Әлемдік қаржылық дағдарыстың Қазақстанның банк секторына әсері және оның салдары
27.08.2013 3325
Бiз қазiр «ТМД-дегi ең мықты банк жүйесi Қазақстандiкi»- деп мақтанамыз. Оның мықтылығының астарында бiздiң ата-бабамыздан қалған жердiң байлығы: мұнай факторы жатыр.

Кіріспе

Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жаппай жалпы әлемдiк ауқымдағы және сол сияқты ұлттық деңгейдегi қаржылық қатынастардың қолданыстағы модельдерiнiң кемшiлiктерiн көрсеттi. Әлсiз жақтары мемлекеттiк реттеу құрылымында және қаржы институттарының өздерiнiң қызметiнде анықталды.

Дағдарыстан бұрын 2010 және 2008 жылдары Қазақстанның қаржы-банктік жүйесі ТМД елдерінің басқаларымен салыстырғанда жақсы нәтижелер көрсеткен болатын, бірақ «домино» қағидасы бойынша АҚШ та бастау алған қаржылық дағдарыс еуропа елдерін қозғап өтіп 2008 жылдың күзінде Қазақстанға да келіп жетті. Нәтижесінде қазақстандық банктердің негізгі мәселелері белгілі бола бастады: несиелердің қайтарылмауы, өтімділіктің төмендеуі, салымдар мен депозиттердің кетуі және т.б. [1]

Ғылыми жұмыстың мақсаты – дағдарыс кезіндегі  Қазақстанның банк секторы мен дағдарысқа қарсы жүргізілген іс шараларға тоқтала отырып, бүгінгі таңдағы, яғни, дағдарыстан кейінгі банк  секторының жағдай мен мәселелеріне теориялық және статистикалық талдау жасау.

Ғылыми жұмысының өзектілігі - Қазақстанның банктік секторының даму тарихында соңғы екі жыл ең ауыр және қалыпты жағдайдың бұзылған жылдарына айналды. 2008 жылдың бірінші жартыжылдығында халықаралық қаржылық рыноктардың тұрақсыздығына қарамастан, банктік сектор тұтастай алғанда негізгі көрсеткіштердің барынша жоғары қарқынмен өсуін көрсетті. Қыркүйек айынан бастап шиеленісе түскен ғаламдық дағдарыстың, қалыптасқан рыноктардан түскен капитал ағымының күшеюінің және экспорттық тауардың бағасының төмендеуінің әсерімен қазақстандық банктік рыноктың жағдайы сенім дағдарысын анықтай бастады.  Сол уақытта ҚР қаржы рыногы елдегі басқа да рыноктар сияқты баға кесудің едәуір төмендеуін бастан кешірді, көптеген коммерциялық банктерде өтімділікпен және ағымдағы міндеттемелерді орындаумен байланысты проблемалар туындады, банкаралық рынокта барынша шиеленіскен жағдай орын алды. Салымшылардың абыржушылығы халықтың банкке салым салуының жылыстауының жағымсыз тендецияларын қалыптастыра бастады. Қалыптасқан тендецияның заңды салдары Қазақстанның банктік жүйесінің беріктілігін жоғалту қаупіне айналды.

Банктік сектордағы дағдарыстың асқынған белесі негізінен еңсерілді, дегенмен, экономикалық белсенділіктің төмендеуі банктерді қабылданған тәуекелдерді қайта бағалауға бағыттайды, осыған байланысты банктік тәуекелдерді басқару проблемалары ерекше маңыздылыққа ие болады.

Әлемдік дағдарыстан кейін көптеген коммерциялық банктер өткен ғасырдың 80-90 жылдары жасалған тәуекелдерді басқару технологиясын (тәуекел-менеджмент) енгізу қажеттігі жайлы енді ғана ойлана бастады.

Осы проблеманың маңыздылығы мен тәжірибе жүзіндегі мәнділігі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Аталмыш ғылыми жұмыс дағдарыс жағдайындағы қазақстандық қаржы банк секторының проблемаларына арналады.

1-бөлім. Әлемдік қаржылық дағдарыстың Қазақстанның банк секторына әсері және оның салдары

1.1 Әлемдік дағдарыстың Қазақстанның банк секторына әсері

Бiздiң банктер ТМД-дегi теңдессiз жүйе деген теңеуге үйренiп қалды.  Бiз қазiр «ТМД-дегi ең мықты банк жүйесi Қазақстандiкi»- деп мақтанамыз. Оның мықтылығының астарында бiздiң ата-бабамыздан қалған жердiң байлығы: мұнай факторы жатыр. Банктердiң айналымындағы ақшаны сол мұнайдан түскен ақша көбейтуде. Соңғы 15 жылда бiзде банк жүйесi емес, ақша жүйесiнiң ғана пайда болғанын айту керек. Ал, банк жүйесi бұрыннан да дамыған, мықты жүйе едi. Себебi, мамандары мықты болды. Қазақ ССР Мемлекеттiк Банк мекемесiнiң басшысы болып 27 жыл iстеген В.Бондаренко деген қаржыгер болды. Сол Бондаренко шалғайдағы бөлiмшелердегi ахуалға шейiн алаңдап отыратын едi. Қазiргi банкирлердi халықтың ахуалы, тiптi, алаңдатпайды. Олардың мақсаты тек пайда табу. Бiздiң банктер тек алып-сатумен айналысады. Алып-сату да керек шығар. Бiрақ, банк саласының негiзгi қызметi экономикаға тiрек болу. Ал бiздегi банктер соңғы 15 жыл бойында бұрынғы Кеңес үкiметiнен қалған мемлекеттiк компаниялар (қазiргi ұлттық компаниялардың) ақшасын айналдырумен келедi. Мемлекеттiк компанияларға қызмет көрсетушi банктер мықты да, қалғандарының жағдайы керемет емес. Елдегi өнеркәсiптi дамытпайынша, банк саласы бұдан әрi дамымайды. Қаржы саласында уақытша тұрақтылық болатын шығар. Алайда, ұзақ мерзiмге қанат жая алмайды. Банк активтерiнiң көбейгенi, қайталап айтамын: мұнайдың буы, шикiзаттың ақшасы.

Қазақстан банктерiне мемлекеттiң қауiпсiздiгi, елдiң тұрмысы аса маңызды емес. Банктер несиенi қарша боратуының кесiрiнен қалған-құтқан тауарға, (әсiресе, автөкөлiктер) сұраныстың молынан туғанын түсiнгiсi келмейдi. Елдi тiптi, металлоломдар орталығына айналдыратын болды. Үкiмет заң дайындап жатқанда «Алдымен менiмен ақылдасып ал» деп қай кәсiпкер айтушы едi? Ал бiздiң банк басшылары солай деп айта алады. Билiк оларға кезiнде еркiндiктi молынан берiп қойды. Ол бар болғаны шектеу қойды: «Өз меншiк капиталыңның көлемiндей ақшаны ғана шетелден қарыз ретiнде алуға мүмкiндiгiң бар» дейдi. Яғни, банктердi өз капиталын жоғарылатуға шақырып отыр.

Банктердiң капиталын көбейтуге кiм кедергi? Шетелден әкелген ақшаны осы жерде жаратсын. Қазақстанға келген бiр тиын осы Қазақстанда қалуы керек. Ол ақша халыққа, өндiрiске жұмыс iстеуi керек. Шетелден әкелген ақшаны неге қайтадан шетелге шығарады? Сол бiздiң банктер ақша салып жатқан елдердiң банктерiнiң де қарыз алуға мүмкiндiгi бар. Қазақстан банктерiнiң арада делдал болуының аса қажетi де жоқ. Банктер өз бизнесiн диверсификациялап, бөлiп жатыр. Қазақстандағы капиталы кейiннен ыңғайсыз жағдайға тап болатын күн туса, соның алдын алайын деген ой бар. Ертеңгi күнi елдегi банкке бiрдеме болса, арғы жақтағы капиталы аман қалады емес пе? Олар ең алдымен өздерiне ыңғайлы жағдай жасауда. Бүгiнгi бизнестiң деңгейi сондай. Бәлкiм, ұрпақ ауысқан соң, жағдай басқаша болатын шығар. Әбден қарыны ашқан адамды дастарханға жiберсе, ол ондағы тамақты таңдап iшпейдi ғой, қолына келгеннiң бәрiн ала бередi. Бiздiң бизнес те сондай. Шүкiршiлiк жоқ. Үкiметтiң кезiнде мемлекеттiк банктердi жекешелендiргенi үлкен кемшiлiк болды ма деп ойлаймын. Мемлекетке кейiннен жеңiл несиенiң керек болатынын үкiметтегiлер қаперден шығарған.

Яғни, қолындағы өз құралынан айрылып қалды. Қазiр Үкiмет банктердi «шағын бизнеске көмектеспейсiң» деп жазғырады. Ал нарықтық тұрғыдан қарасақ, жекеменшiк банк не iстесе де өз шаруасы. Сондықтан, банктер мен халық арасында алшақтық пайда болды. Мемлекеттiк банктердiң жекешеленуiнен халық еш пайда көрген жоқ. Қазiр несиенiң пайыздық көрсеткiшi төмен түсетiн емес. Ол инфляцияға қатысты мәселе. Ал инфляция мәселесiн шешпей, Үкiметтiң жоспары орындалмайды.

«БТАбанкі» Қытайда банк ашпақшы болып едi, жарғылық қорының жеткiлiктi болмауына байланысты Қытай Үкiметi рұқсат бермеді. Шетелдiк банктерге осындай саясат ұстанған дұрыс. Қытайлар өзге елдердiң экспансиясын қаламайды. Сондықтан да осындай қадамға барады. Ал бiзде кез келген шетелдiк банктiң елге кiрiп, жұмыс iстей беруiне жағдай жасап қойған. Бiздiң елдiң банктерi әлi орнынан тұра алмай жатқанда, басқа елдiң банктерiнiң келуiнен отандық банктер зардап шегедi. Бәсекеге шыдай алмай қалады.

Елбасы қаржыгерлер мен банкирлердің басын қосып, елдегі қаржы саласының жалпы бүгінгі жағдайы мен дағдарыстан кейінгі келбетін, сондай-ақ оның қандай бағытта, қандай жолдармен дамитынын талқыға салды. Әрине, айтылғанынан айтылмағаны көп болған жиын талайларды ауыр ойға салды десек те, артық айтқандық емес. Осы орайда сондағы шешімін таппаған сауалдардың бір дестесін арқалап, еліміздің қаржылық күре тамырларының бірін жүргізіп отырған «БТА Банк». Дағдарыс кезінде аса маңызды шешімдер қабылданып, талай да сындарлы оқиғалар болып өтті. Оның ішіндегі ең бастысы, Қазақстан Үкіметі «БТА Банкі» акцияларының 78,14 пайызын «Самұрық-Қазына» қоры арқылы сатып алғанын айта кетсек те болады. Мемлекеттің акцияны сатып алуынан бастап, «Самұрық-Қазына» қорының депозит кепілдемесі бойынша шамамен 7 миллиард доллар көлемінде қаржы құйғанына дейінгі аралықта «біз өз биігімізден көріне білдік» дей аламыз. Себебі болған соң, салдары да сезіліп жатыр.

Бірақ бұл – заңдылық. Қалай десе де, бұл – Қазақстан Үкіметі тарапынан жасалған ұтымды қадам еді. Дәлірек айтқанда, Қазақстанның қаржы жүйесін қалыптастыруға арналған бірден-бір дұрыс та батыл шешім болды. Өйткені осы уақыт ішінде «БТА Банкінің» қалыпты жұмыс жүйесі бұзылған жоқ, өз тұтынушыларымен жұмыс жасауды жалғастырып, кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындап келеді. [2]

Жалпы, «БТА Банктің» сыртқы қарызы пайызымен қосып есептегенде, қаңтар айының басында 13,5 млрд. доллар шамасында болатын. Қарызды қайтару ең бірінші рет бірінші тоқсанда жасалды. Ол 1,5-2 млрд. доллар шамасындағы қаржыны құрады. Ол тұста банктің корпоративтік есеп- шотында ешқандай да қаржы жоқ-тын. Сондықтан мемлекет дер кезінде көмек қолын созды деп есептеймін. Бұны дұрыс бағалау керек. Банктің ол тұстағы жағдайы мен қазіргі жағдайы арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Біз күндіз-түні талмай жұмыс істедік. Жан-жақты іздендік. Сан алуан жобаларды талқыладық. Сондықтан да оң нәтижелерге қол жеткізді.

Банк секторы 2008 жылдың екінші жартысында басталған дағдарыстың екінші «толқынынан» елеулі қысым көрген отандық қаржы секторының негізгі сегменті болып қала берді. Атап айтқанда, сыртқы қаржыландыру есебінен өзінің бизнес стратегиясын қаржыландырған екінші денгейдегі банктер өткен жылы өтімділіктің тапшылығы, қатаң талаптары жағдайында жэне қайта қаржыландыру мен өтімділік тәуекелдерінің өрістеуі барысында іс-әрекет жасауға мэжбүр болды, бүл олардың активтерінің өсу қарқынының баяулауына жэне өз кезегінде нақты сектордағы халықты несиелеу көлемінің төмендеуіне алып келді. Бұл ретте, жылжымайтын мүлік пен құрылыс секторларын несиелеу көлемі төмендеді, сондай-ақ өз бизнесіне банк ресурстарының есебінен белгілі бір деңгейдегі тұрақтылық жағдайында демеу көрсетіп отырган шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу де барынша азайды.

Жылжымайтын мүлік нарығындағы түрақсыздық жэне бағаның өзгеруі, іскерлік белсенділігінің төмендеуімен қатар несиелеу талаптарын қайта қарау арқылы ЕДБ тәуекелдерін қайта бағалау, сондай-ақ халықтың сатып алу қабілеттілігінің кемуі банк секторының тұрақты жүмыс істеуіне ықпал еткен негізгі факторлардың бірі болып табылатын банктердің несиелік портфелінің сапасына кері әсер етті.

Мемлекет басшысы дағдарыс кезіндегі «маңызды міндет – бұл біздің еліміздің банк секторының орнықтылығын қамтамасыз ету» деп атап өтті. 

Мемлекет басшысы Ұлттық инвесторлар кеңесіндегі өзінің баяндамасында атап өткендей «Біздің еліміздің азаматтары, кәсіпкерлер мен инвесторлар Қазақстанның банк жүйесі қалыпты жұмыс істейтіндігіне, өз міндеттемелерін мүмкіндігінше және қажеттілігіне орай орындайтындығына сенімді болуға тиіс. екінші жағынан банктердің акционерлері өз банктерін нығайтуға ақша салуды жалғастыруға тиіс. немесе өздерінде бар активтерді сатуды жалғастыратын немесе басқа жинақтарды пайдаланатын болады, егер қарсы қозғалыс болса ғана үкімет қолданатын шаралар жұмыс істейтін болады».

Бұл ретте ол «халық осының айналасында алыпсатарлық жасамауы қажет, бұл бюджеттің ақшасы, яғни халықтың ақшасы және олар жағдай тұрақтанған кезде пайдамен мемлекетке қайтарылатын болады».

Үкімет Қазақстанның банк жүйесін қолдау жөнінде қосымша шаралар қабылдауға ниет білдірді. Тек банктер ғана экономикаға қаражат тиімді құю үшін қажетті пәрменді, ашық және нарықтық тетіктерді қамтамасыз ететін болады.

Мемлекет банктерге қолдау көрсете отырып, оларды басты міндетті – экономиканың шикізат емес секторына, оның ішінде шағын және орта бизнеске кредит беруді шешу үшін делдал ретінде пайдаланатындығын атап өткен маңызды.

Екінші деңгейдегі банктерді Үкіметтің экономиканы тұрақтандыру және сауықтыру жөніндегі шараларын іске асыратын негізгі арна ретінде пайдалана отырып, мемлекет құрылыс саласы кредиттік ресурстар есебінен қаржыландырылатындықтан және осылайша, банктердің қаржылық мүмкіндіктеріне тікелей байланысты болатындықтан, оны одан әрі дамыту үшін жанама жаңа қарқын береді.

Сонымен бірге құрылыс секторын дамытудың мультипликативті әсері болады, себебі құрылыс материалдары индустриясының ілеспе құрылысының дамуына, ал, ізінше, құрылыс секторының маңына шоғырланған шағын орта бизнестің дамуына ықпал ететін болады, сол сияқты жаңа жұмыс орындары пайда болады. 

Банктер мемлекет пен экономика арасындағы делдал рөлін орындай отырып, мемлекет беретін қаражатты пайдалана отырып, кредиттер беруден түсетін меншікті кірісті алу есебінен зор қолдау алады.

1.2 Қаржылық дағдарыс кезіндегі банк секторының жағдайы туралы тәжірибешілер мен ғалымдардың пікірлері

Қазақстанның банк жүйесінде Үкімет пен Ұлттық банк тарапынан араласуды қажет ететін мәселе жоқ, "Нұрбанк" басқармасының төрағасы Марат Заиров: -Әрине менің қазір ірі және кіші банкті салыстыруға мүмкіндігім бар. Бұрын мен ірі, жүйекұрушы банктерде қызметте болғанмын, сондықтан маған белгілі дәрежеде кіші банкте, сондай-ақ бірінші басқарушы лауазымында жұмыс істеу дағдылықсыз. Менің ойымша кіші банктер нарыққа анағұрлым бейімделген, сұраныс пен шешім қабылдау үрдісін жылдамдатуға мүмкіндік береді. Банкті бас офисінен аймақтарға дейін, тіпті клиенттерге қызмет көрсету сапасын бақылап отыруға болады. Егер барлығы дұрыс қалыптасса, біз үшін ең маңыздысы жақсы, үздік технологиялы, халыққа жайлы банк құру. Батыста осы тектес банктер үлкен сұранысқа ие, олардың өздерінің тұрғылықты клиенттері бар-оларды "үй" банктері деп айтады, адамдар онда жылдар бойы есеп-шоттарын сақтайды және оларға қызмет көрсетіледі. Дағдарыс, менің ойымша, біз үшін қалыптасқан 4 жүйеқұрушы банктер гегемониясы түріндегі стереотипті өзгертүі мүмкін. Қызмет көрсете алатын басқа да банктер бар емес пе? Екіншіден бұл банктер дағдарысқа қалай төтеп береді деген сурақ туындайды. Егер бұл банктер дағдарысқа ойдағыдай төтеп бере алса, онда біз банк қызметінің нарығындағы тұтынушылардың жүріс-тұрысының толық өзгергендігін байқайтын боламыз, бұл орайда бізге қосалқы жауапкершілік артылатын болды. Бұл сонымен қатар инвесторлар, салымшылар және клиенттер үшін банкке қызығушылығын арттырады - сол үшін қазір жақсы серпіліс жасалуда. Қайткенмен де, жақында "Standard & Poor's" рейтингтік агентіктің өкілдерімен өткен кездесуде "Нұрбанкке" сонғы өзгертулерге қатысты сұрақ жоқ делінді. Астанада өтіп жатқан Еуразиялық энергетикалық форум аясында журналистерге берген сұхбатында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов осылай мәлімдеді.

«Осы жылдың тамыз айында басымыздан өткерген сынақ еліміздің банк жүйесінің тұрақты екенін тағы бір мәрте көрсетіп берді. Біздің банктік жүйе тұрақты әрі онда Үкімет пен Ұлттық банк тарапынан араласуды қажет ететін мәселе жоқтығын тағы да бір мәрте ресми мәлімдеймін», деп атап көрсетті К. Мәсімов.

Үкімет басшысының пайымдауынша, Қазақстанның банк жүйесі ТМД аумағында, тіпті одан да тысқары елдердегі ең үздік әрі бәсекеге қабілетті жүйе болып табылады. «Біздің банк жүйеміз алдында тұрған кез-келген проблеманы өздігінен шешуге қабілетті», деп тұжырымдады сөзін Үкімет басшысы.

Н.Ә.Назарбаев атап өткендей «Дағдарыс мәңгілікке созылмайды. Дағдарыс жағдайында болашақта  даму үшін шара қолданған мемлекеттер жетістікке жететін болады».

Қазақстанның банктік секторы дағдарыспен байланысты проблемалардың өткір кезеңнен өтті, деп санайды республиканың премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

 «Менің пікірімше банктік сектор, қаржылық сектор жалпы олардың алдында тұрған барлық проблемалардың өткір кезеңінен өтті», - деді Мәсімов «Қыс-2011» ұлттық бизнес-форумда сөз сөйлеген кезінде.

 Оның пірікрінше, банктік жүйе өзінің тұрақты жағдайына оралды, «(банктердің) пайдалылығы жақсы деңгейде».

 «Біздің назар аударуымызға тиіс мәселелер бар: қалай бұл қозғалыстарды бәсекеге қабілеттірек жасайтынымызды әлі талқылаймыз», - деп қорытындылады премьер. 

2-бөлім. Дағдарысқа қарсы жүргізілген іс-шаралар нәтижесі және дағдарыстан кейінгі Қазақстанның банк секторы

2.1. Дағдарыс кезіндегі Қазақстанның банк секторының жағдайы және оны тұрақтандыру  жолдары

2009 жылдың аяғында Ұлттық банк Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі, Алматы өңірлік қаржы орталығымен және қаржы нарығы ұйымдарымен бірлесе отырып, Қазақстанның дағдарыстан кейінгі кезеңде қаржы секторын дамыту тұжырымдамасының жобасын жасаған.

ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченконың мәліметінше, бұл тұжырымдамада "дағдарыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның қаржы саласын дамытудың шешуші төрт бағыты айқындалған". "Бірінші бағыт ел экономикасын дамытуды қаржыландырудың негізгі тетігі ретінде мемлекет пен жеке меншіктің серіктестік институтын пайдалануды көздейді",

Тұжырымдаманың екінші принципінде қаржылық секторды қадағалауды реттеу қарастырылған. Ұлттық банк басшысының түсіндіруінше, "экономикалық өсім кезінде қадағалау күшейтілсе, ал құлдырау кезеңінде - керісінше бәсеңсиді".

"Үшінші бағыт қаржы секторындағы тепе-теңсіздікті ерте анықтау және оның алдын алудың, нақты қаржылық активтердің рыноктарында көпіршіктер түзілудің алдын алудың, сондай-ақ, жүйелік тәуекелдерді азайтудың тиімді тетіктерін дәйектеуді көздейді", - деді Г. Марченко.

Төртінші бағыттың аясында "қаржылық дағдарысқа байланысты қаржылық сектордағы қарым-қатынастарды реттейтін заңнама қабылдау қарастырылған".

Атап айтсақ, оның айтуынша, "шетелдерге заңсыз шығарылған активтерді Қазақстанға қайтаруды қамтамасыз ету жолдарын анықтау мақсатын шешу қажет". Сондай-ақ, "егер олардың қызметі заңмен белгіленген тәртіппен заңсыз деп танылып, Қазақстанның қаржылық секторына айтарлықтай шығын келтірген жағдайда қаржылық институттардың, олардың қызметкердерінің, аффилиирлік тұлғалары мен лауазым иелерінің қызметіне қатаң шектеулер енгізіледі, тіпті Қазақстандағы қызметіне толық тыйым да салынады".

Жалпы алғанда, елдің банк секторын дамыту Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың дағдарыстан кейінгі кезеңге мақұлданған тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады. (1-кесте)

1-кесте. Қаржы банк секторын дамыту жөніндегі стратегиялық мақсаттар

2020 жылға

қарай

1.қаржы ұйымдарының институционалдық базасы ұлғайды және олардың инвестициялық мүмкіндіктері артты

2.банк секторының сыртқы міндеттемелерінің үлесі оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде 30 %-тен аспайды

3.қаржы нарығы қызметтердің кең спектрін ұсынады және инвесторлар мен қаржы қызметтерін тұтынушылардың арасында сенімі бар

4.отандық қор нарығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Орталық Азия елдерінің ішінде ислам банкингінің өңірлік орталығына айналады

2015 жылға

қарай

1.халықтың жинақтарын тартудың баламалы көздерін дамыту үшін жағдайлар жасалды

2.халықтың қаржылық сауаттылығын және инвестициялық мәдениетін жоғарылату жөніндегі іс-шаралар сәтті іске асырылды

3.мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерінің рөлі мен маңыздылығын жоғарылату жөніндегі шаралар кешенінің іске асырылуы қамтамасыз етілді

Қазақстан Республикасы тәуелсіз кредиттік рейтингінің және отандық банктердің рейтингтерін арттыруға қазақстандық банктердің сыртқы капитал рыноктарына шығуы көмектесті. Бір жағынан шеттен қарыз алудың артуы экономиканың өсуіне жағымды әсер етті, сонымен бірге қазақстандық экономика сыртқы қаржылық қиыншылықтарға аса  сезімтал бола білді.

Дағдарыс жағдайларының алғашқы белгілері сыртқы қарыздарға қол жеткізуге шектеулер туындауынан және олардың құнының қымбаттауынан коммерциялық банктер тапшылыққа тап болған кезде, яғни 2010 жылдың тамыз айында пайда болды. [3]

Бұл ішкі экономиканы несиелеудің қысқаруына және банктердің несие беру шарттарын қатаңдатуға әкеліп соқтыратын негізгі фактор болды. Банктердің несиелік белсенділігінің төмендеуін ең алдымен құрылыс саласы сезінді, ал соңында макроэкономикалық өзара байланыс нәтижесінде жағымсыз салдарлар басқа да салаларға әсерін тигізді.

Әлемдік тәжірибе дағдарыс кезінде экономиканы басқаруға мемлекеттің қатысуының артуы қажеттігін айғақтап отыр, дегенмен мемлекеттің қатысуы тек уақытша болуы керек. Егер біздің мемлекетіміздің Үкіметінің әрекетіне тоқталатын болсақ, онда ол мынадай: 2010 жылдың соңында  Үкіметте  Қазақстан экономикасын тұрақтандыру бойынша бірінші кезектегі әрекеттер Жоспары жасалды және қаржы тұрақтылығы мәселелері бойынша Ұлттық Банк пен қаржылық қадағалау Агенттігі арасында біріккен Меморандум жасалды.

2008 жылдың екінші жартысында әлемдік нарықта мұнай бағасының 145,7 АҚШ долларынан 37,9 АҚШ долларына дейін түсуі нәтижесінде әлемдік қаржылық дағдарыс жаһандық экономикалық дағдарысқа айналды. Осы жағдайда мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі және Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу Агенттігі арасында экономиканы және қаржылық секторды тұрақтандыру жөнінде біріккен жұмыстар Жоспары жасалып, мұнда Ұлттық қордан ІЖӨ 8 % құрайтын 10 млрд. доллар бөлу қарастырылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде қаржы нарығында және тұтастай экономикада жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілді. Өткен жылғы жеткен басты жетістіктеріміздің бірі Қазақстанның банктік жүйесінің дағдарыстың жағымсыз әсерлерімен табысты күресе білуі болды, қазақстандық бірде бір банкте сыртқы міндеттемелер бойынша дефольт болған жоқ.

Жекелеген ірі банктердегі мәселелер тұтастай банк жүйесінің мәселелері болмады, ал мәселелі банктер қазір де қайта құрылу процесін табысты аяқтауда.

2.2 Дағдарыстан кейінгі Қазақстанның банк секторы және оның қаржы нарығындағы ролі

Енді Қазақстанның бүгінгі таңдағы қаржы дағдарысынан кейінгі банк секторының жағдайына тоқталатын болсақ, банк секторының құрылымы келесідей (2-кесте).

2-кесте. Қазақстан Республикасының банк секторының құрылымы

Банк секторының құрылымы

1.01.11

1.09.11

Ауытқуы

Екінші деңгейдегі банктердің саны, оның ішінде:

39

39

-

- жарғылық капиталда мемлекеттің 100% қатысуы бар банктер

1

1

-

Екінші деңгейдегі банктердің филиалдар саны

365

376

+11

Кестенің жалғасы

Екінші деңгейдегі банктердің қосымша үй-жайларының саны

1 881

1904

+23

Екінші деңгейдегі банктердің шетелдердегі өкілдіктерінің саны

17

16

-1

Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер өкілдіктерінің саны

29

28

-1

Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіндегі қатысушы банктердің саны

34

35

+1

Кастодиан қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар банктердің саны

10

10

-

Кестеден көріп отырғанымыздай 2011 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің саны өзгермеген. Екінші деңгейдегі банктердің филиалдарының саны 11-ге, қосымша үй жайларының саны 23-ке артқан. [8] Екінші деңгейдегі банктердің шетелдегі өкілдіктерінің саны 1-ге және Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер өкілдіктерінің саны 1-ге кеміген.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің активтері келесі кестеде көрсетілген (3-кесте).

3-кесте. Қазақстан Республикасының банк секторының жиынтық активтерінің құрылымы

Көрсеткіштің атауы / күні

1.01.11

1.09.11

Өсімі, (%-бен)

млрд.

теңге

Жиынты

ғына

%-бен

млрд. теңге

жиынтығына

%-бен

Қолма-қол ақша, тазартылған қымбат металлдар және корреспонденттік шотта

845,6

5,6

1 238,4

7,6

46,5

Басқа банктерде орналастырылған салымдар

1 002,6

6,6

697,9

4,3

-30,4

Бағалы қағаздар

2 221,7

14,6

2 235,9

13,7

0,6

Банктік займдар және «кері РЕПО» операциялары

9 065,9

59,5

9 789,1

59,8

8,0

Капиталға инвестициялар

376,1

2,5

385,4

2,3

2,5

Өзге активтер

1 722,5

11,3

2 009,0

12,3

16,6

Резервтерді (провизияларды) қоспағанда активтер жиынтығы

15 234,4

100,0

16 355,7

100,0

7,4

Кестенің жалғасы

Резервтер (провизиялар)

-3 202,9

- 3 531,6

10,3

Активтердің барлығы

12 031,5

12 824,1

6,6

Жоғарыдағы кестеде көрініп тұрғандай екінші деңгейдегі банктердің активтері жылдың басынан бастап 792,6 млрд. теңгеге немесе 6,6%-ға ұлғайды, банктік займдар және «кері РЕПО» операциялары 723,2 млрд. теңгеге немесе 8,0%-ға ұлғайды, резервтер (провизиялар) 328,7 млрд. теңгеге немесе 10,3%-ға ұлғайды. 2011 жылғы тамыз айында ЕДБ-ның активтері 266,0 млрд. теңгеге немесе 2,0%-ға азайды, банктік займдар және «кері РЕПО» операциялары 126,8 млрд. теңгеге немесе 1,3%-ға ұлғайды, резервтер (провизиялар) 26,6 млрд. теңгеге немесе 0,7%-ға азайды.

Қазақстан Республикасының банк секторының активтері мен шартты міндеттемелері сапасының динамикасына тоқталатын болсақ, ол төмендегі кестеде көрсетілген (4-кесте).

4-кесте. Қазақстан Республикасының банк секторының активтері мен шартты міндеттемелері сапасының динамикасы

Барлық активтер мен шартты міндеттемелер

1.01.11

1.09.11

негізгі борыш сомасы, млрд. теңге

Жиынтығы

на %-бен

негізгі борыш сомасы, млрд. теңге

жиынтығына

%-бен

13857,2

100,0

14886,1

100,0

Стандартты

6 695,6

48,3

7 086,1

47,6

Күмәнді

5 035,9

36,3

5 398,0

36,3

1-санатты күмәнді

1 706,1

12,3

1 578,4

10,6

2-санатты күмәнді

582,2

4,2

596,3

4,0

Кестенің жалғасы

3-санатты күмәнді

985,0

7,1

1 215,0

8,2

4-санатты күмәнді

493,9

3,6

473,0

3,2

5-санатты күмәнді

1 268,7

9,2

1 535,4

10,3

Үмітсіз

2 125,7

15,3

2 402,0

16,1

Жіктелуі тиіс активтер мен шартты міндеттемелердің мөлшері жылдың басынан бастап 1 028,9 млрд. теңгеге немесе 7,4%-ға ұлғайды. Активтер мен шартты міндеттемелер бойынша провизиялар 630,2 млрд. теңгеге немесе 15,3 %-ға азайды. ҚР банк секторының активтері мен шартты міндеттемелері сапасының динамикасы келесі диаграммада берілген (диаграмма-1).

 ҚР банк секторының активетрі мен шартты міндеттемелері сапасының динамикасы

Енді Қазақстан Республикасының банк секторының жиынтық міндеттемелерінің құрылымына тоқталсақ, келесідей (5-кесте).

5-кесте. Қазақстан Республикасы банк секторының міндеттемелерінің құрылымы

Көрсеткіштің атауы / күні

1.01.11

1.09.11

Өсімі (%-бен)

млрд. теңге

Жиынтығы

на %-бен

млрд. теңге

Жиынтығы

на %-бен

Банкаралық салымдар

215,0

2,0

152,0

1,3

- 29,3

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мен басқа банктерден алынған займдар

548,5

5,1

430,9

3,8

- 21,4

Қазақстан Республикасы Үкіметінен алынған займдар

58,4

0,5

57,0

0,5

-2,3

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған займдар

77,8

0,7

63,7

0,6

-18,1

Заңды тұлғалардың салымдары

4 574,4

42,7

4 959,5

43,6

8,4

Жеке тұлғаларсалымдары

2 250,9

21,0

2 555,9

22,5

13,5

Кестенің жалғасы

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары

  25,4

0,2

1,7

-

- 3,1

Шығарылған бағалы қағаздар

1 577,2

14,7

1 582,6

13,9

0,3

Бағалы қағаздармен «РЕПО» операциялары

577,2

5,4

596,8

5,3

3,4

Өзге міндеттемелер

810,4

7,6

964,1

8,5

19,0

Міндеттемелердің барлығы

10 715,2

100,0

11 364,2

100,0

6,1

Екінші деңгейдегі банктердің жиынтық міндеттемелері 2011 жылдың басынан бастап 649,0 млрд. теңгеге немесе 6,1%-ға ұлғайды.

Міндеттемелер құрылымында заңды тұлғалардың салымдары 385,2 млрд. теңгеге немесе 8,4%-ға және жеке тұлғалардың салымдары 305,0 млрд. теңгеге немесе 13,5%-ға көбейді.

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары 23,6 млрд. теңгеге азайды, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған займдар 117,6 млрд. теңгеге немесе 21,4%-ға азайды. Шетел валютасындағы салымдар ағымдағы жылдың басынан бастап 11,9 млрд. теңгеге немесе 0,5%-ға азайды.

Банк секторының жиынтық міндеттемелері ағымдағы жылдың тамыз айында 256,1 млрд. теңгеге немесе 2,2%-ға азайды. Заңды тұлғалардың салымдары өткен айда 260,1 млрд. теңгеге немесе 5,0%-ға азайды, жеке тұлғалардың салымдары 16,5 млрд. теңгеге немесе 0,6%-ға өсті.

ҚР екінші деңгейдегі банктерінің меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері төмендегі кестеде көрсетілген.

6-кесте. ҚР екінші деңгейдегі банктерінің меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері, %

Көрсеткіштің атауы / күні

01.01.11

01.09.11

Ауытқу

Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті k1-1

11,6

11,6

-

Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті k1-2

13,5

13,8

+0,3

Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті k2

17,9

18,2

+0,3

Кестеден көріп отырғанымыздай меншікті капитал жеткіліктігінің коэффициенті k1-2 0,3-ке артқан. Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті k2 0,3-ке артып отыр.

Келесі кестеде банктердің есептелген меншікті капиталының құрылымы көрсетілген (7-кесте).

7-кесте. Екінші деңгейдегі банктердің есептелген меншікті капиталының құрылымы туралы мәліметтер, млрд. теңге

Атауы

1.01.11

1.09.11

Ауытқу

1-ші деңгейдегі капитал

1 418,5

1 515,3

+96,8

Кестенің жалғасы

Жарғылық капитал

2 448,6

2 557,3

+108,7

  Қосымша капитал

9,3

11,0

+1,7

2-ші деңгейдегі капитал

451,5

478,9

+27,4

Реттелген борыш

503,2

520,8

+17,6

3-ші деңгейдегі қапитал

2,4

1,9

-0,5

Банктердің инвестициялары

50,6

50,6

-

Барлық есептелген меншікті капитал

1 821,4

1 945,5

+124,1

 Кестеден көріп отырғанымыздай 1-ші деңгейдегі капитал 96,8-ге, соның ішінде жарғылық капитал 108,7-ге, қосымша капитал 1,7-ге артқан. 2-ші деңгейдегі капитал 27,4-ке өскен.

Алайда, 3-ші деңгейдегі капитал керісінше 0,5-ке кеміген. Банктердің инвестицияларында өзгеріс байқалмайды.

Банк секторының өтімділігінің динамикасына тоқталатын болсақ, ағымдағы жағдай келесідей (8-кесте).

8-кесте. Банк секторы өтімділігінің динамикасы

Көрсеткіштің атауы

1.01.11

1.09.11

Ауытқу

k4 ағымдағы өтімділік коэффициенті (min мәні 0,3)

1,040

0,999

-0,041

k4-1 мерзімді өтімділік коэффициенті (min мәні 1)

5,722

7,581

+1,859

k4-2 мерзімді өтімділік коэффициенті (min мәні 0,9)

3,311

4,470

+1,159

k4-3 мерзімді өтімділік коэффициенті (min мәні 0,8)

2,476

3,301

+0,825

Кестенің жалғасы

Жоғары өтімді активтердің жиынтық активтерге қатысты арақатынасы:

21,2

22,2

+1

ҚР Ұлттық Банкінде орналастырылған жоғары өтімді активтердің жиынтық активтерге қатысты арақатынасы

3,2

3,2

-

Несие портфелінің заңды және жеке тұлғалардың салымдарына арақатынасы (арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдарын қоспағанда)

1,3

1,3

-

Кестеден көріп отырғанымыздай k4 ағымдағы өтімділік коэффициенті 0,041-ге кеміген, ал k4-1 мерзімді өтімділік коэффициенті 1,859-ға, k4-2 мерзімді өтімділік коэффициенті 1,159-ға және k4-3 мерзімді өтімділік коэффициенті 0,825-ке артқан.

Жоғары өтімді активтердің жиынтық активтерге қатысты арақатынасы 1-ге артса, ҚР Ұлттық Банкінде орналастырылған жоғары өтімді активтердің жиынтық активтерге қатысты арақатынасы мен несие портфелінің заңды және жеке тұлғалардың салымдарына арақатынасында өзгеріс байқалмайды.

Қазақстан Республикасының банк секторының ипотекалық тұрғын үй займдары сапасының динамикасына тоқталсақ, ағымдағы жағдай келесідей  (9-кесте).

9-кесте. Қазақстан Республикасының банк секторының ипотекалық тұрғын үй займдары сапасының динамикасы

Ипотекалық тұрғын үй займдарының сапасы/күні

1.01.11

1.09.11

млрд.

теңге

жиынтығына

%-бен

млрд.

теңге

жиынтығына

%-бен

Стандартты

104,3

14,7

92,7

12,6

Күмәнді

518,1

73,0

554,0

75,5

1-санатты күмәнді

246,6

34,7

298,3

40,6

2-санатты күмәнді

156,3

22,0

132,8

18,1

3-санатты күмәнді

5,4

0,8

5,6

0,8

4-санатты күмәнді

12,1

1,7

11,2

1,5

5-санатты күмәнді

97,8

13,8

106,2

14,5

Үмітсіз

87,3

12,3

87,3

11,9

Барлығы

709,7

100

734,1

100

Кестеден көріп отырғанымыздай ипотекалық тұрғын үй займдары сапасының динамикасы 24,4-ке азайған. Соның ішінде стандартты 11,6-ға азайса, күмәнді 35,9-ға көбейген. Ал үмітсіз өзгеріссіз қалған.

Енді осыны график түрінде салыстырып қарасақ, ол келесі диаграммадан  көрініс тапқан.

Диаграмма-2. Қазақстан Республикасының банк секторының ипотекалық тұрғын үй займдары сапасының динамикасы

Шындығында да Қазақстан дағдарыс кезінде бірқатар проблемалармен бетпе-бет келді. Ахуалдың нашарлағаны қаржы нарығында да, сонымен қатар нақты секторда да байқалды. Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесе отырып, теңгенің айырбас бағамының тұрақтылығын, еліміздің қаржы секторының тұрақтылығы мен баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған алдын ала шаралар қабылдады. Алдын ала қабылдаған шаралардың алға қойған мақсаттарға қол жеткізумен айқындалатынын айта кетуге тиіспіз. 2009 жылы Қазақстанда макроэкономикалық ахуал экономикалық өсімнің төмен болғанына қарамастан, 2007-2008 жылдармен салыстырғанда үлкен тұрақтылықпен сипатталды. Бірнеше жыл қатарынан болған едәуір өсімнен кейін (жылына шамамен 10 пайыз) нақты ІЖЈ 2009 жылы алдын ала деректер бойынша 1,2 пайызға өсті.
Экономикада инфляциялық жағдай 2009 жылы ең төменгі деңгейде қалды. 2009 жыл қорытындысы бойынша, 6,2 пайыз деңгейінде қалыптасты. Соңғы бірнеше жыл қатарынан ең жоғары деңгейге (20,1 пайыз) жеткен 2008 жылдың тамызындағы инфляциямен салыстырғанда 3 еседен астамға төмен болды.
2009 жылғы ақпанда жүргізілген теңгенің құнсыздануы төлем балансының жағдайын жақсартуға, елдің алтын-валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік берді. Бұдан басқа ішкі валюта нарығындағы және банк секторындағы ахуал тұрақтандырылды. Осы шаралар Ұлттық Банкке 2010 жылғы 5 ақпаннан бастап теңгенің ауытқу дәлізін кеңейтуге мүмкіндік берді: 150 теңге/доллар (+) 10% немесе 15 теңге, (-) 15% немесе 22,5 теңге.[10]

Қазір біз мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп отырған заңды тұлғалардың ғана емес, жеке тұлғалардың да банктердегі депозиттерінің өсімін бақыланып отырады. Өткен жылы халықтың банктердегі салымдарының өсімі 29,1 пайыз болды. Бұл банктерге деген сенімнің нақты қалпына келтірілгенінің дәлелі болса керек. Депозит нарығына жеке тұлғалардың бес миллион теңгеге дейін салымдары бойынша кепілдік берілген орнын толтыру сомасының жоғарылауы, сондай-ақ Ұлттық Банктің жыл сайын 10%-ға толықтыру туралы жоспарлаған Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жарғылық капиталын 110 млрд теңгеге дейін ұлғайту ынталандырарлықтай әсер етті.
Осылайша біз алға қойған міндеттерді орындап шықтық деп ойлаймын. Алайда елдегі макроэкономикалық ахуалдың қазіргі кезде жақсарғанына қарамастан, бұрынғы қалпына келтіру баяу жүретін болады. 2010 жылдың басында ел Президенті өз Жолдауында экономиканы жаһандық қалпына келтіруге және оның сыртқы тегеурінді талаптарға тұрақтылығын арттыруға дайындау үшін қаржы жүйесінің орнықты және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету маңыздылығын айтты. 2020 жылы ТМД-да және Орталық Азияда ислам банкингінің өңірлік орталығы болуға және Азияның жетекші қаржы орталықтарының ондығына енуге тиісті отандық қор нарығын жұмыс істеуге мәжбүрлеу қажет. Отандық қаржы жүйесіндегі реттеу дағдарыстан кейінгі тегеурінді талаптарға және қатерлерге барабар жауап беруге тиіс, оның міндеттемелерінің жиынтық мөлшерінде банк секторының сыртқы міндеттемелеріндегі үлесінің төмендеуін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте сыртқы қарыз алулардың басым бөлігі тиімді және бәсекеге қабілетті өндіріс құруға көзделуге тиісті. Банктерді анық немесе жасырын аффилирленген құрылымдардан кесіп тастау, банктердің тек банктік қызметпен айналысуларын және олардың қызметтерінің соңына дейін айқын болуын қатаң қадағалау қажет. Бұл Ұлттық Банктің де, Үкіметтің де алдында экономиканы тұрақты және сапалы өсім жолына шығаруда әлі көп жұмыс тұрғандығын білдіреді.

Үкімет, Ұлттық Банк және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөнінде бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберінде дағдарысқа қарсы іс-шараларды іске асыруға қаражаттың Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан уақтылы бөлінгенін, бюджетке қысым көрсетпегенін және әлеуметтік салаға мемлекеттік шығыстардың қысқаруына жеткізбегенін атап өтуге тиістіміз. [7]

2009 жылғы экономикалық көрсеткіштер: инфляцияның төмендігі, ІЖӨ құлдырауы жоқтығы және төлем балансының жақсарғандығы Қазақстанның дағдарысқа қарсы уақтылы қабылдаған шаралардың арқасында дағдарыстан ең төмен шығынмен шыққандығын көрсетеді.

Қазақстанның банк жүйесі дағдарыс жағдайында өзінің тұрақтылығын көрсетіп отыр. Біздің банк жүйеміз (әлемдік қаржы нарығында - агенттік ескертпесі) орын алған жағдайға шамасы жетерліктей мықты.

Екінші деңгейлі банктерді сырттан қаржыландыру жетіспеушілігі пайда болып, Батыстағы кейбір ірі қаржы институттарында дефолт болған кезде де отандық қаржы жүйесі өз қалпын сақтап қалды. Сондай-ақ  АҚШ-дағы ипотекалық дағдарыс басталғалы бері бір де бір Қазақстан банкі жабылған жоқ.

Сыртқы қарыздарымен есептесетін уақыттары жеткен банктер қазіргі уақытта мемлекет көмегіне арқа сүйеместен қарыздарын өтеуді жалғастырып жатыр. Өз кезегінде мемлекет банктер сыртқы қарыздарын төлеу кезінде Қазақстанның ішкі жобаларын (құрылыс, шағын және орта бизнес, инвестициялық жобалар) несиелендіру тоқтап қалмауы үшін "Қазына" тұрақты даму қоры арқылы қаражат бөлді.

«Дамыған кәсіпкерлік сектор - кез келген ел экономикасының негізі», - деп Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілгендей, үкімет әрі қарай да отандық бизнесті өз деңгейінде ұстап тұру үшін барлық күш-жігерін жұмсайтын болады. [9]

Дағдарыс әрбір 6-10 жыл сайын болып тұрады. Сірә, Қазақстан үшін – бұл мұндай ауқымдағы тұңғыш дағдарыс, алайда соңғысы емес екені де анық. Әлемдік дағдарыстың себебі – бірдей бағаланбаған өте көп күрделі қаржы құралдарының пайда болуы. Яғни көптеген қаржы компаниялары сатқан құралдардың нақты негіздемелері болған жоқ және оларды сатып алған адамдар осы құралдар үшін ақы төлегендерден тіптен алшақ болғандықтан, осы күрделі қарама-қайшылыққа алып келді. Былайша айтқанда, Америкада ипотекаға үй сатып алған адам мен Оклахомадағы осы бейшара американдықтың төлем қабілеттілігіне тәуелді қағазды сатып алған Норвегиядағы зейнетақы қоры бір-бірінен өте алшақ болды, сондықтан қор бұл құралдың тәуекелділігін бірдей бағалай алмады. Тәуекел бағасына өкілдік берілді, рейтинг агенттіктері бұл қаржы құралдарын ААА деңгейінде бағалады. Нәтижесінде тәуекелдіктердің бағасы мен жергілікті жердегі нақты адамдардың төлем қабілеттілігінің арасында қатынас үзілді. Қарыз алушылардың төлем қабілеттілігі мәселесі қиындай түсті, себебі қаржы нарығына қатысушылар көптеген күрделі қаржы құралдарына сенімін жоғалта бастады, қатысушылар сұрақтарды көптен қойған сайын, олар одан сайын туындай берді, соғұрлым олар жауабын да таба алмады.

Жағдайды аудиторлық практикамен салыстыруға болады. Сіз білесіз бе, аудиторлық компания қаржылық есептілікті тексерген кезде, мысалы банктің, берілген жүз мыңдаған несиелердің бәрін тексермейді. Аудиторлар 10 несиені алып тексереді, егер олардан кемшіліктерді анықтаса, тағы да 10 несиені, содан соң тағы да 10 несиені, тағы да 10 несиені тексереді, оларда неғұрлым көп сұрақ туындаған сайын, соғұрлым тексеруді де күшейте түседі.

Дағдарыс кезінде де дәл солай болды, себебі бүкіл әлемдік экономика біріктірілген. Қазақстанда дағдарыс экономикадағы іргелі мәселелердің салдарынан емес, біздің еліміздің тартымдылығының аса жоғарылығынан болды және сыртқы капитал нарығы қазақстандық компанияларды өте белсенді түрде қаржыландырды. Жыл сайын елімізге ондаған миллион доллар кіріп тұрды және осы ондаған миллион доллар елімізде де, сол сияқты коммерциялық банктер арқылы одан тыс жерлерде де орналастырылды. [11]

Әрине, өте жылдам өсу әрі бұл орайда сапалы шешім қабылдау мүмкін емес.

Сыртқы нарық бір сәтте жабылып, елімізге келіп тұрған ондаған миллион доллар кірістің бірден тоқталуы экономикаға ықпал етті.

Өз кезегінде, сыртқы нарықтардың жабылуы ішкі қорлардың маңыздылығын өзекті еткен болатын. Банктердің өз бизнес-модельдерін қайта құрып, депозиттерді біршама белсенді тартуына аз уақыт қажет болды, ал халықтың банкке деген сенімі арта түсті.

Дағдарыс уақытында бизнес саласында былайша болады: әлсіздер мен сапасыздар жойылып, күштілер мен батылдар дағдарысқа дейінгімен салыстырғанда біршама қарқынды дамып, өсімі де арта түседі.

Дағдарыста қазақстандық бизнес ең маңызды нәрселерді түсінді. Біріншіден, егер бұрын ақшаны жұмсай білу маңызды болса, қазір оны табуды үйрену қажет.

Банк секторында ақшаны шығыстарды оңтайландырумен, қызмет көрсету жылдамдығымен талап етілетін өнімдерді беру арқылы ғана табуға болады. Егер бұрын клиент банктерге жүгірген болса, енді банктер өз клиенттерінің соңынан жүгіретін уақыт келді.

Осының барлығын жасайтын, сонымен бірге еңбек нарығында біршама көбейе түскен кәсіпқойларды да өздеріне тартатын компаниялар мен банктер дағдарыстан жеңімпаз болып шығады.

Бүкіл банк индустриясы үшін тағы да бір аса маңызды мәселе бар – бұл қаржы секторын реттеу. Бүгінгі таңда бүкіл қаржы әлемін маңызды мәселе толғандыруда: бұл тәуекелді азайту және бұдан әрі даму мүмкіндігін сақтай отырып, экономиканы қаржыландыруды жалғастыру үшін банктерді қалай реттеу керек деген мәселе. Осы екі қызығушылық арасындағы теңдестікті табу аса маңызды. Мен Қазақстанның банкирлері мен реттеушілерінің арасында бірлік болуы тиіс деп ойлаймын, себебі банк секторы кез келген жағдайда дамуға негізгі қозғаушы күш болып табылады, себебі банктер компанияларға даму үшін қор, ал халыққа – олар осы компаниялардың тауарларын көбірек сатып алуы үшін қаражат береді. [13]

Қорытынды

Сонымен дүбірі басылмаған мына дағдарыс ә дегенде Қазақстанның қаржы секторына қиын тиді. Себебі, біздің банк жүйеміз 2010 жылға дейін іс жүзінде халықаралық капитал нарықтарына шектеусіз қол жеткізіп келгенді. Ал дағдарыстың алғашқы белгілері білінген 2010 жылдың күзінде қазақстандық банктер үшін сыртқы нарықтардың есігі тарс жабылды, бұл бірден олардың жағдайын күрт қиындатып жібергені белгілі.

Сыртқы қарыздарын қалай төлейтіндерін білмей абдырап қалған қаржы секторына мемлекет дер кезінде қолдау көрсетпегенде қазір еліміздің банк жүйесінің, жалпы Қазақстан экономикасының хал-ахуалы қалай болатынын елестету қиын. Бұл саланың ел экономикасындағы орасан зор маңызын жақсы түсінген мемлекет дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында оған теңдессіз көмек көрсетті.

Ел экономикасының қауіпсіздігін сақтау үшін мемлекет 2009 жылдың басында еліміздегі ірі төрт банктің капиталына кіруге мәжбүр болды. Сөйтіп Альянс банктің және БТА банкінің бақылау пакетін іс жүзінде толықтай, ал тағы екі - Қазкоммерц пен Халық банктерінің бақылау пакетінің 25 пайыздайын сатып алды.

Жалпы, қаржы секторын тұрақтандыру мақсатында екінші деңгейдегі жоғарыдағы төрт жүйе құрушы банктер 476 млрд. теңге мөлшерінде қаржы алды. Бөлінген қаржының бір бөлігі банктердің қарапайым акцияларын сатып алуға, келесі бір бөлігі экономиканы несиелеуге бағытталды. Өткен жылы қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында несиелер бойынша ставкалар төмендетілді. Бұның шапағатын кезінде несиені жоғары пайыздық ставкамен алған млндаған қазақстандықтар көріп жатыр. Бұдан бөлек, банктер экономиканы несиелей бастады. Нәтижесінде шағын және орта бизнес шатқаяқтаған жоқ, ел экономикасы үшін маңызды жасампаз жобалар жүзеге асырылды.

Мемлекет Альянс банк пен БТА банкті толық бақылауына ала отырып, 2009 жылы олардың сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау туралы келіссөздер жүргізді. Сөйтіп  шетелдік кредиторлармен табысты уағдаластыққа қол жеткізілді.  Ресми мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта Альянс банктің міндеттемелерін қайта құрылымдау туралы мәселе іс жүзінде шешілді. Ал БТА банк бойынша қарыздарды жоюдың экономикалық қағидаттары туралы кредиторлармен принципті келісімге қол жеткізілді. Нәтижесінде бұл екі банктің ортақ қарызы 15 млрд. доллардан 5 млрд. долларға дейін төмендейтін болады. Бұл Қазақстанның қаржы секторының түпкілікті тұрақтандырылғанын айғақтайтын маңызды жетістік болып табылады.

Осы арада атап өтерлігі, мемлекет коммерциялық банктердің капиталында ұзақмерзімде қалып қоюға мүдделі емес және проблемалы банктердің қаржылық жағдайының тұрақтануына қарай нарықтық шарттармен мемлекеттік қатысу үлесін жеке секторға сату жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Мемлекеттің мұндай позицияны қатаң ұстанатынын Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ашып айтты. 2009 жылдың соңында журналистерге берген сұбатында Премьер-Министр Үкімет 2010 жылы мемлекеттің банк жүйесінен шығу схемасын дәйектемек ниетте екенін жеткізді. «Мемлекет 2010 жылы еліміздегі жүйе құрушы банктердің капиталынан шығатын датаны және механизмдерді айқындауы тиіс. Бұл 2010 жылғы жыл сауалы», - деген болатын сонда К. Мәсімов.[4]

Банк секторына қатысты 2009 жылдың басында қабылданған шешімдердің дұрыстығына Үкімет басшысы нық сенімді. «Мен қаңтар-ақпанда бірлесе қабылдаған сол шешімдер барлық мүмкін шешімдердің арасындағы ең дұрысы болды деген пікірге сол кезде сенгем және қазір де нық сенімдемін. Біздің салымшыларымыз, жалпы халық банк жүйесінің тұрақтылығына күмәнданбаса болады», - деді сұхбатында Премьер.

Айтса айтқандай-ақ, 2009-ды Қазақстанның қаржы секторы үшін «өзгерісті» жыл болды деп бағалауға болады. Өткен жыл Қазақстанның қаржы секторы тұрақтандырылған жыл ретінде есте қалды. Банк секторының басына үйірілген қара бұлттың сейілгендігіне төмендегі цифрлар айғақ бола алатындай. Ресми мәліметтер бойынша, 2009 жылғы желтоқсанның 1-інде банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі - 6257,9 млрд. теңгені құраған және бұл 2008 жылғы желтоқсанның 1-індегі көрсеткіштен 20,1 пайызға көп. Ал халықтың депозиті - 1806,8 млрд. теңгеге жетіп, 25,2 пайызға өскен. 2008 жыл күрделі болды, ал 2009 да оңай жыл болған жоқ.  Осыны бір қайырып қойсақ, жойқын соққы алған қаржы жүйесі дағдарыс жағдайында мұндай оң өзгерістерге, жетістіктерге  із жүзінде мемлекеттің қолдауымен қол жеткізгенін атап айты керек.  

Әйтсе де, әлемді есеңгіретіп кеткен сол дағдарыстан қағылмай-соғылмай шыққандар да бар екен

Көптеген сарапшылардың пікірінше, 2011 жыл Қазақстанның банк жүйесі үшін үміт жылы болады. Банктердің несие портфелдері 15-20 пайызға өседі. Проблемалы несиелер де біршама қысқарып, банктердің активтері жақсарады.

2011 жылдың 1 шілдесінен бастап, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер капиталының ең төменгі мөлшері реттеушілер тарапынан 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтылғалы отырғаны, оның коммерциялық банктерге соншалықты қатаң талап болып көрінетіні белгілі.

Әлемдік қаржылық дағдарыс барлық елдердің банк жүйесін әбігерге салды, соның ішінде Қазақстанның да банк жүйесін және экономиканы мемлекеттік реттеудің мәселелеріне да жаңадан қарауға мұқтаж етті. Барлық елдерде рекапитализациялау жүйесі, банктік қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдер беру арқылы қаржы- банк секторын қолдауда мемлекеттердің белсенді қатысулары байқалады, сондай ақ банктердің ұлттандырылу толқыны болды. Банктік сектордың мәселелерін шешудің қазақстандық тәжірибесін талдау көрсеткендей, әлемдік экономикалық қауымдастыққа біріге отырып, Қазақстан дамыған елдерге тән сипаттағы қаржылық және экономикалық құралдарды белсенді пайдалана алады. [5]

Сонымен қорыта айтатын болсақ, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей «Дағдарыс мәңгілікке созылмайды. Дағдарыс жағдайында болашақта  даму үшін шара қолданған мемлекеттер жетістікке жететін болады» дей отыра, бүгінгі таңдағы дағдарыстан кейінгі Қазақстанның банк секторы мемлекетіміздің жүзеге асырған экономикалық сабдарлы саясатының арқасында тұрақты және жетістікті даму үстінде.

Алайда қазір Қазақстан дағдарыстан кейінгі даму жолымен жүріп келеді. Біздің экономика дұрыс жолда. Дағдарыс кезінде біз мынадай бірнеше қадамдарды алдын ала қабылдадық:

1. Коммерциялық банктерге қаржылық көмек көрсетілді. Бұл үдеріс өте транспарентті өтті, бұған барлығы да көз жеткізді.

2. Халықты қолдау, әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуді қамтамасыз ету, елдегі тұрақтылықты сақтау үшін шаралар алдын ала қабылданды.

3. ШОБ, агросекторға, инфрақұрылымға көмек көрсетілді.
Осы шаралар біздің экономиканың тұрақты дамуы үшін түрткі болды. Қазір дағдарыстан кейінгі даму өте орнықты түрде өтіп жатқанын айтуға болады. Қазір Қазақстан ұзақ мерзімді орнықты даму мақсатын алға қойды. Бұдан басқа, Қазақстан өз позицияларын азиаттық өңірде нығайтады.[14]

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.  Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейiнгi кезеңде дамыту тұжырымдамасы туралы. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 923 Жарлығы

2.  Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары

3.  Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2010-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы

4.  Бахмутова Е.Л. Банковский сектор Казахстана: реалии и перспективы. // Банки Казахстана, №10, 2010 год.- cтр.5

5.  Мақыш С.Б. Банк капиталын арттырудың өтімділік дағдарысынан шығуға тигізер ықпалы. // Банки Казахстана, №4, 2008 год. – Стр.24

6.  Сатыбалдина Г.К. Уроки кризиса для банковский системы Республики Казахстан. // Посткризисная экономика Казахстана: основные тенденции и условия экономического роста: Материалы международной научно-практический конференции, 27-28 мая 2010год.

7.  Байжомартов У.С. Основные антикризисные меры, направленные на стабилизацию экономики в РК. // Посткризисная экономика Казахстана: основные тенденции и условия экономического роста: Материалы международной научно-практический конференции, 27-28 мая 2010год.

8.  Нестеренко Г.И. Посткризисная экономика- приоритеты роста. // Посткризисная экономика Казахстана: основные тенденции и условия экономического роста: Материалы международной научно-практический конференции, 27-28 мая 2010год.

9.  Тақаева Г.Т. Жаһандық қаржы және экономикалық дағдарыс. // Посткризисная экономика Казахстана: основные тенденции и условия экономического роста: Материалы международной научно-практический конференции, 27-28 мая 2010год.

10.  Нурпеисов Е.Предлагаемые антикризисные меры. // Банки Казахстана, №2, 2009 год. – стр.34

11.  Кенжеғали А. Елімізде дағдарысқа қарсы жасалып жатқан іс-шаралар. // Экономика негіздері. №2-3, 2009 жыл. –бет.6

12.  Кенжеғали А. Дағдарысты еңсеруге Қазақстан экономикасының әлеуеті жетеді. // Экономика негіздері. №2-3, 2009 жыл. –бет.31

13.  Мақыш С.Б. Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстан банктік секторына ықпалы және оған қарсы шаралар. // Тұран университетінің Хабаршысы.  №2, 2010 жыл. –бет.57

14.  Gazeta.kz сайты