Қазақстанда татар халқының ағартушылық мәдениетіндегі өзгерістері
11.10.2013 2349
Мектептер мен медреселер алғашқыда шакирдтердің теологиялық білімімен айналысты. Оқулық ретінде қасиетті Қоран, ал кітап ретінде Насихат ас – Салихин және Бадавам бойынша оқыды.

Татарлардың  іс- әрекеттерін басқа туыстас тілді халықтардың арасында ең бірінші мұсылман дінінің догмаларының таралауына байланыстыру қажет. XIX ғ екінші  жартысы мен XX ғ басы қазақ даласында Бұқара мен Қоқандтан келген ходжалар мен татарлардан шыққан жүздеген шариат қызметшілері кездеседі және шын мәнісінде олар тек қана рухани жаңартуымен айналысты. Сол уақытта татар мен қазақ халықтарының арасында әсіресе патшалық Ресейдің әлсіз емес отарлық – империялық саясаты Ислам мен оның уағыздаушыларының мағынасын төмендету керек жоқ. Атақты түріктанушы мен этнограф А. Вамбери 1905 жылы Лондонда жарық көрген «Пробуждение татар» атты мақаласында: «Пропагандируя религию Пророка, татары сорвали русификаторские попытки церкви и государства» (имеется ввиду – Российского- Авт.) \1\ - деп жазады. Өзінің мақаласында А. Вамбери ресей патшасына мен еуропа державасының кабинетіне ресей мұсылмандарының петициясынан бір дәйектеме келтіреді: «С целью дальнейшей русификации киргизов и казахов, они (российские имперские правители – Авт.) добиваются прекращения всех их связей с татарскими муллами. Три месяца назад губернатор Акмолинска М. Сухатин приехал в Петропавловск и так обратился к старейшинам: «Я категорически запрещаю вам любые взаимоотношения с киргизами (казахами). Я уполномочен наказывать всякого противящегося этому. Нарушитель в 24 часа будет препровожден на самый дальний Восток».\2\  Тыйым салу мен қорқыту қазақ пен татар арасындағы тығыз қарым – қатынасты тоқтатқан емес. Татар мен қазақ тың бірдей туыстас тілі мен діні, дүниетанымы және тарихи өмірі ұқсас болып келеді. Ислам дінінің идеологиясы Ресей империясының жағдайында мұсылман халқының бірігуші фактор ретінде шығады. Татар моллалары мен шакирдтері ақсүйектер мен бай қазақтардың шақыруымен ауылдарға, жайлауларға келіп, балаларды жазу мен сызуға, тек қана діни әдебиетке қана емес, сонымен қатар зиялы мазмұнды кітаптарды оқытуға қызығушылық туғызды. Ағартушылық қозғалыста үлкен рөл жәдидизм ойнады. Ол XIX ғ үшінші ширегі мен  XX ғ басы татар қоғамында кең тарады. Жәдиттер (И. Гаспринский, Ш. Марджани, К. Насыйри және т.б.) діни реформалардың, медресе мен мектептерде білім алу жүйесінің, ғылым мен әдебиетінің дамуында жақтаушылары ретінде белгілі еді. Олар ұлттық шектеулігінің жақтастарымен, діни догмаларының фетишизациясымен күресті. Уфадағы «Ғалия» шакирд медресесінің оқу бағдарламасы алты жылға белгіленген. Онда ана тілі мен әдебиет, тарих, география, педагогика, логика, математика және басқа да зиялы пәндер курсын оқытты. Білім беруді тең білімді және демократиялы көңілі бар сабақ берді. Оның ішінде Ғалымжан Ибрагимов, атақты татар жазушысы және қоғам қайраткері. «При Ибрагимове «Галия» становится как бы своеобразным центром просвещения и культуры, кузницей работников народного образования, печати, искусства, науки», - деп жазады АҒ Татарстан Республикасының президенті М.Х. Хасанов.\3\ «Ғалия» медресесінде Ш. Бабич, Х. Туфан, С. Кудаш болашақ татар мен башқұр ақындарымен бірге  М. Жұмабаев, Б. Майлин, Ж. Тілепбергенов, А. Мұстафин және басқа да қазақ жастарының оқытушылары білім алды.

Орта Поволжье мұсылман мемлекет халықтардың жоғарғы алып деңгейі жазбаша іс – қағаз жүйесі қалыптасқаны байқалады. Жазбаша құжаттар формасына басқа елдермен дипломатиялық қатынастары және де елдің ішкі азаматтық қатынастары енеді: сауда істері, сот өндірістері, келісімдік актілер және т.б. Қағаздар мен құжаттарды сақтау үшін мұрағат ашылды.  Ұлы Бұлғария уақытынан кейін кітаптардің санақшылары халықтың  біраз санын құрды. Мұсылман мемлекеттерінің байланыстарының өсуі араб елдерінен, Түркиядан, Парсыдан кітаптарды әкелу саны өстті. Кітап қоймалары пайда болды.

Мектептер мен медреселер алғашқыда шакирдтердің теологиялық білімімен айналысты. Оқулық ретінде қасиетті Қоран, ал кітап ретінде Насихат ас – Салихин және Бадавам бойынша оқыды. Бірақ, уақыт өте келе барлығы өзгерді, атақты медреселерде зиялы білім де беріп отырды (Қазандағы «Қасымия» медресесі, Уфадағы «Ғалия», Тройцкідегі «Расулия» және т.б.). Қазандық «Мұхамедия» медресесінде мысалға, төрт тілге үйренді, математиканы, педагогиканы, жантануды, логиканы, философияны, әдепті оқыды. Орынбордағы «Хусаиния» медресесінде оқу жоспары бойынша сегіз діни және жиырма зиялы пәндерді оқуға  болатын. XX ғ ағылшын зерттеушілері осындай оқу жоспары бар медреселер классикалық гимназиялардың оқу жоспарымен сәйкес келетіндігін анықтады. «Умственное развитие шакирдов медресе довольно значительно… шакирды стоят гораздо выше наших приходских городских школ» \4\, - дейді В.В. Радлов 1872 жылы. Медресе ішінде кітапханалардың бар болуы байқалады. Мысалы, Башқұрда  Стерлибаш ауылында кітапхана 1720 жылы ашылды. XX ғ басында мұнда кітаптардың саны 14 мың данаға жетеді.

1871 жылы 23 қазанда атақты түріктанушы В.В. Радлов татар, башқұр, қырғыз Қазанның оқу аймақ мектептерінің ішінде инспектор қызметіне тағайындалды. 1871 жылы Қазанда алғашқы «Усмания» медресесінде орыс сыныбы ашылды. XIX ғ аяғында медресе ішінде төрт орыс сыныбы  ғана болды. Татар ұл балалар мектебінде және Татар Мұғалімдік мектебінің бастауыш училищесінде орыс тіліне үйренді. Министрлік мектептер үшін мұғалімдерді дайындауда жалғыз ғана оқу орны – татар мұғалімдік мектебі болатын. Оның нақты бағдарламасы Х. Фаизханидің жобасынан айрықша болды. Татар мұғалімдік мектептері (Уфа – Орынбор – 1872 – 1889 жж және Қазан 1876 ж бастап) бастауыш мектептеріне «бастауыш татар училищесіне мұғалімдерін» таза зиялы оқытушыларды дайындады. Қазандық Татар Мұғалімдік мектебі аяғында мемлекеттік мектептерге және орыс сыныптарына жалғыз татар мұғалімдерін дайындау орталығына айналды. Діни білімімен қатар Марджанимен  зиялы білімнің қалыптасуына үлкен рөл ойнаған Шахбаз – Гирей Ахмеров пен Ибрагим Терегулов. XIX – XX ғғ ширегінде сапалы ұлттық ұлықтың жаңа топтың қалыптасуы Қазан Татар Мұғалімдік мектебі феодал және буржуазия таптарына жататын емес, керісінше ұлттық пен ресейлік санада тәрбиеледі. 

XX ғасырдың басы Ресей мұсылман мен елдің басқа аймағында көрмеген қоғамдық – саяси көтеріліммен байланысты. Қанаушы империя уақытында өздерінің құқықтары үшін, ұлт – азаттық идеяларының бостандығы үшін белсенді күрес жүргізді. Ұлттық баспасөз басылымының туу уақытына сай келді. Күрес, үміт пен жаңа өмірге іздеу жолдары, революциялық және конституциялық – демократиялық мән алған әр түрлі партиялардың қалыптасу кезеңі. 1905 жылы революциялық оқиғалардың салдарынан халықтың қоғамдық – саяси өміріне ұлт – азаттық қозғалыстың ірі өкілдері татарлар ішінен – С. Максуди, Г. Исхаки, Х. Атласов, Ю. Акчура, Х. Ямашев, М. Султангалиев, қазақтар арасынан А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов, М. Шоқаев, Б. Қаратаев, Т. Рысқұлов шығады.  Шығыс халықтарының қазақ пен татар арасында ұлттық мәдениеттің араласуы әр түрлі  және терең байланыста болғаны байқалады.

XX ғасырдың басы революциялық  - демократиялық қозғалыстың өсуімен байланысты, Ресей қанаушы халқының этникалық жігерлікті босатып жіберді. Қазақстанда өмір сүрген татарларға демократия түсінігі жақын мағыналы болып көрінді. Әлеуметтік және ұлттық мәселелерді шешуде халық өз құқықтары үшін күрескен қайраткерлердің дауыстары осы қазақ жеріне дейін естілді. Қазақстандық татарлар арасында көзге түскендер: Гаяз Исхаки (1878 – 1954 жж) және Ғалимжан Ибрагимов (1887 – 1938 жж).  Олардың дастандарын, әңгімелерін, публицистикалық мақалаларын көбі оқыды. Қазанда, Орынборда, Уфада, Оралда басылып шыққан татар журналдары «Аль - Гасрельджадид», «Карчыга» («Ястреб»), «Уклар» («Стрелы»), «Ялт - йолт» («Зарница», «Аль - Ислах» («Реформа»), «Шура» («Совет»), газеттер «Фикер», «Урал», «Вакыт» («Время») және т.б. жаздырып алды.

1911 жылы татар газеті «Вакыт» және қазақ журналы «Айқап» оқырмандарды Семейде қазақ ақыны, публицист, қоғам қайраткері Мыржақып Дулаттың тұтқындалуы туралы хабарлады. Тұтқындалу уақытында ақынның қолында оның ақындық кітабы «Оян, қазақ» («Пробудись, казах»)  және Гаяз Исхакидің екі шығармасы «Разве это жизнь?» және «Собрание» болған. Өздерінің идеалдарын табуда осы ауыр күресте қазақ пен татар зиялыларының өзара іс - қимыл жасағанын байқауға болады. Г. Исхаки Қазақстанда татар халқының өмірі жайлы және елдің зиялы өкілдерімен таныс болды. Мысалы, Петропавлды татар және басқа түркі тілдес халықтардың ағартушылығы жөнінде көп жұмыс жүргізілген қалалардың бір қатарына жатқызады. 1919 жылы Исхаки осы қалада тұрып, Ф. Туктар және Г. Терегуловпен бірге «Маяк» газетінің 30 нөмерін басып шығарды.

Қазақтардың тілімен, мәдениетімен, тұрмысымен таныс болған Ғалимжан Ибрагимов. Жастық шақта ол қазақ ауылдарында мұғалімдік қызмет атқара жүріп, өлең мен күй тыңдауды, аңыздар мен дастандарды естуді жақсы көрді. Кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқытушылық қызмет атқарған кезде қазақ – шәкірттердің Мағжан Жұмабаев пен Бейімбет Майлинмен бірге басып шығарған шығармашылық «Садақ» журналының алғашқы  қадамдарын мадақтады. Сол уақытта Ғ. Ибрагимов атақты қазақ қоғамдық – саяси қайраткері және жазушысы Ахмет Байтұрсыновпен сенімді қатынастарын орнатады. Ибрагимовқа Байтұрсыновтың колоритті тұлғасы өте ұнаған. Оған ойлаудың тәуелсіздігі, өткірлігі, жігерлігі көмектесті. Орынборда «Қазақ» газетін басып шығарған, қазақ тілінде оқу құралдарын жасады,  ана тілін басқа тілдермен теңдігіне қол жеткізіп отырды.

Байтұрсынов татар классика әдебиетін оқыған. Ақынның «Қазақ қызы» («Дочь степей») атты романы екі рет 1911 жылы және 1914 жылы патша күзетімен тәркіленді. Ғ. Ибрагимов айрықша табан көрсетіп, «тұтқындалғанның» шығармашылық мәтінін екі рет қалпына келтірді. Бірнеше жылдар өткен соң бұл роман қайтадан жарық көреді. Ибрагимовтың әдебиетте ең бір туындысы «Қазақ қызы»  романы татар мен қазақ оқырмандары қазақ даласында терең әлеуметтік – тұрмыстық шындықпен, революцияға дейінгі шын мәнімен таныс болды. Өзінің шығармасына ойқазық ретінде Мағжан Жұмабаевтың дарынын жоғары бағалап, өлең жолдарынан содан бастайды:

   Ты видишь простор бесконечный степной,

  Как шалью, покрытый беспечной травой.

  Здесь горы да небо, медовые реки,

  Я сын твой, Отчизна, рожденный тобой…

  Роман бірнеше рет қазақ, орыс және басқа тілдерінде басылып шығарылды. Сәбит Мұқанов былай деп жазған: «Казахи считают Галимджана Ибрагимова своим, казахским писателем… Имя Галимджана Ибрагимова, замечательного человека и писателя, навсегда вошло в историю нашей многонациональной литературы».\5\ Татар классика әдебиетінің шығармашылық мұрасын жоғары бағалаған М. Әуезов, С. Айни, Б. Кербабаев, Г. Гулям және басқа түркі тілдес халықтардың  ірі сөз шеберлері сын баға берді.

  Қазақстан жерінде татар ұлтының өмірінде білімге деген құштарлығы, ана тіліне негізделіп баспасөз қызметін орнатуға, кітапхана ісін ұйымдастыруға және кітап саудасын дамытуға талпынды. 1913 жылы Петропавлда «Ишим даласы» («Ишимская степь») газеті жұмасына үш рет басылып шығады. Мақалалар екі қазақ және татар тілінде шықты. Ақпан революциясынан кейін Хусаин Мунасыпов басқарған редакция алқасымен сол Петропавл қаласында «Юл» («Путь») апталығы басылып шығарылады. 1908-1913 жж Тройцк қаласында шыққан қазақ сықақ журналы «Айқаптың» редакция хатшысы болып Акрам Галимов жұмыс істейді. Ол өзінің шығармаларын «Шала татар» деген бүркеншік атпен шығады. Орал мен Семей қалаларында татар мен қазақ тілінде кітаптардың басылып шығу фактісі анықталады. Семей қаласында «Ярдэм» серіктестігі ұйымдастырылды. Ең басында серіктестік татар кітаптардың сатуымен айналысты, кейін өздері араб жазуы бар типография сатып алып, кітап басуды реттеді. Татар авторлардың шығармаларымен қатар, серіктестік қазақ тілінде бірнеше кітап басып шығарды, соның ішінде Шәкәрімнің өлеңдер жинағы.

  1908 жылы князь Х. Акчурин, екінші гильдия көпестері Г. Тюменев, Г. Тойматов, әулетті дворянин С. Давлеткильдеев және басқа ауқатты тұлғалардың көмегімен Петропавлда жалпы кіруге арналған оқу залы бар кітапхана ашылды. Мында К. Насыйри, Г. Исхаки, Г. Тукай, Ф. Амирхан, Г. Ибрагимовтың  және басқа да авторлардың туындыларын табуға болады. Кітапхана Қазанда, Орынборда, Уфада, Тройцкіде шыққан газет, журналдарды жаздырып алды. Ұлттық кітапханалар татар халқына Орал, Семей, Қостанай, Верный, Көкшетау  қалаларында қызмет көрсетті. Ақмола мен Петропавлда С. Маманов пен Г. Бабажанов ашқан дүкендерінде татар кітаптарын сату жедел қарқынмен жүрді.

Жаңа ғасырдың басталуы барлық үйлерге, сонымен қатар татар үйлеріне де  ұлы жаңашыл тапқыш – граммофон ойлап табылды. Ауқаттылардың көбі татар отбасылары кешесіне бұл аспаптың әуенін тыңдаған. Тройцкіден шыққан әнші Файзулла Бабажановтың дауысын жиі тыңдаған.

Рухани мен саяси мәдениеттің гүлденуіне уақыттың жаңа жолдары керек еді. Қоғамдық – саяси құрылысқа қарсы күресте ауыр жағдайда өзінің орнын анықтауға тырысты. Кейбір татар зиялыларының өкілдері әдеттегі ұлттық дәстүрде шығармашылық еңбекпен айналысты, екіншілері орыс және еуропалық жоғары оқу орындарында жаңа білім алуды талпынды, үшіншілері өздерінің өмірлерін революциялық социал- демократиялық қозғалыспен байланыстырғысы келді.

Мысал ретінде Петропавл қаласының тұрғыны Мұхамедсаид Ахмед – Жәлел парсы тілінен татар тіліне Саадидің «Гулистан» ұлы шығармасын аударған. Аударма 1917 жылы Петроградта басылып, татар баспасөзінде үлкен қолдау тапты.

Петропавлда Хусаин Габдюш пен Рашид Рахмати Араттың  жастық шағы өтті. Екеуі де бастауыш білімді татар мен орыс мектептерінде алып, әңгіме, өлең жазды, жергілікті татар газеттерінде басылды. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін екеуі Харбинге, кейін Түркияға жер аударып, мұнда әдеби және ғылыми қызметпен айналысты. Рашид Ахмати Арат Берлин университетінің филология факультетін бітірді. Ал, Хусаин Габдюш жазушы, әртіс, режиссер ретінде белгілі болды.

Ғалым Акчурин басқа жол таңдаған. Өзінің туған жерінде – Петропавл қаласындағы  татар мектебінде оқып, орыс нақты училищесін бітірген. 1910 жылы Мәскеудегі Лазарев атындағы Шығыс тілдер институтының студенті саналды. Мұнда оның тілшілік және әдеби қайраткерлігі басталды. Татар жазушыларының шығармаларын аударып, алғашқы рет 1913 жылы Мәскеудегі «Шығыс жинағында», ал мақалалары мен очерктері Орынбордағы «Шура» журналында басылды. 1915 жылы туған қалаға қайта оралып, оқытушылық пен әдеби жұмыспен айналысып, ұлтық – мәдени қозғалысқа белсенді қатысты. 1917 жылы аяғы мен 1918 жылдың басында Уфадағы ішкі Ресей мен Сібірдің (Милли Маджилис) түркі – татар Ұлттық жиналстың жұмысына қатысты. Бұл жиналыс Ресей құрамындағы Еділ – Орал штатының құрылуына шықты. 1918 жылы большевиктер Ұлттық жиналысты таратып, Г. Акчурин Петропавлда тәрбиелік – педагогикалық қызметпен айналысты. 1938 жылы Г. Акчуриннің өмірі үзіліп кетті.

XX ғ басында маркстік ойлардың негізіне айналған, большевистік бағдарламалардың құруына қоғамды қайта құрудан революциялық оқиғалар басталды. Бұл себептер Қазақстандағы татарларды тыста қалдырған жоқ. Орыс ағайындармен қатар, жаңа, кеңестік билік үшін күресте қазақстандық татар халқы да қатысты. Олардың арасында Аягөз бен Семей қаласында белсенді түрде қатысқан – Сабыржан Габбасов, Петропавлда – Карим Сүтішев, Верныйда – Бари Шегабутдинов, Атбасар мен Ақмолада – Сабир Шарипов, Көкшетауда -  Усман Абдрашитов болды. Бұл адамдар өте батыл еді. С. Габбасов, К. Сүтішев, Б. Шегабутдинов қатаң күрес азаматтық соғыста өздерінің өмірлерін қиды.

К. Сүтішевтің өмірбаяны революциялық күреске аяқ басқан көптеген ұрпақтарға тән. 1888 жылы желтоқсан айында Атбасарда ұсақ қызметкердің отбасында туған. Әкесі қайтқаннан кейін, үш жастағы Карим үлкен ағасы Мажиттің  қолына тәрбиеленуге келеді. Сол уақытта ағасының достарының арасында Атбасарда тұратын саяси қуғын – сүргіндер болды. Екі жылдық мектепті бітіргеннен кейін, Белов көпесіне жұмыс істеуге барады. 16 жастағы жігіт Карим Сүтішев революциялық қызметке қатыса бастайды. Сауда жұмыстарымен айналысқан К. Сүтішев Атбасардан Тройцкіге, Омбыға, Петропавлға келіп, осы сапарларды партиялық жұмыстар үшін пайдалынады. Ақпан буржуазиялық – демократиялық революциясынан кейін, Петропавлда жиналыстар мен бұқаралық жиындар өтті. Алғашқы бірінші мамырлық бұқаралық шеруге үш мыңдай тұрғын шығады. Олар ұрандарымен және әнмен шықты, олардың арасында Карим Сүтішев былғары зауытының жұмысшы коллонасын басқарды. 1917 жылы шілдеде қалалық жиналыста «Новый свет» киноматографияда Карим Сүтішев эсерлермен аяғына дейін бел бауға шықты. Карим Сүтішевті жұмысшы жиналыстар мен бұқаралық жиындарда кездестіруге болатын, ол дарынды сөз шешені болған. 1918 жылы мамырдың аяғында бүлік өтті. Карим жасырынуға тырысты. Бірақ, 5 маусымда сатқын оны сатып, Карим тұтқындалды. К. Сүтішев туралы мәңгі халықтың есінде. Петропавлда 1927 жылы 3 қарашада Караванная көшесі Карим Сүтішев атындағы көшеге өзгертілді. Қазір бұл көше қаланың орталық көшелерінің бірі. \6\

XIX  ғ бірінші жартысында 1770 -1850 жж татар тілінің дамуына орыс мектептеріне арналған татар грамматикасы мен хрестоматиялардың саны көп шыққаны байқалады (Ибрагим Хальфин, Абдюш Вагапов, Салимжен Кукляшев, Гали Махмудов). Ресейдегі алғашқы рет Қазанның негізгі шығыстану орталығы «разряд восточной словесности» Қазан университеті, оның дамуына үлкен үлес қосқан ұлы ғалым университет ректоры Н.И. Лобачевский. Профессор Х.Д. Френ Ресейде арабистиканың негізін салушы, 1930 жж профессор А.К. Казем – бек басқарған түрік – татар тілді кафедрасы ашылды. Қазан шығыстанудың ерекшелігі - әр түрлі халықтарды мен діндерді таныстыратын, ғалымдардың қарым – қатынасы. Нақты осы Қазанда Ресейде алғаш рет араб тілінің түсіндірме сөздігі жарық көріп, фикха туралы еңбектер мен хрестоматиялар басылады. Бірақ, 1885 жылы шығыс бәсендігі Петербург қаласына ауысып, православие миссионерлердің қолына көшеді.

Кикбаева А. И.

(М. Қозыбаев атындағы СҚМУ)

Сілтемелер:

Хайруллин Г.Т., Хамидуллин А.Г. Татары. А; Білім, 1998 ж, 70 б. Сонда, 70 б. Сонда, 71 б. Сонда, 51 б. Сонда, 93 б. Трибуна газетасы. № 23 жұма 8.06.01 ж, 2 б.

Әдебиеттер:

1.  Хайруллин Г.Т., Хамидуллин А.Г. Татары. А; Білім, 1998 г.

2.  Р.Г. Мамлютова – Бикмухамедова. Татары на Севере Казахстана (история и современность). Издательство «Северный Казахстан», Петропавловск; 2004 г.

3.  М.А. Морозов. Петропавловск в дореволюционных литературных источниках. Ленинград; 1991 г.

4.  А.Г. Каримуллин. Татары: этнос и этноним. Казань; 1989 г. Татарское книжное издательство.

5.  «Трибуна» газетасы, № 23 жұма, 8.06.2001. ж

6.  «СК газеті», № 60 жұма, 21 мамыр, 2004 ж

7.  Н. Сулейменова. Мечети столетия спустя. \\ Добрый вечер. № 2, 13.01.2006 г.

8.  А.Г. Хамидуллин. Татары в Казахстане. А; 1997 г.