Биліктің атқарушы және сот тармақтары
16.10.2013 3535
Қазақстан Республикасында биліктің атқарушы тармағын Үкімет, министрлік, жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында биліктің атқарушы тармағын Үкімет, министрлік, жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Алайда басқарудың күрделі нысандары ықпал етудің кешенді әдістерін талап ететіндіктен, оған заңды тұрғыда өзге де органдар кіреді. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады және атқарушы органдардың жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет басшысы Премьердің кандидатурасын Парламент депутаттарының жалпы санының көпшілігінің мақұлдауымен Президент тағайындайды. Үкіметтің жеке құрамын Премьер-Министрдің ұсынуымен Президент тағайындайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы мен құрамы: Пре-мьер-Министр Президенттің қарауына Үкіметтің құрылымын ұсынады. Үкімет құрылымы мынадай: Премьер-Министр, Премьер-Министрдің орынбасарлары және министрліктердің басшылары.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі өкілетікктері:

-мемлекеттің әлеумттік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

Парламентке (Мәжіліске) республикалық бюджетті және оның атқарылуытуралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;

Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;

Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;

- министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;

Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың бас-шыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін тоқтатуы: Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады. Рсспубликаның Премьер-Министрі жаңадан сай-ланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім тураты мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді. Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Республиканың Президенті он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтін не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді Премьер-Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Үкіметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуі қабылданбаған жағдайда Президент оған міндеттерін одан әрі жүзеге асыруды тапсырады. РеспубликаныңПрезиденті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хұқылы. Қазақстан Республикасының Үкіметі - атқарушы биліктің жоғары алқалық органы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 64-бабына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасынын атқарушы билігін жүзеге асыратын атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Кез келген мемлекетте Үкімет атқарушы биліктің жоғары алқалық органы болып табылады.

Үкіметтің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасы Консти-туциясының «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» деп аталатын V бөліміңде бекітілген. Құжатта Қазақстан Республикасы Үкіметі заңдарының табиғаты ашылып, оның мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орны айшықталған және қызметі сипатталған. Үкімет министрліктердің, атқарушы биліктің комитеттері және басқа да орталық оргаңдардың жұмысының негізгі бағыттарын айқындап, ұйымдастырып отырады. Үкімет барлық қызметінде Реепублика Президенті алдында жауап береді.

Жергілікті жерлерде атқарушы билік органдарының жүйесіне әкімдер, басқарма, бөлімдер, комиссиялар және өзге де бөлімшелер мен қызметтер кіреді. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бірыңғай жүйесін құрайды. Жергілікті атқарушы органды әкімшілік-аумактық бірлікке сәйкес, Президент пен республика Үкіметінің өкілі болып табылатын әкім басқарады (Қазақстан Республикасы Конституциясы 87 б., 3 п,). Қазақстан Республикасы Президенті облыстардың, Астана мен республикалық мәндегі қалалардың мәслихаттары келісімімен облыстар мен республикалық мәндегі қалалардың әкімдерін тағайындайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда атқарушы биліктің орталық органда-рының ұйымдастырушылық-құқықтық формалары: министрлік, мемлекеттік комитет, комитет, бас басқарма, комиссия, республика агенттігі және мемлекеттік басқарудың өзге де республикалық органдары болып табылады. Ал үкімет құрамына кірмейтіндер: комитет, департамент, агенттік, сонымен қатар республика мемлекеттік комитетіндегі, министрлік жанындағы өзге де мемлекеттік басқару органы. Жалпылама айтқанда оларды ведомстволар деп те атайды.

Республикада сот билігі азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізу аркылы жүзеге асырылады. Қазақстанда Конституцияға сәйкес Жоғарғы Сот псн жергілікті соттардан тұратын бірыңғай сот жүйесі жұмыс жасайды. Жоғарғы Сот азаматтық, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғарғы сот органы болып табылады.

1993 жылғы Конституцияның 16-тарауы сот билігіне арналды. Кон-ституцияның 95-бабында Қазақстандағы сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа және Жоғарғы Төрелік Сотқа, сондай-ақ, заңбойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екені атап көрсетілді. Онда: «Ешқандай өзге органның, лауазымды немесе өзге адамның сот билігі міндеттерін өз мойнына алуға қақысы жоқ», - деп жазылып, «Конституциялық Сот — Казақстан Республикасы Конституциясын қорғау жөніндегі сот билігінің жоғарғы органы деп табылатыны белгіленді. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті 1993-1994 жылдары дүние жүзіндегі өркениетті елдермен тең дәрежеде ынтымақтаса отыра халықаралық қарым-қатынасты одан сайын нығайта түсті. 1994 жылдың 12 ақпаны күні Казақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы» №1569 қаулысы жарияланды. Онда Республикадағы сот жүйесін реформалау туралы жан-жақты айтылды. Әсіресе, сот әділдігін өміршең етуде соттардың кәсіби деңгейін көтеру, оларды ұйымдық жағынан нығайту, іс қарауда соттардың ешкімге тәуелді болмауын тиімділікпен арттырудың жаңа жобасы жасалды. Сондай-ақ, жалпы соттар мен төрелік соттарға жіктелудің де қажет емес екенін анықтап берді. Республика Президенті Жоғарғы Сот Кеңесінің және Әділет біліктілік алқасының ұсынуымен судьялардың қызметтік міндетін түпкілікті бекітуді талап етті, Соттардың қызметін жан-жақты қамтамасыз етудегі кадр, ішкі шаруашылық істермен айналысуды сот істерінен бөліп, аппарат басшылығына жүктеу көзделді. Жоғарғы Сот Республикадағы жалпы соттардың ең жоғарғы ұиымы болып табылатындығы атап көрсетілді. Бұл қаулыда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты арнайы сот алқаларына бөлініп құрылатыны, судьялар құрамы да соған қарай іріктелетіні, сондай-ақ, облыстық соттынқұрылымы, оның төрағасы, алқа төрағалары, оған теңестірілген қалалық соттың да құрылым жүйесі осы негізде болатындығы жазылды. Ал Қазақстан аумағындағы әскери сот дәрежесіне, міндетіне қарай Республика Жоғарғы Соты Пленумының кұрамына кіретіні айтылды. Осы уақытқа дейін барлық сот сатыларында сот ісіне қатысып келген халық заседательдерінің институтын жою керектігі көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы осы қаулысы-ның, еліміздегі құқық қорғау органдары мен заң шығару орындарында және сот құрылымындағы құқықтық реформалар негізінде 1995 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевзтың «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» заң күші бар Жарлығы шықты. 84 баптан тұратын бұл жарлық республикадағы тәуелсіз сот билігі мен судьялардың мәртебесі туралы әлемдік өркениеттегі құқыктық нормаларға сай келетін жаңаша заңдар ережесін жасап, бекітті.

2000 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағалары: М.С. Нәрікбаев (1996-2000 жж.), Қ.Ә. Мәми (2000-2009 жж. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуроры болып тағайындалды), М.Т. Әлімбеков (2009 жылдап бері) болды.

2000 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот жанынан сот әкімшілігін жүргізу бойынша Комитеттің құрылуы сот әкімшілігін жүргізудің дамуын жаңа сатыға көтерді. Сот әкімшілігін жүргізу бойынша Комитет соттар қызметін ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және басқа да қамтамасыз етуді жүзеге асыратын өкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Сот жүйесін реформалау жолындағы маңызды қадам сот актілерін орындау бойынша қызметтің 2001 жылы сот әкімшілігін жүргізу бойынша Комитетке берілуі еді.

1996, 1999, 2001, 2005 жылдары Қазақстан Республикасы судьяла-рының съездері өтті, I съезд соттардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық реформаны жүзеге асыру ісінде соттардың қоғамдық-саяси белсенділігін күшейту мақсатында «Қазақстан Республикасы Судьяларының одағы» республикалық қоғамдық бірлестігін құрды. Оның мәртебесі 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңымен бекіді. Қазақстан Республикасы Соттар одағынын түрлі жылдардағы төрағалары: М,С. Нәрікбаев, С.К, Байбатыров, Қ.Ә. Мәми, Б.Ж.Әбдірайымов, Б.Т. Түрғараев, Н.Н, Момбеков, А.Б. Қаженов болды.

2001 жылы 6 маусымда болған Қазақстан Республикасы соттарының III съезінің маңызы зор еді. Оның жұмысына Елбасы Н,Ә. Назарбаев қатысып, баяндама жазады.

Осылайша, 2000 жылдардағы биліктің атқарушы және сот тармақтарының қызметі «Қазақстан—2030» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруға, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын көтеруге, елімізде заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға бағытталды.

Дерек көзі «Қазіргі Қазақстан тарихы» Алматы «Раритет», 2010ж. 152-155 беттер. Б.Ғ. Аяған, Х.М. Әбжанов, Д.А. Махат

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.