Жаңа төңкерістің дүмпуі болып, бірінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан кездегі Қазақстан еңбекшілерінің күресі
04.01.2014 2326
Ресейде бірінші төңкеріс сәтсіз аяқталған соң елде кертартпа кезеңі басталды. Наразылық шерулеріне шығуға, митингілер және жиналыстар өткізуге тыйым салынды.

Ресейде бірінші төңкеріс сәтсіз аяқталған соң елде кертартпа кезеңі басталды. Наразылық шерулеріне шығуға, митингілер және жиналыстар өткізуге тыйым салынды. Орал, Петропавл, Семей, Верный, Перовск және тағы басқа әлеуметтік-демократиялық ұйымдар мен кәсіби одақтар талқандалды. 1907 жылы 3 маусымдағы ІІ Мемлекеттік кеңесті тарату және сайлаудың жаңа жүйесін енгізу туралы бұйрық бойынша, аймақта өмір сүріп жатқан қазақтар мен басқа халықтар сайлау құқықтарынан айырылды. Қызметкерлерді, жұмысшылар мен шаруаларды полициялық қадағалау күшейді. Перовск, Ақмола, Орал, «Эмба», «Доссор» және т. б. өнеркәсіптік кәсіпорындардың иелері «сенімсіз жұмысшыларды» жұмыстан шығарды, наразылық пен халықтың жаппай толқуының белсенділері және ұйымдастырушыларын «қара тізімге» енгізді. Кәсіпорындарда өндірудің нормалары, жұмыс күнінің ұзақтығы көбейтілді, жұмыс ақылары төмендетілді, айыппұлдар салу кең қарқын алды. «Орыс халықтың одағы», «Михаил Архангелдің одағы» және т. б. қара ниетті ұйымдар қырғындар ұйымдастырып, ұлттық алауыздықты жандандырды.

Қоныс аударушы шаруалар мен қазақ шаруалардың көтерілістерін басу үшін гарнизондардан казак және жазалау жасақтары келе бастады. Мысалы, 1909 жылы сәуірде патшалықтың қоныс аудару саясатына қарсы шыққан қазақтардың наразылығын басу үшін телеграф сұранысы бойынша Перьмнен Қостанайға жүздеген казак жіберілді.

Ресей орталығындағы аграрлық мәселенің шиеленісуін патша үкіметі өз аймақтарын, соның ішінде Қазақстанды отарлау, шаруарларды көшіру жолдары арқылы шешуге тырысты. Жерлерді отарлау «артық жерлер» деген сылтаумен қазақтардан ең құнарлы, соның ішінде халық мекендейтін игерілген жерлерді тартып алу арқылы жүргізілді. 1906-1912 жж. аралығының өзінде 17 млн. дестина жер тартып алынды.

1909 жылы 9 маусымдағы бұйрық бойынша жерге орналастыру екі норма бойынша жүзеге асырылды: қоныс аударушы — 15 және көшпелі — 12 десятина бойынша. Аграрлық-демократиялық бағыттың өкілдері аграрлық мәселелер бойынша сөз сөйлей отыра, қазақтардың отырықшы өмір салтына көшуін насихаттады. Себебі, патша өкіметі қазақ халқының көптеген жерлерін тартып алуға тырысты, отырықшы шаруашылық нысанына ауысуы қолайлы жерлерді сақтап қалуға көмектесті, ал қазақ шаруаларына «жерді ешқашан тартып алынбайтын меншік құқығымен» қоныс аударушы норма бойынша жерлерді алу ұсынысы берілді.

Ұлттық-отарлау езгінің күшеюі, патшалықтың аграрлық саясаты мен капиталистік қатынастардың аймақтың әлеуметтік-экономикалық өміріне енуі қазақ халқының ұлттық өзіндік санасының өсуіне себеп болды. Қазақ қоғамындағы ұлттық қозғалыс әр текті болды, олардың арасында әр түрлі саяси-идеялық ағымдарды ұстанушылар бар еді. Ұлт зиялыларының негізін Петербург, Мәскеу, Қазан, Томск, Омбы және Орынбордың университеттері мен училищелерінің түлектері құрады. «Айқап» журналы және «Қазақ» газеті ұлттық зиялылардың әр түрлі саяси-идеялық көзқарастарын айрықша көрсетті.
1911-1915 жж. басылып шыққан «Айқап» журналы (баспашы және редактор — Мұхамеджан Сералин (1871-1929 жж.) Қазақстандағы саяси-идеялық ойлардың аграрлық-демократиялық бағытын айқындады. Онда Ж. Сейдалин, Б. Қаратаев, С. М. Торайғыров, С. Сейфуллин, Б. Майлин және т. б. қызмет етті. Журнал беттерінде аграрлық қатынастар, ағартушылық пен білім мәселелері, қазақ ауылындағы тауар-ақша қатынастарының дамуы туралы жазылды, патшалықтың отарлау саясаты әшкереленді. Аграрлық мәселе, яғни, жер мәселелері, көшпелі шаруашылықтың отырықшыға айналуы, агрокультура мәселелері, шаруашылық нысандарының өзгеруі және т. б. «Айқап» журналының басты тақырыптары болды.

1913-1918 жж. аралығында жарық көрген «Қазақ» газеті либералдық-демократиялық бағыттың идеяларын насихаттады. Онда қазақ конституциялық-демократиялық партиясының және қазақ халқы жалпыұлттық қозғалысының басшысы, ғалым-экономист А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және т. б. қызмет етті. Ең басты болып есептелетін аграрлық мәселеде олар жердің мемлекеттік меншікті алып тастап, оны қазақтарға беруді, жерді сатуға тыйым салуды талап етті. Либералды-демократиялық бағытты ұстанғандар өңірдің қоғамдық-саяси өмірінің дамуы саласында қоғамның эволюциялық жолмен дамуын жақтады. Жалпы, өңірде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірдің дамуы туралы әр түрлі көзқарастардың болғанына қарамастан, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті империяның отарланған түкпірлерінде отырып-ақ, өз беттерінде қазақ халқының жалпы ұлттық идеялары мен мүдделерін көрсете алды.

1910-1911 жж. Қазақстандағы жаңа экономикалық өркендеуіне байланысты ереуіл қозғалыстары пайда болды. 1911 жылы мамырда Перовск және Түркістан шеберлік бекетінің теміржол жұмысшылары, «Атбасар мыс рудалары» акционерлік қоғамының кенішіндегі кеншілер ереуілге шықты. Ереуілге 300-дей адам қатысты, олар еңбекақының көтерілуін талап етті. 

1912 жылы 28 сәуірде Орынборда желі бойынша РССЖП қала комитетінің фокламациясы таралды, олар Бірінші мамырды мерекелеуге шақырды, сонымен қатар 8 сағаттық жұмыс күнін, саяси бостандықты, әскердің таратылуын және оны халық милициясына ауыстыруын талап етті.
1912 жылы жазда Орынбор-Ташкент темір жолының ташкенттік учаскесінде алты ай бойы еңбекақыны алмаған мердігер Карахновтың 300 жұмысшысының ереуілі өтті.

1912 жылы 12 мамырда еңбекақы төмен болуы, руданың ауыр жағдайларына байланысты Спасск мыс қорыту зауытының жұмысшылары ереуілге шықты. 1913 жылы маусымда Орынбор-Ор темір жолының құрылысшы жұмысшылары, Доссордың мұнайшылары ереуілге шықты, қыркүйекте Торғай уезіндегі Шоқпаркүл көмір кенінде жұмысшылардың қозғалысы өтті. Жұмысшылар өздерінің қозғалыстарында экономикалық жағдайды жақсартуды, әлеуметтік мәселелерін шешуді талап етті, саяси сананың дамуы үшін және өз құқықтары үшін күресу батылдығының маңызды саяси талаптарын шығарды.

Өңір жұмысшыларының қозғалысы шаруалардың патша өкіметіне қарсы қозғалысының өсуіне, ұлт-азаттық қозғалыстың дамуына әсер етті.

Қоныс аударушы шаруалар салықтардың бөліну жүйесіне қарсы шықты, ағаштарды өз еркімен кесуді жүзеге асырды, олардың көбі бөлінген жерлерсіз қалды: жағдайдың лажсыздығы, қоныс аударушы шаруалардың кедейленуі, қоныс аударушы ауылдың әлеуметтік-класстық жіктелуінің күшеюі шаруалардың ашық көтерілісінің себебі болып қалыптасты.

Қазақ еңбекшілері де самодержавиенің аграрлық және отарлық саясатына қарсы шықты. Феодалдық жетекші байлар мал, жайлаудың үлкен санынан ие бола отырып, кедейлерді қанады. Парақорлық, күшпен алушылық, параға сатып алушылық және т. б. кең тарала басталды. Қазақ шаруалары байлардың қыстауларын өрттеді, салықтарды төлеуден бас тартты, әскери топтарға шабуыл жасады.
Ресейдің әлемдік империалистік соғысқа кіруі Қазақстанда еңбек етуші халыққа қатты әсер етті: салықтардың мөлшері үлкейді. Қазақ тұрғындарына «еркін алымдар», мемлекеттік қарыз бен әскериге туға мәжбүрлі түрде жазылуы жүктелді, барлығы 10 шақты алымдар мен баждардың түрлері болды.
Қазақ халқынан жерлерді тартып алу жалғаса берді, соғысқа қажетті киімдерді, мал мен азық-түлікті реквизициялады, теміржол бекеттеріне әскери жүктерді (ең басты нанды) әкелу үшін мәжбүрлі түрде көлікті әскерге әкетті. Соғыс уақытында Түркістан өңірінен 300 мың пұт ет, 702 мың жылқы, 13 мың түйе әкетілді. 1914 жылы Жетісудің өзінен ғана 34 млн. сомға мал және мал шаруашылығы өнімдері әкетілді. Әскерге алынған отбасыларға көмек ретінде еңбек міндеткерлігі енгізілді, яғни қазақтар жұмыс күші ретінде қоныс аударушы ауылда егіндерді жырту, себу және жинау жұмыстарын жасауы керек еді.

Соғыс жылдарында егін алқаптары, мал саны қысқарды, ұлттық-отарлау езгілері күшейді. Патша әкімшілігі шовинистік ұрандарды шығарып, ұлтаралық араздықты жалған түрде жандандырды, қоныс аударушы халықтың басшыларын қаруландырды.

1914 жылы 9 қазанда Жетісу облысындағы әскери губернатордың құпия бұйрығы уез басшыларын «сенімді шаруашалардан», орыс ауылдың ауқатты қабатынан мұсылман еңбекшілеріне қарсы қаруланған жасақтарды құруға міндеттеді.

Қоныс аударушы ауылдағы ауқатты тап пен қазақ ауылының еңбектенуші халқы арасында жер телімі үшін күресі күшейді. Қазақ шаруалары кулактардың қысымшылығына қарсы жылқыларды айдап әкетті, меже белгілерді жойды, шөп пен шабындық учаскелерін өртеді. Сонымен қатар қазақ шаруалары өздерінің жергілікті рулық-феодалдық басшылар азап шекті, олар ауылға немесе ауыл қоғамына жататын жерлерді жоғары жалгерлік ақыға беріп отырды. Өз жерлерінен қоныс аударуға қарсы күрескен қазақ шаруалары патшалық шенеуніктер мен өз болыстық билеушілері, ауыл старшындарының талаптарын орындаған жоқ, салық төлеуден, соғысқа қажетті алымдарды жинаудан бас тартты.

Ауыл еңбектенушілері ауызша және жазбаша қарсылықтардан патша итаршыларына қарсы белсенді әрекеттерге көшеді. Осылай, Черняев уезіндегі Ноғай-Нұрын болысының қазақтары билеуші мен старшынға шабуыл жасап, алым құжаттарын тартып алып, оларды жойып тастады, қызметтік міндеттерді орындауға жол бермеді.

Соғыс жылдарында қымбатшылыққа, лауазымды тұлғаларға, салықтар мен міндеткерліктерге қарсы қоныс аударушы шаруалар, сарбаздар мен әйелдердің қозғалысы күшейді. 1915 жылы наурызда Жетісу облысы Верный, Лепсі, Пржевальск уезінде ауыл тұрғындары патша үкіметінің бағалар саясатына қарсы шықты, оған сәйкес қоныс аударушы шаруалар ауыл шаруашылық өнімдерін кесімді баға бойынша сатып, ал барлық қажетті мануфактуралық, галантериялық бұйымдардды алыпсатар баға бойынша сатып алулары керек еді. Андреев, Осипов, Лепсі уезінің қыстақтарында, Верный уезінде әйелдер көпестердің дүкендерін бұзып тастады, тауарларды алып кетті. 1916 жылы Зайсанда әйелдердің қозғалысы әскери күштің көмегімен тоқтатылды, 13 адам тұтқынға алынды.

Әскери бөлімдерде соғысқа қарсы насихат кең түрде жайылды, әскерге шақырылғандар жиі әскери міндеткерліктен бас тартып отырды, отбасыларына жәрдемақы төлемейінше сарбаздар майданға барудан бас тартты. Осылайша, 1914 жылы Көкшетауда отбасыларын жер, үй-жайлық телім және жәрдемақымен қамтамасыз етпейінше 300 сарбаз майданға барудан бас тартты. Сарбаздардың қозғалысы қаруланған күштің арқасында тоқтатылды, ал он белсенді қатысушылар тұтқынға алынды және әр түрлі мерзімге азапқа тартылды.

Ұқсас қозғалыстар Верный, Ақмола және Семей облыстарында да болды. Әскери бөлімдерде тәртіпсіздік орнады, әскери қызметтен қашу жағдайлары жиіледі.

1916 жылы жергілікті гарнизондардың сарбаздары арасында ашулар күшейді, майданнан оралған сарбаздар өзімен бірге үнпарақтар мен үгіт қағаздарды әкелді, соғыс пен патшалыққа қарсы өшпенділік ашық түрде көрсетілді.

Соғыс жылдарында қалада өнеркәсіп орындарында еңбек ететін жұмысшылардың жағдайы нашарларды. Бірінші күндерден бастап патша үкіметі Қазақстанның бүкіл облыстарында «төтенше әскери жағдайды» енгізді, оған сәйкес жиналыстар, ереуілдер, қарсылықтар, жұмыстан бас тартушылыққа тыйым салынды, қатынас қағазға әскери цензура енгізілді және т. б. полициялық қадағалаулар күшейді. Кәсіпкерлер соғыс уақытында жұмысшыларды тұтқында ұстау құқығына ие болды, ал жұмыс орнын тастап кеткендерді полицияның көмегімен жұмысқа қайтара алатын еді. Осыған қарамастан өңір тұрғындарының барлығының наразылықтары өсе бастады.
1915 жылы маусымда Екібастұз және Қарағанды кендері, қырғыз кен өнеркәсібінің акционерлік қоғамы, Спасск зауытының қазақ-жұмысшылары төмен еңбекақы мен жұмыстың ауыр жағдайларына қарсы ереуілге шықты.

Шетелдік капиталистер мен кәсіпкерлер жұмысшылардың кедей жағдайын пайдалана отырып, қанауды күшейтті. Жүйелі түрде еңбекақы төмендеді, ал қажетті тауарлардың бағасы әрқашан өсіп отырды.

1916 жылы жазда жұмыс қозғалысы Риддер кеніштерін, Эмбі мұнай кәсіпшілігін, Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерін, Спасск мыс кеніштерін, Орынбор, Ташкент темір жолдарын және т. б. жаулап алды. Жұмысшы, аграрлық және әсіресе, ұлт-азаттық қозғалыстары қазақтардың 1916 жылғы ереуілінің бастауы болды. 

©ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов ат. тарих және этнология институты,  2013