Экономикалық рефорамалар
29.08.2013 5582
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үдерісі басталды. Алдымен экономикалық реформалар жүргізілді. 

Экономикалық рефорамалар.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен экономиқалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері-басқару емес, өнеркәсіптердің техниқалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу.

Экономикалық реформаны дамыту жағдайында 35 станционерліқ қоғам, 75 салааралық сыртқы, экономикалық ассоцияциялар, 30-ға жуық концерндер мен консорциумдер, 30-дан астам коммерциялық банктер құрылды.

Жекешелендіру. Нарықтық құрылымының дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. Ең бірінші кезекте нәтижесіздік танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет болды. Қазақстандығы жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбекті өтеу және бөлектену саясатымен қатар жүзеге асырыла бастады.

Жекешелендірудің мақсаты :

1. Кәсіпкерлікті дамыту.
2. Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу.
3. Еркін баға орнату.
4. Жеке меншік секторлар құру.
5. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру.

Нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. «Монополиялық қызметтің шектелуі тұралы» заң қабылданды.

Мақсаты:

- Нарықты басқару механизмін еңгізу.

- Ерікті бақталастық пен кәсіпкерлікті, сұранымдылықты қорғауды қатамсыз ету.

- Тұтынушылардың мүддесін қорғау. Бұл заңда Монополиялық бақару құрылымын тарату, товар нарқында сапасыз бақталастықты жою шаралары белгіленген.

Іскерлік белсенділіктің өсуі жаңа банктік құрылымның жасалуына әсер етті, бірақ құрылымдық өзгерістер республикада материалдық әл-ауқатты жақсартпады. Өндірістік тұтыну товарлары мен қызмет көрсету қысқартылды.

1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен республика бағаны босатты. Баға алғашқы кезеңде –186,4 есіге өссе, 1992 жылы сәуірде 554,5 есеге өсті. Нәтижесінде ақшаның құны түсті. Халықтың тапқан айлық жалакысы тамағынан аспады. Ауыл мен ауыл арасындағы қатынас мүлдем қиындап кетті. Қаңтар айыннан тамызға дейін өндірістік товарлардың бағасы бірнеше есе өсті. Нарыққа көшу саясатының бұрмалауынан өз жағдайын алыпсатарлық, делдалдық, пара алумен түзеген адамдар тобы пайда болды. Қалаларда қайыр сұраған адамдар көбейді.

Нарықтық экономика саясатының негізгі белгілері:1. Экономиканы мемлекет иелігінен алу.
2. Жекешелендіру.
3. Кәсіпкерлікті дамыту.
4. Монополияны жою.
5. Бағаны босату.
6. Қатал ақша –несие және қаржы саясатын жүзге шыру.

1991 жылы жекешелендіру процессі басталды.

Жекешелекдіру процесі үш кезеңге бөлінді. Бірінші кезең 199-1992 жылдар аралығын қамтыды. Оның міндеті:1. Мемлекеттік меншіктің көлемі мен құрылымын белгілеу.
2. Меншіктік құқық беруді дайындау.
3. Шағын жекешелендіру объектілерінің 50%-н жекешелендіру. Бұл кезде негізі көңіл кіші бизнестің дамуына аударылды.

Жекешелендірудің екінші кезеңі 1992-1993 жылдар аралығын қамтыды. Міндеті: орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру.

Көптеген шағын жекешелендіру объектілері жергілікті мемлекеттік мүлік комитеттерінің шешімімен байқау (конкурс) немесе аукцион өткізілмей, өте төмен бағаға берілді. Қазақстан парламенті бұл стихиялық процесті реттеуге күш салды.

Жекешелендірудің үшінші кезеңі 1993-1995 жылдар аралығын қамтыды.

Міндеті:
1. Мемлекет иелігінен алудың ұлттық бағдармаласын қабылдау.
2. Меншікті мүлікті басқару жөніндегі комитеттің қолына көшіру.
3. Инвестициялық купондар енгізу.

1993 жылғы наурызда мемлекет иелігенен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы қабылданды. Барлық меншік Мемлекеттік мүлікті бақару комитетінің қолына көшірілді. Бұл комитеттің міндеті:
1. Меншік республика азаматтарына тегін таратылып берілуге тиіс.
2. Арнайы төлем құрылдары-жекелендіру инвестициялық купондарын енгізу.

Инвестициялық купон иесі оны әр түрлі инвестициялық қорларға салуға мүмкіндік алды. Купондарды өнеркәсіптік кәсіпорындар акцияларына ауыстыруға және сатуға рұқсат берілмеді.

200-ге жуық инвестициялық қорлар құрылды. Мақсаттары купондары жинастыру, аукционға шығарылатын өнеркәсіптік кәсіпорындардың акцияларын иелену.

Бірақ 1995 жылдың басында жекешелендіру бағдарламасының жүзге аспайтындағы белгілі болды. Жекешелендірудің мына негізгі мақсаттары орындалмады:

1.Тиімді жұмыс жасайтын жеке меншік секторды құру.
2. Қалыпты бәсекелестік ортаны қалыптастыру.
3. Экономикалық-әлеуметтік жағдайының төмендеуін тоқтату.

Бірқатар ірі кәсіпорындар өте төмен бағамен шетелдық компанияларға сатылды. Шетелдік фирмалар иелігіне берілген маңызды объектілер:1. Қарағанды металлургия және Соколов-Сарыбай комбинаттары.
2. Жезқазған, Балқаш мыс қорыту комбинаттары.
3. Павлодар алюминий заводы.
4. Павлодар атом-энергетиқалық кешені кәсіпорны т.б.

1998 жылдың көктеміне қарай төленбеген қарыздар көлемі шексіз өсіп, 18 млрд. долларға жетті. Осыған байланысты әлеуметтік жағдай әбден нашарлады.

1997-1998 жылдары Кентау (Оңтустік Қазақстан облысы) және Жаңатас (Жамбыл облысы) тау-кен өнеркәсібі жұмысшылары ереуілдерге шығып, аштық жариялады.

Экономиканың құлдырауы.

Экономиканы реформалау процесінде халықты еңбекпен қамту саласындағы проблемалар одан әрі шиеленісіп кетті. Өндіріс жаппай құлдырады. Өкімет тарапынан жүргізіліп отырған қаржы, несие, баға және салық саясаты жетілдірілмеді. Жұмысшылардың жалпы саны қысқарды. Жұмыссыздар саны жылдан-жылға көбейді. Мысалы 1995 жылы еңбекпен қамту қызметтерінде ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың саны- 153 мың болды. Өндірістің толық тоқтауы салдарынан ақысыз демалысқа шыққандар -192 мың, ал өндірістің жартылай тоқтау себебінен жұмыс уақыты толық емес режимде істейтіндер- 451мың, 90-жылдардың соңындағы жұмыстардың жалпы саны- 643 мың.

1997 жылы экономика саласында істеп жүрген адамдар саны 1996 жылмен салыстырғанда 11,8% кеміді. Республика еңбек рыногының өзіне тән ерекшелігі-жасырын жұмыссыздық деңгейінің жоғары болыу (9-11%). Еңбекпен қамту проблемасы ерекше ауыр болды (жұмыссыздар 54,8). Жұмыс сыздықтың жергілікті шоғырланған аймақтары-шағын қалалар болды.

Соңғы жылдары Қазақстаның өнеркәсібін жандандыруда біраз шаралар іске асырылды. 1999 жылдың соңында жалпы өнім өндіру- 1-ға, өндіріс көлемін арттыру- 1,8-ға өсті. Республиканң алтын қоры 2 млн. долларға жетті.

Инвестиция мен өндіріс деңгейінің төмендеуі экономиканың құлдырауға түскенін, реформаның тиімсіздігін көрсетті.