ХІХ–ХХ ғ. қазақ жеріндегі дін мәселесі және кеңестік саясаттың ұлттық ділге тигізген әсері
06.08.2014 3746
Озбыр күш қазақты тілінен, дәстүрінен, дінінен, ділінен айырып, тегіс шоқындырып жіберуді мақсат тұтты.

Ресей империясы қазақтың кең—байтақ жерін әскери, саяси және экономикалық жағынан ғана емес, идеологиялық жағынан орыстандыру, шоқындыру саясатын жүргізу арқылы елді толық билеп, халықтың санасын жаулап алмақшы болды. Озбыр күш қазақты тілінен, дәстүрінен, дінінен, ділінен айырып, тегіс шоқындырып жіберуді мақсат тұтты.

XVIII–XIX ғғ. Қазақстанның Ресей империасы қол астында болуы ислам дініне көп әсерін тигізген. ХVII ғ. басында Ресей империясы көшпелі халықтар арсында христиан дінін таратуға тырысты, нәтижесінде өзінің көздей алмаған мақсатын өкімет ислам дінін қыспаққа алуға тырысты.

Патша үкіметінің әкімшілігі өзінің отаршылдық саясатын жүргізе отырып, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқын шоқындырып, христиан дініне көшіруге зор көңіл бөлді. Сол арқылы Қазақстанның байырғы халықтарын Ресей империясына шын берілген жандар етіп шығаруды ойластырды. XIX ғасырдың бас кезіне қарай қазақ даласындағы әлеуметтік—саяси жағдай өзгере бастады. Соның нәтижесінде патша үкіметінің қазақтарды шоқындырып, христиан дініне көшіру жөніндегі жаңа саясатын жүзеге асыру үшін өте қолайлы жағдай туды. Осы кезде Қазақстанның Ресеймен шектес аудандарында ашаршылық күшейген еді. Патша үкіметінің әкімшілігі қазақтардың балаларын көптеп сатып алып, оларды православие дініне кіргізуге кірісті. XIX ғасырдағы белгілі орыс зерттеушісі А.Добросмысловтың хабарлағанындай, «Қазақтардың балаларын шенеуніктер, помещиктер, казактар, офицерлер, көпестер, тіпті дін қызметкерлерінің өздері де сатып ала бастады».

Кенесары көтерілісінің алдында Ресей өкіметі қазақ даласына шіркеу қызметкерлерін қаптатып, жас балаларды жаппай шоқындыра бастады. Ал хан бастаған көтерілістен кейін қазақтармен бұлай «ойнауға» болмайтынын біліп, поптарын кейін қайтарып алып, шоқындыру саясатын тоқтатып тастады [1].

Қазақтардың Ресейдің шекаралас ішкі губернияларының аумағына өтуінің «занды» жолдарының бірден—бір тиімді тәсілі христиан дінін қабылдау еді. Міне, мұндай жағдайда олар төлқүжаттық алымдар төлеуден босатылатын. Жаңа дінді қабылдағандардың жұмыс іздеп, Батыс Сібірдің селолары мен қалаларына тегін және ешқандай кедергісіз өте беруіне рұқсат етілді. Отаршыл өкімет билігінің ойлап тапқан айла—шарғысының бірі «шоқынушыларға», яғни христиан дініне өткендерге бірқатар жеңілдіктер пен артықшылықтар беру болды. Мәселен, «шоқынғандар» мемлекеттік алым—салықтардан және рекруттық міндетті атқарудан толық босатылды. Олар сонымен қатар едәуір елеулі мөлшерде ақшалай несие алуға да құқықты болды.

Христиан дінін қабылдаған қазақтардың барлығы да әдетте қазақ қоғамының әлеуметтік төменгі кедей тобының өкілдері еді. Олар ең алдымен өздерінің материалдық жағдайын жақсартуды көздеді. Сөз реті келгенде айта кету керек, бұл жағдайды Сібір қырғыздарын басқару жөніндегі жалпы облыстық басқарма кеңесінің 1868 жылғы 20 ақпандағы деректерінен айқын көруге болады. Онда былай деп ашық айтылған: «... бұған дейін православие дінін қазақтардың бәрінің де шекара шебіне жақын жерлерде көшіп—қонып жүрген сіңірі шыққан кедейлерге жататыны жақсы мәлім... Сондықтан да мына жағдайга күмән келтіруге болмайды: олардың өз дінін ауыстыру себебі өздері ұстанып келген діннің түкке тұрғысыз екендігіне кәміл көз жеткізгендігінде емес, көпшілік жағдайда материалдық есепте жатыр..» Әрине, олардың христиан дінін шын ниеттерімен құрметтей қоюын күтуге болмайтыны әбден табиғи нәрсе болатын. Мұны дін таратушы миссионер Филарет Синьковскийдің жазбалары да дәлелдей түседі: «... Жаңа шоқындырылғандардың өмірін бақылаудан көрініп отырғанындай, олар өздері қабылдаған дінге барынша немқұрайлы қарайды және оны тереңірек игеруге мулде құлықсыз».

Патшалық Ресейдің отарлық саясаты әскери және саяси сипаттағы шаралармен негізделген экономикалық экспанциямен шектелген жоқ. Ол қазақ халқының өмірінің рухани саласында да жүргізілді. Бала жастан бастап, мектеп оқушыларына орыс мәдениетінің, тілінің, дінінің, осы халық өкілдерінің артықшылығы насихатталды. Орыстандыру және христиандандыру саясатын жүзеге асыру барысында мұсылман мешіттері мен мектептері жабылып, молдалар қуғынға ұшырады. Қазақтарды ғасырлар бойы қалыптасқан әдет—ғұрыптары, салт—дәстүрлерінен айырып, орыстардың өмір сүру салты күшпен бойға сіндірілді. Нәтижесінде, қазақ халқының жеке ұлт ретінде өмір сүруіне қауіп төнді. Бұлардың барлығы қазақ халқының ойлары мен жүректерінде патшаның отарлық саясатына қарсы бағытталған ашу—ызасын күшейтті. Қарсы шығуларда халықтың оқыған, білімді бөлігі мұсылман дінінің қызметкерлері негізгі орынға ие болды. Орыс идеологтары самодержавиенің саясатына көңілі толмаған мұсылман дінінің қызметкерлерін барлық құралдармен әшкерлеуге тырысты. Әсіресе осындай өкілдерге барлық күнәларды артып тастауға тырысып бақты. Діни көзқарастарға сәйкес аурулардан жазып және болашағын болжап беретін ишандар туралы пайдақор өтірікшілер деп жазды.

Мұсылман халқының бірігіп кетуінен де сескенді. Қазақ халқын ислам рухынан алыстату мықтап қолға алынып, «мұсылмандық нышандарын білдіргені» үшін орыс гимназиясының бір шәкіртіне мінез—құлқы үшін қойылмайтын баға төмендетілген [2, 173 б.].Оның орнына орыс тілі мен әдебиет, Россия тарихы, православиелік діни сабақтары (Закон Божий) жүргізілді.

Патшалық Ресейдің отарлық саясаты әскери және саяси сипаттағы шаралармен негізделген экономикалық экспанциямен шектелген жоқ. Ол қазақ халқының өмірінің рухани саласында да жүргізілді. Бала жастан бастап, мектеп оқушыларына орыс мәдениетінің, тілінің, дінінің, осы халық өкілдерінің артықшылығы насихатталды. Христиандандыру және орыстандыру саясатын жүзеге асыру барысында мұсылман мешіттері мен мектептері жабылып, молдалар қуғынға ұшыраған. Қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет—ғұрыптарын, салт—дәстүрлерінен айырып, орыстардың өмір сүру салты күшпен бойға сіндірілді. Нәтижесінде, қазақ халқының жеке ұлт ретінде өмір сүруіне үлкен қауіп төнді. Бұлардың барлығы қазақ халқының ойлары мен жүректерінде патшаның отарлық саясатына қарсы бағытталған ашу—ызасын күшейтті. Қарсы шығуларда халықтың оқыған, білімді бөлігі мұсылман дінінің қызметкерлері негізгі орынға ие болды. Орыс идеологтары самодержавиенің саясатына көңілі толмаған мұсылман дінінің қызметкерлерін барлық құралдармен әшкерлеуге тырысты. Әсіресе осындай өкілдерге барлық күнәларды артып тастауға тырысып бақты. Діни көзқарастарға сәйкес аурулардан жазып және болашағын болжап беретін ишандар туралы пайдақор өтірікшілер деп жазды.
Х.Оралтайдың «Атам — қазақ, ұраным — Алаш, дінім — ислам, кітабым — құран, тегім — түрік», — деп айтқан болатын. Қожа Ахмет Иасауи бабамыздың «Ең алдымен иманды түзеу арқылы адамды, сосын ортаны, содан кейін заманды түзетуге болады» деп айтқан болатын [3, 30 б.].

Жалпы осы күні Кеңес Одағының құрамынан бөлінген Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғыстан, Түркменстан сынды түркі елдеріне халықтың тұтынатын негізгі діні — ислам болса да, ол мемлекеттерде христиандық, индуизм, буддизм, иудаизм сынды т.б. әлемдік дәстүрлі діндердің дамуына кедергі жасалмаған. Азаматтарға әлемдік діндерді дәстүлі діндерді өз еркімен таңдауға, сол бойынша діни сауатын ашуға мүмкіндік берілген. Әлемдік дәстүрлі діндердің ғибадатханалары: шіркеулер, храмдар, синагогалардың тұрғызылуына рұқсат етілген. Мемлекеттік деңгейде діни, негізде қысым жасауға, бір дінді екінші діннен биік көрсетуге жол берілмеген.

Күні кеше социолизм шекпенінен шықтық. Бүгінгі көптеген тауқыметтеріміздің тамыры сонда жатыр. Күллі Кеңес елі үлкен бір еңбек лагеріне айналыпты. Большевиктер онымен тынышталмапты. Халықты байдан ғана емес, Құдайдан да азат етеміз деп лепіріпті. Адам жанына қол салыпты. Қолдан Құранды түсіріп, жүректен иманды ұшырыпты. «Құдайсыздар қоғамын» құруға кірісіпті. «Бұлардың Құдайда әкесінің құны бар ма ?» деуіңіз мүмкін. Орынды сауал. Жауабы: «Қызыл көсемдер халық жүрегіндегі Құдайдың орнын өздері иеленгісі келген» [4].

Ел келешегін көркейтетін — білімді ұрпақтың жарқын болашағы үшін ең керектісі—қайсібір бөгде елдің келеңсіз ұстанымына еліктемей, халқымыздың рухани жағынан жүдеп, азғындауына жол бермеу. Мұсылман әлемінде жаппай ажырасу, жезөкшелік, нәресте көтеруді шектеу, тастанды бала, қарттар үйі деген болмаған. Ұлттың өзін — өзі сақтау әрекеті шексіз емес дейміз. Өкінішке орай, ғасырлар бойғы отарлық езгінің салдарынан қайсібір түркі ұлыстары жалтақтықты, жағымпаздықты бойына сіңіріп алғаны да жасырын емес.

Кезінде ұлтым, тілім, ата салт—дәстүрім деп өмірін елінің жарқын болашағына арнаған халқымыздың хас батыры Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: «1—ден, балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын, 2—ден, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын, 3—ден, дәмді, дәстүрді сыйламайтын жастардан қорқамын» депті [5].

Діни арандатушылықтардың себебі неде, салдары қандай деген сұрақтарға жауап іздейтін болсақ, оның төркіні мынада деп есептейміз. Біріншіден, кеңестік атеистік қоғамда өмір сүрген қазақ халқы тәуелсіздік заманы туған соң, дінге жаппай бет бұрып, сол арқылы иманға шөліркеп қалған көңілін басқысы келді. Осы тұста ғасырлар бойы ата — бабасынан келе жатқан дәстүрлі діни сенім мен радикалдық, біздің қоғамға жат секталық, экстремистік діни ағымдардың ара—жігін ажырата алмай қалған кездері де болды. Екіншіден, біздің берекелі тірлік—тіршілігіміздің құтын қашырғысы келетін сырт күштер буыны бекімеген, бұғанасы қатпаған, ең бастысы, алды—артын ажырата алатын тұлға ретінде қалыптасып болмаған жастарымыздың санасын улап, әдгіндей жат діни ағымдардың дәнін елімізге әдейі сепкісі келді. Яғни, халықтың иманға жаппай бет бұрғаны болды да, оның рухани сұранысын өтеу мәселесі туындады.

«Елбасымыз «Қазақстан — 2050» стратегиясында қазақстандық патриотизм — біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі деп атап өткендей, біздің дін қызметкерлеріміз халықпен күнделікті араласып, жастарымыздың тәрбиесіне, еліміздің бейбіт өмір сүруіне өз үлестерін қосуда. Діндердің отансүйгіштікке тәрбиелеудегі маңызы ерекше. Өйткені, дін ежелден бері еліне деген махаббатты, еліне деген ерекше сезімді тәрбиелей білген», — деп пайымдаған болатын.

Ислам дінінің мың жыл бойы дәуірлеген тұсын айтпағанның өзінде, қазақ халқы кешегі Қазан төңкерісіне дейін Паайғамбарымыздың өмір жолынан жырлар, қисса — дастандар мен аңыз — әфсаналар арқылы хабардар болып келгені мәлім. Оның өмірбаяны бейнеленген түрік — шағатай, татар тіліндегі бірқатар кітаптардың да ел арасында болғаны анық. Бірақ Кеңес өкіметі билік құрған жетпіс жылда халқымыз бұлардан көз жазып қалды [6, 7 б.].

Атеистік қоғамда өмір сүргенұлы ақын Мұқағали Мақатаев:
«Алла — ақиқат. Аллаға сеніп өтем,
Адалдық пен ақиқат серік екен.
Адаспаймын, Аллама сеніп өтем,
Арамдыққа баспаймын жолы бөтен!», — деп Алланың рас екенін, оның жолына өзінің беріктігін өлең жолдарымен көркем жеткізді.

«Бүгінгі күні менің елім Қазақстан, менің жерім Қазақстан деген осы екі асыл сөзді еліміздің әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ. Өйткені біз бір үйдін баласы сияқты асқақ арман жетегінде, отаншылдықты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл—қыздары қасиетті қазақ жерінде бейбітшілік пен ынтымақта, достық қарым—қатынаста өмір сүріп жатқан жандармыз», — деп, жастарды, жиналған қауымды отанымызды, туған жерімізді сүюге шақырды. Сондай—ақ: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Ең жақсы адам — басқаға пайдасы тиген адам», — деген хадисін жеткізіп, туған елін сүйетін әрбір азамат мұнысын нақты ісімен дәлелдеуі керек екенін айтты.

Басты мақсатымыз — өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштікті тәрбиелеу және дұрыс діни бағдар берудің маңыздылығы турасында салиқалы ой, салмақты пікірлерімен бөлісу. Ұлт пен дін тұтастығын сақтау мұсылман елдерінің іргесін бекітіп, нығайта түсетіні бірден — бір фактор екендігі күмән жоқ. Тәуелсіздігі тұғырлы, экономикасы қалыпты, дінаралық келісім орныққан Қазақ елі қоғамының тыныштығын сақтауды басты ұстаным екендігі айқын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Айқын» газеті. 171(2326) 18.09.2013 жыл
2. Нұртазина Н. Қазақ мәдениеті және ислам. — Алматы: ҚазМӨГЗИ, 2002. — 173 бет.
3. Бизақов С. Түбі бір түркілер./С.Бизақов. Өнд. 2—бас. — Алматы, 2013. — 288 б.
4. «Егемен Қазақстан» гезеті. 5.07.2012 жыл.
5. «Егемен Қазақстан», 13.03.2009.
6. Гүлен Ф. Ғаламның рақым нұры — Мұхаммед пайғамбар (саллаллаһу алейһи уә сәлләм). Толықтырылып, қайта басылған нұсқасы, Алматы: «Көкжиек—Б» баспасы, 2009. — 656 бет.

Ешім Е. О., студент, ғылыми жетекші: Кабульдинов З.Е., т.ғ.д., профессор
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.