Қарақытайлар
02.08.2013 4559
Орталық Азиядан келген көшпелі тайпалардың шапқыншылығы себепші болды, олардың үстем тобы едәуір аумақта билікті басып алды

Бірақтұтас алғанда қарақытай конфедерация Қарахан билеушілері тұсында да шекаралық қызмет атқарған, сөйтіп бұл үшін «наградалар мен үлестер» алған Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Алтай тайпаларының, жетекші рөл атқаруы жағдайында жергілікті этникалық-саяси негізде қалыптасты».

1125 жылы Елюй Даши әскерінің Емілге келуі Жетісуда қалыптасқан мемлекеттік институттарға түбегейлі өзгеріс енгізген жоқ. Қарақытайлардың саяси ықпалы Жетісудың бір бөлігіне, Сырдарияның оң жағалауына және басқа аудандарға таралды.

Қарақытай бірлестігін басқару органдарының қалыптасуына жергілікті дәстүрлер күшті ықпал жасады. Мұның өзі қарақытай армиясындағы езгерістердің мысалынан айқын көрінеді. Армияны әскери бөліністерге бөле отырып, Елюй Даши Қатүн-Балықтың өзінде-ақ әрбір отрядтың санын 500 адамнан белгіледі. Бірақ Жетісуда гурхан бұл тәртіпті күрт өзгертті: бір әскери басшының қол астында жүзден аспайтын жауынгер болуға тиіс болды. Осы арқылы армияны басқару ішінара белшектенді. Жергілікті тайпалардың шекараларды қорғау жөніндегі қызметі сақталып қалды.

Бұдан былай қарай өз құрамына Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның тайпаларын қамтыған қарақытай әскері мұңдай әскери ұйым сипатынан айырылды. Жаулап алу барысында қарақытайлардың әскери жасағы негізінен құрамында түркі тілдес тайпалар мен халықтардан тұрған армиямен алмастырылды. Сонымен бірге алғашқыда Жетісуда, ал сонан соң Мауараннахрда — жергілікті этникалық ортада келімсек этникалық топтардың шаруашылық және этникалық «сіңісуі» жүріп жатты. Қарақытайлар келгенде қалалар мен отырықшы қоныстарды қиратып келген жоқ. Қарақытайлар Орта Азияның қалаларымен және егіншілік аймақтарымен үнемі сауда жүргізуге мүдделі болды. Олардың арасында мал өсірушілермен қатар егіншілікті білетін жартылай көшпелі топтар аз емес еді. Деректемелерде: қарақытайдың таралуы бейбіт сипатта болғанын бір ауыздан атап керсетеді. «Олар (қарақытайлар) қаланы алған кезде, оның тұрғындары үшін еш өзгеріс жасамады, — деп жазды Ибн әл-Асир, — тек әр үйден бір динардан ғана алды. Егістік пен сол тәрізділерге келетін болсақ, олар халыққа берілді». Бұл орайда үлестік жерлерді иеленушілер өздерінің гурхан қамқорлығында екендігінің белгісі ретінде өзінше бір үлгідегі сақтау грамоталарын (пайцзалар) алды.

Жағдай XII ғасырдың 40-жылдарының басында Салжұқтардың Мауараннахрда жеңілуінен кейін өзгерді. Жаңадан жаулап алған аймақтарда қарақытай әскерлері шоғырланды және оларға алым төлеу міндетті бола бастады. Қарақытайлар тұтас алғанда өздеріне дейінгі болған саяси құрылымды және әр түрлі аймаңтар арасындағы өзара байланыстарды өзгертпеді. Жергілікті жерлерде билік басында осында бұрын билік еткен әулеттердің өкілдері отырды. Орын алып келген талас-тартыстар сарыны жойылмай, қайта күшейе түсті, өйткені «Түркістан патшалары», Жүзжанидың айтуынша, қарақытайлардың көмегімен бір-бірін «бағындыру және талқандау» әрекеттерін жалғастыра берді. Ұдайы жанжалдармен ездерін титықтата отырып, қарақытай әскерлерін ұстауға мол сыйлықтар беруде шашетектен шығындарға ұшырап, жаулап алушыларға алым төлеп, жергілікті билеушілер өздерінің үлестерін белшектеуді күшейтті, ал мұны гурхандар белсене қолдап отырды. Осының салдарынан қарақытай иеліктерінің құрамына кіретін Қазақстан мен Орта Азия аймақтары, сондай-ақ гурхандарға вассалдық тәуелділікті мойындаған бірлестіктер шаруашылық және саяси жағынан әлсіреді. Жетісуда, Мауараннахрда, Ферғанада бір мезгілде бірнеше ұсақ және ірі мәліктер мен сұлтандар биледі.

Іле алқабы мен Мауараннахр

Іле алқабы мен Мауараннахрдың қарлұқтары, Бесбалық ұйғырлары, Самарқанда соңғы Қарахандар іс жүзінде өздерінен алым жинайтын гурхан билеушілерінің басқаруында болды. Қарақытай шонжарларының басқаруы үлкен ауыртпалыққа ұшыратты, ал олардың қысым жасауы, әсіресе салықтар жинау кезіндегі шамадан тыс талаптары наразылық туғызды. Ибн әл-Асир былай деп атап көрсетеді: «қарақытайлар» Түркістан мен Мауараннахр елінде тұрды және олардың халқын ауыр езгіге салды. Олардың әрбір қалада билеушісі (болды), ол қарақытайларға ақша жеткізіп беріп тұрды.

Хорезмде алымдар мен салықтарды гурханның арнайы жіберген жинаушылары мезгіл-мезгіл жинап алып отырды, басқа аудандарда алым жинау мен оны қарақытайлардың астанасына жеткізу құқығы жергілікті феодалдарға берілді. Империяның жариялануына дейін өздерінен де күшті болған наместниктер институтына сүйене отырып, қарақытай көсемдері өздерінің әулет меншігі ретінде үлесті жерлерді иемденуге талаптана қоймады. Кейбір өлкелердің, мәселен, Тараздың наместниктері кейін келе толық билік жүргізген әміршілерге айналып алды.

Санжар сұлтанды жеңгеннен кейін гурхан Баласағұн түбінде Ғұз-орда- да өз ордасын құрды. Ұйғыр көпестері Жетісуды Чугал (Жікіл) деп атады. Деректемелерде хабарланғанындай, оның тұрғындары бейбіт, егіншілікпен айналысады, билеушінің пайдасына оннан бір үлес төлейді, ал гурхан ордасының орасан кендігі соншалық, оны аралап шығу үшін жарты күн керек болады.

Патриархаттық-феодалдық принциптері

Қарақытай мемлекеттік бірлестігінің қалыптасуымен бірге басқарудың патриархаттық-феодалдық принциптері орнығып, нығая берді. Алайда жоғарғы билікті мұраға қалдыру жүйесі өзіндік сипат алды; гурханға, әдетте, бұл да гурхан атағын алатын әйел мұрагер болды. Мұның өзі жергілікті мұсылман халқының түсінбеушілігі мен наразылыгын туғызды. Бұл дәстүрді айыптау Шығыс авторларының шығармаларынан көрініс тапты. Мұрагерліктің мұндай принципінін бөлу себебі мынада еді: қарақытайлардың әулеттік одағы некелесетін ер және әйел ру-фратриялардан, император руы мен император әйел руынын, екі ру-фратриясынан тұратын, сондықтан олардың екеуінің де бірдей дәрежеде гурхан тағына отыруға құқығы болды. Осыдан «алмасып мұраға алу» келіп шықты, оның мәнісі екі рулас әулет топтары өкілдерінің арасында билікті бөлуде емес, одан да гөрі өздерінің соңындағы генеалогиялық ортақтығымен байланысты көшпелі тайпалардың арасында белгілі бір әскери-саяси тепе-тендікті орнықтыруда болатын.

Елюй Даши 1143 жылы өлді де, билік гурханның жесірі Табуянға көшті, ал жеті жыл өткен соң басқару тізгінін Иле алды. Оның тұсында тұңғыш рет халық санағы жүргізілді. 84 мың отбасы жазылды, бұл, тегінде, Сырдария мен Еміл арасын мекендеген көшпелілердің саны болса керек. Қарақытайлардың бүкіл өмір салты даланың тұрмыс белгілерін сақтады. Иленің патшалық құруы 13 жылға созылды, ол өлгеннен кейін 1155 жылы так Елюй Дашидың қарындасы Бұсұғанға берілді. Оның мұрагері Чжилугу болып, ол 1169 жылдан бастап шамамен 1203 немесе 1214 жылға дейін патшалық құрды. Қарақытай мемлекетінің тарихындағы жаңа кезең соның есімімен байланысты. Бөлшектену үрдісі қарақытай әскербасыларының шың мәнінде автономиялы наместниктерге айналуына әкеліп соққан еді. Гурханның атынан әрекет жасай отырып, олар іс жүзінде әбден дербес болды да, оған тек алым жіберіп тұрумен шектелді. Шынына келгенде, гурханның биледі деген аты ғана болды. Езгінің күшеюі және феодалдық қырқыстар. XII ғасырдың орта шенінен бастап қарақытайлар өздерінің салық саясатын айтарлықтай өзгертіп, ашық тонауға көшті, бейбіт қоныстарға шапқыншылық жасады, «өлтірді, тұтқынға алды, тонады және есепсіз көп адамды қолға түсірді».

Жетісу мен Мауараннахрдағы қарақытайлардың жағдайы феодалдық қырқыстардың созылуынан әлі де біраз уақыт біршама берік болып қала берді. Мәселен, отырықшы халықтан салықтар алуға мүдделі қарлұқтар өздерімен бәсекелесуші Самарқан тамғаш-ханы (1156) ықпалынан уақытша құтылды. Гурхан бұған дереу араласып, өзінің қолшоқпары Жағры-ханға қарлұқтар «қару-жарақ асынуын қойып, егіншілікпен айналысатын болсын» деп, оларды Самарқан пен Бұхарадан көшіруге бұйрық берді.

Қарақытайдың ыдырауы

Самарқаннан аттанған қарлұқ атты әскері жол бойында кездескеннің бәрін «тонап, қырып жоя отырып», Бұхара жағына бет алды, бірақ қан төгіс ұрыста оны қарақытай әскерлері тас-талқан етті. Көп ұзамай гурхан Балқыдан айырылды, оның билеушісі жыл сайын харадж (жер салығын) беріп туратын еді. 1198 жылдың сәуір-мамыр айларында Хорасан мен Орта Азияның онымен шекаралас аймақтарын басып алуға ұмтылған Ауғанстан жерінен шыққан гурид билеушілері қарақытайларға күйрете соққы берді.

Іле-шала гурханның қол астынан құтылуға тырысқан Хорезм де қарақытайларға қарсы күреске шықты. Гуридтерге қарсы күресте оны қолдаудан бас тартқан хорезмшах Бұхараны қоршап, содан соң басып алды. 1205 жылы жазда қарақытайлар Термезден кетті, осыдан кейін олардың вассалдары — Самарқан пен Бұхара билеушілері — гурханға қарсы күресте Хорезммен одақтасу амалын іздестіре бастады. Мауараннахр Үзкентке дейін дерлік осындағы «әрбір қала мен әрбір өлкені» алған және өздерінің наместниктерін қойған хорезмдіктердің қолында қалды. Тараз да Хорезмге біршама тәуелді болып қалса керек. Жергілікті жасақтың 1210 жылы талқандалып, тұтқынға алынған қолбасшысы символды түрде таққа отырғызылып, Хорезмге жіберілді.

Алайда, Самарқанды түбегейлі өзгерістер бола қоймады. Ол былай тұрсын, хорезмшах «бәрі де қытайлар белгілегендей болсын» деп ондағы сұлтанды арнайы наместникпен бірге Самарқанға сый-сыяпатпен аттандырып салды. Гурханның Іле алқабындағы (Қойлық және Алмалық) өз вассалдары - қарлұқ билеушілерімен қатынасы шиеленісе түсті. Ол Ғұз-ордадан Қашғарға көшуге мәжбүр болды. Көп кешікпей найман тайпаларының күшті конфедерациясымен одақтасқан қарлүқтар Қашғар шегінде қарақытайлардың ең соңғы гурханы Чжи- лугуді қолға түсірді. Қарақытайлардың иеліктері біржолата наймандардың қолбасшысы Күшліктің қолына көшті.

Мәліметтер wikipedia сайтынын алынған