Институционалдық реформалар. Экономикалық даму
23.08.2013 2132
Институционалдық реформалар. Экономикалық даму

1.1990 жылы Қарағанды қаласында республикадағы алғашқы тауар биржасы ашылды

2.1991 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-індегі банктер және банк қызметі туралы» Заң қабылдады

3.1991 жыл – Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» алғашқы Заңы

4.1991 жыл – «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заң

5.1991 жылғы маусым – «Жер реформасы туралы» Заң

6.1991 жылғы 20 маусым – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР Ұлттық Мемлекеттік банкінің Жарғысы туралы» Қаулысы

7.1991 жылғы 22 маусым – Қазақстан Республикасының «Мемлекетсіздендіру және жекешелендіру туралы» Заңы

8.1992 жыл – Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық валютаны енгізу мүмкіндігін қарастыру жөніндегі құпия комиссияны құруы

9.1993 жылғы қаңтар – Дүниежүзілік экономикалық форум (Давос)

10.1993 жылғы 26 шілде – Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық валютаның толық мөлшерін басуды жеделдету туралы Ұлттық банкке тапсырмасы

11.1993 жылғы 1 қараша – Қазақстанның алтын валюта қорлары туралы жарияланған алғышқы мәліметтер

12.1993 жылғы 3 қарашада премьер-министрлер С. Терещенко мен В. Черномырдиннің қатысуымен Ресей және Қазақстан делегацияларының жұмыс бабындағы кездесу хаттамасына қол қойылды

13.1993 жылғы 5 қараша – «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Жарлық

14.1993 жылғы 12 қараша – «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлық

15.1993 жылғы 15 қараша – «1961-1992 жж. үлгісіндегі КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей банкінің қазыналық және банк билеттерінің Қазақстан Республикасы территориясында айналым мерзімін аяқтау және оларды ұлттық валютаға айырбастау туралы» Жарлық

16.1993 жылғы 15 қараша – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгені айналымға енгізу

17.1994 жыл - ҚР Жоғарғы Кеңесінің мәжілісі кезіндегі Н. Назарбаевтың Жоғарғы Кеңеске арналған Жолдауы – «Президент меморандумы»

18.1995 жылғы наурыз – «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» заңдық күші бар Жарлық

19.1995 жыл – Республиканың банк жүйесін реформалаудың алғашқы бағдарламасы

20.1995 жылғы 30 наурыз – Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» Заңы

21.1995 жыл – «Салық және басқа да бюджеттік міндетті төлемдер туралы» Заң

22.1995 жыл – «Сыртқы экономикалық қызметті либерализациялау туралы» ҚР Заңы

23.1995 жыл – «Шетелдік инвестициялар туралы» ҚР Заңы

24.1995 жылғы желтоқсан – «Жер туралы» Жарлық

25.1995 жылғы 23 желтоқсан – Қазақстан Республикасының «Жекешелендіру туралы» Заңы

26.1995 жыл – «Мұнай туралы» ҚР Заңы

27.1996 жылғы ақпан – «1996-1998 жж. арналған жекешелендірудің үшінші кезеңінің бағдарламасы»

28.1996 жылғы шілде – Қазақстанның ХВҚ (Халықаралық валюта қоры) Келісімінің 8-бабы шарттарына қосылуы

29.1996 жылғы желтоқсан – Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық қаржы есебі стандарттарына өту бағдарламасы

30.1997 жылғы ақпан – «Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң

31.1997 жылғы ақпан – 2009-2010 жж. арналған экономиканы және қаржы секторын тұрақтандыру бойынша іс-шаралар жоспары

32.1999 жыл – «Жеке тұлғалар салымдарын кепілдендіру қазақстандық қоры» ЖАҚ құрылуы

33.1999 жыл – ҚР Қаржы қызметкерлерінің І Конгресі

34.1999 жыл – Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйесі туралы» үшінші Заңы

35.1999 жыл – 1999-2000 жж. арналған жекешелендіру және мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру бағдарламасы

36.2001 жылғы сәуір – Қазақстан Республикасының «Ақшаны заңдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы азаматтарына амнистия жариялау туралы» Заңы

37.2001 жыл – Жаңа Салық кодексі

38.2001 жылғы қаңтар – «Жер туралы» жаңа Заң

39.2003 жылғы 20 маусым – Жер кодексі

40.2003 жылғы 4 қараша – «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншікті мемлекеттік мониторингілеу туралы» Заң

41.2006 жылғы 28 қаңтар – «Самрұқ» Ұлттық холдингтік компаниясы» АҚ құру туралы» Жарлық

42.2008 жылғы қазан – «Самрұқ-Қазына» құрылуы

43.2010 жылғы 13 сәуірде ҚР Үкіметінің Қаулысымен «2020 бизнестің жол картасы» бекітілді

44.2010 жылғы 14 сәуірде ҚР Үкіметінің Қаулысымен «2010-2014 жж. арналған Қазақстанның индустрияландыру картасы» бекітілді

45.2010 жыл – 2010-2020 жж. арналған жедел индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы қабылданды

46.2011 жылғы қыркүйек – «Халықтық ІРО» бағдарламасының қабылдануы

47.2012 жылғы қараша - «Халықтық ІРО» бағдарламасының бастау алуы

48.2013 жылғы мамыр – Президент Жарлығымен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі құрылды

Пайдаланылған дерек көздері:

1.Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге дейін. Оқиғалар хроникасы: Құжаттар жинағы / Құраст. Б.Ғ. Аяған, Ә.М. Ауанасова, Р.А. Құдайбергенов. Б.Ғ. Аяғанның редакциясымен. – Алматы: Раритет, 2011. І том (1990-1995 жж.) – 320 б.

2.Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге дейін. Оқиғалар хроникасы: Құжаттар жинағы / Құраст. Б.Ғ. Аяған, Ә.М. Ауанасова, Р.А. Құдайбергенов. Б.Ғ. Аяғанның редакциясымен. – Алматы: Раритет, 2011. ІІ том (1996-2000 жж.) – 320 б.

3.Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге дейін. Оқиғалар хроникасы: Құжаттар жинағы / Құраст. Б.Ғ. Аяған, Ә.М. Ауанасова, Р.А. Құдайбергенов. Б.Ғ. Аяғанның редакциясымен. – Алматы: Раритет, 2011. ІІІ том (2001-2005 жж.) – 320 б.

4.Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге дейін. Оқиғалар хроникасы: Құжаттар жинағы / Құраст. Б.Ғ. Аяған, Ә.М. Ауанасова, Р.А. Құдайбергенов. Б.Ғ. Аяғанның редакциясымен. – Алматы: Раритет, 2011. ІV том (2006-2011 жж.) – 320 б.

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты атынан берілген.