діңгегіне айналдыру миссиясы тұр. Ол миссия — «Мəңгілік Елдің" Мəңгілік қазақ тілін өзінің заңды орнына қызмет етуіне атсалысуымыз керек. Мемлекеттік тіл саясаты — қай уақытта болсын мемлекет тарапынан баса назар аударар басым бағыттардың бірі. Біз тұтас қоғам болып, ұлтымызға қарамай, мемлекеттік тілді толық меңгермейінше, мықты мемлекет құра алмайтынымызды, мемлекеттік тіл — халықты біріктіруші басты фактор екенін Елбасы əр жылғы Жолдауларында ұдайы тілге тиек етіп келеді.

Түйіндей айтсақ, Қазақстан елінің тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында, қазақ халқы — басты жауапкер. Сондықтан да, біздің ілгері өркендеп, дамыған елдердің қауымдастығына қадам басамыз ба?, əлде өткен даңқты жолымыздан жұбаныш тауып, өкпе мен өкінішке көміліп, тарих қалтарысында қаламыз ба — ол қазақ халқының парасатына, ұлы мақсаттарға жетелейтін — Мəңгілік Елдің жасампаз ұрпақтарына байланысты болмақ! «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауында да Елбасы Н.Ə. Назарбаев өзініңкең көлемдегі мағыналы ойларын барша Қазақстандықтарға нақтылап жеткізе отыра, орындалу жолдарында міндеттеген.

Пайдаланылған əдебиеттер мен деректер тізімі:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауынан. 17 қаңтар 2014 жыл // Егемен Қазақстан. 18 қаңтар. 2014 жыл. 1–3 бб.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 жыл. kk.wikibooks.
3. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // Егемен Қазақстан. 1997 жыл. 15 шілде. kk.convdocs
4. Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы — ұлттық саясат саласындағы жаңа стратегиялық құжат. Астана. 2010 жыл. Inform.kz.

Задаш Дүкенбаева
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор, Астана қ.