«Сығанақ грамоталары» - Оңтүстік Қазақстандағы егін шаруашылығы бұлағы.
28.11.2016 2868
XIV–XVI ғасырларда көшпелі қауым өте күрделі болғандықтан, қауымның патриархаты мен феодализмі бірге қосылып кеткен.

Орта Азиялық аймағына кіретін егін шаруашылығының түрлері, қазақ пен қарақалпақ, өзбек, түрік арасындағы байланыстар көшпелі өмір салтын сипаттай отырғанда, отырықшы мал шаруашылығы мен тұрмыс, халық пен оның шаруашылығын да түсінуге болады.

XIV-XVI ғасырларға жататын дереккөздердің арасынан хан жарлықтары көзге анық түсіп тұрады. Дереккөздердің талдауы Оңтүстік Қазақстан жерлерінде мекендеген халықтарының ерекшеліктерін көрсетіп отырады. Дегенмен, жарлықтарда көрініс таппаған дәстүрлер де бар. Жарлықтағы ақпараттың бсым көпшілігі құқық пен салық жүйесімен тікелей байланысты. Көшпелі өмір салтын ұстанған халықтар үшін жарлықтар өте ыңғайлы болып, қаржы жүйесінде мен егін шаруашылығында да белсенді қолданылған. Сығанақ, Сайрам, Түркістан грамоталарындағы егін шаруашылығымен айналасатын адамдардың қарым-қатынастарының мен келісім бойынша жасалған сату мен сатып алу актілерінің заңдылығын растайтыны не растамайтыны туралы толық мәліметтер табуға болады. Егін шаруашылығын ерекше қолдану деректері түрлі аймақтардағы (әсіресе, Сығанақ қаласында) айырмашылықтарды түсінініп, бір ортақ шешім қабылдауына көмектесіп жатыр.

Орта ғасырлы дәуіріндегі Қазақстанда мекендеген көшпенділерде жер қатынастары қалыптасқан. 1902 жылы ғалымы В.В. Бартольд Орта Азияға барғанда,  төрт грамотадың мәтінін тауып қалады. 1904 жылы оларды көшіріп, «Императорлық орыс Археологиялық қауымдығының Шығыс бөлімі қысқаша хаттары» атты еңбегінде жарық көрген[ 1, 265-267 бб.]. Олардың ішінде үшеуі түрік тілінде жазылған, ал біреуі – парсы тілінде. «Сығанақтан келген грамоталар» дереккөздері «XV–XVIII ғасырлардағы Қазақ хандықтарының тарихы бойынша материалдарда» жарияланған. Егін шаруашылығы зерттелу аясында кеңестік тарихнамалық грамоталар көптеп қолданылған болатын. Оларды А.Ю.Якубовский, П.П.Иванов, В.П.Юдин, А.Е.Еренов мен басқалар көшірген. Отан тарихнама ғылымында бұл деректер –сирек құжаттар. Оларды пайдалану әркімнің қолынан келмейді.

Бірінші грамота, 1400–1401жж.(Әмір Тимурдің тарханды-қызметтік жарлығы ) 

Грамота түрік тілінде жазылған. «XV–XVIII ғасырлардағы Қазақстан хандықтарының тарихы бойынша декертерде» грамотаның орыс тіліне дұрысталған аудармасы жарияланған [2, 317 б.].

Бұл грамотада Әмір Тимур Сирадж-ад-Дин-шайхты Сығанақ қаласының жаңа ислам шайхы деп тағайындалып,оның иелігіне тархандық беріп, Чихил-Тоғай өңірінде оған Ордакент, Қызыл-Тал жерлерін беріп қояды. Грамотада осылай жазылған: «қандай жағдай болмаса да, мен оны басқа тархандармен тең көріп, хардж-хараджат, алық , салық пен мардикарадан бос деп санаймын» [2, 317 б.].

В.В. Бартольд ғылыми тілге грамота тілін қоса отырып, Сырдария қаласының облыстық департаментінде жатқан грамотаның заңдылығына(іс № 197),  күмән келтіріп, былай жазады: «ең ескі құжат  803 (1400–1401жж.) тән болатын, оны жазған Тимур; ал мұндағы грамотада Тимурға хандық лауазым беріліп тұр, бірақ Тимурдің өзінде,тарихта, мұндай лауазымы ешқашан болмаған»... В.Бартольд грамотаның жасанды көшірмесін XVI ғасырға жатқызады [1,  265 б.]. Ғылыми әлем үшін осындай құжат жасанды көшірме болса да, оның маңыздылығы жоғары, өйткені ғалымдар грамотаның тілін мен алғашқы іс-қағаздар жүргізу стилін зерттеп отырады[3,135 б.]. Орта ғасырлы іс-жүргізу бөлмелерінде ескі болып кеткен қағаздар жасанды көшірмелермен жаңатырылған[2, 315 б.]. Осылай, жасанды көшірме шынайы құжат ретінде құқықтық заңдылығына ие болған.Мөрі қойылмаған құжатттар да кездестіруге болады.Осылай, 1398жылғы Тимур-Құтлук жарлығы мөрсіз болса да, бірақ оның заңдылығы жойылмаған.

1543–1544жж. екінші грамота (Абулғази Абд ар-Рахим-бахадур-султан тарханды-қызметтік жарлығы)

Грамота түпнұсқасы. «XV–XVIII ғасырлардағы Қазақстан хандықтарының тарихы бойынша декертер» бойынша  грамотаның мәтіні зерттелуде [2, 317 б.].

Бұл грамотаны алғаш рет В.В. Бартольд 1902 жылы Орта Азияға барғанда тапқан. Өзінің «Түрікстанға сапар шегу» атты еңбегінде  ол грамота мәтінін аудармасыз жариялайды.Жалпы, грамота 950ж. не 955ж. берілген болатын.Оның иесі – Сират-Шайх-накибу грамотаны  Абулғази Абд ар-Рахим-бахадур-султан қолынан алған [1, 266 б.]. Бұл грамота бойынша Сират-Шайх-накиб төреші болып тағайындалады. «Заңды түрде некелесу рәсімін өткізу, қамқоршы тұсында не ондай болмаса, онда қамқоршысыз, салықты дұрыс жинау мен жанжалды тоқтату –бұның бәрі міндеттеріне енген ». Бұл міндеттерін орындаған төреші ақшасынан өз ондығын алып жүрген. Мүмкін, халық үшін бұл өте жақсы болған, өйткені  пара алушылыққа жол бермеген.

Бұл құжат 955 ж. жазылған. В.В. Бартольд ойынша, «ешкімге белгісіз Абд ар-Рахим-хан қазақ хандарының бірі болып, XVI ғасырдың ортасында билеген».

1597–1598 жж. үшінші грамота (Абулғази-Убайдаллах-хан-бахадур-султанның союрғалық жарлығы)

Бл грамотаның түпнұсқасы. Ол парсы тілінде жазылған. П.П. Ивановтың «Қарақалпақ тарихтарының очерктері » деген еңбек бәріне белгілі. Мұнда автор қарақарпақтағы феодалдағы егін шаруашылығын зерттей отырып, кешенді талдау жасаған болатын [5, 34-35 б.]. В.П. Юдин «XV–XVIII ғасырлардағы Қазақстан хандықтарының тарихы бойынша декертерде» аударманың жаңа нұсқасы ұсынылған [6, 123 б.].

Абдаллах-хан грамотасы 1006 жылы жазылған. Ол XVI ғасырдың соңына жатады. Бұл грамотаға сәйкес Абдаллах-хан II шайбаниді Сығанақ тұрғындардың иелігіне көптеген каналдар беріп отыр.Грамотада осындайлар каналдар көрсетілген: «Тоқтамыш бұлағы, Хараш бұлағы, Қалта-Жалғайы мен Қызыл-Тал каналдары мен басқалар...». Құдық, арық пен каналдардың жеке меншігіне беруі – бұл Оңтүстік Қазақстан аймақтарындағы тұрғындар үшін баға жетпес сыйлық деп есептеледі. Сыйлықты заңды түрде растайтын жарлықтар Крым мен Қазан хандығында да кездесіп тұрады.

Зийа ад-Дин-шайх Сыгнактың кесенесінің  Хисарчур бұлағында орналасқанын заңды түрде расталған.

Жарлықта былай жазылған: «мұнда тұратын басқа тайпалармен бірге қазақтар да (қоныстарда тұратын мен жартылай көшпелі өмір салтын ұстанған қазақтар ) мекендеген екен» [2, 318 б.]. Осылай XVI ғасырда көшпелі шаруашылық-мәдени түрдің дамуын жалғастыра берген. Н.Э. Масанов айтуынша, «осындай негізінде көшпелі өмір салтына қарама-қарсы келетін қоныс мәдениеті феодалды қарым-қатынастарды қолдап, екі түр арасындағы айырмашылықтар тек көбейе бастады » [7, 244 б.]. Көшпенділер егін шаруашылығымен айналысқанда, көптеген қиындықтар бастарынан кешуде. Мысалы, бос жайлаулар мен арық, каналдар жетпегендіктен, жер мен су үшін күрес басталады. 1597–1598жж. Абдаллах-ханына Сығанақ қаласында тұратын егін шаруашылығымен айналысатын біреуіне арыз түскен. Бұл арыз бойынша «көшпелі тайпалар қоныс шаруашылығына жыл сайын үлкен зиян келтіріп жатыр. Соның нәтижесінде жайлауларда бағатын мал шөпті таппай, аш қалады екен» [8, 36б.].

1634-1635 жж. төртінші грамота (Абулғази-Убайдаллах-хан-бахадур-султанның вакуфты жарлығы)

Грамота түрік тілінде жазылған. Абулғази-Убайдаллах-хан-бахадур-султан атынан берілген грамота Сырдария маңындағы қалалардың құжаттарына жатады. Ташкент, Түрікстан, Сырдария қалаларындағы өзара соғыс болғанда бұл жарлық та жазылған болатын. В.В. Бартольд Абдаллах-ханмен жазылған. Абдаллах-хан Баки-Мухаммед-ханның ұлы болып, 1628 жылы Ишм-хан өлімінен кейін Ташкент қаласының әмірші болып тағайындалған. В.В. Бартольд былай жазады: «Қазан хандары мен сол кездегі султандар арасында Обейдаллах-хан есімі жоқ » [1, 265 б.].

«XV–XVIII ғасырлардағы Қазақстан хандықтарының тарихы бойынша декертерде» есімі Убайдаллах-хан жоқ болса да, осындай хан тарихта болмаған деген сөз емес. В.В. Бартольд еңбектерінен біз білеміз: «Кейбір қазақ есімдеріне араб есімдері де қосылып кетеді. Осылай, Жәнибек ханның екінші есімі – Абу Саид, или Бу-Саид» [2, 314 б.].

Қазақ хан мен сұлтандармен берілген грамоталар әлі күнге дейін табылмаған. «Имамкули-хан – наме» еңбегінің авторы Сухайла былай дейді: «XVIIғасырда Ташкент қаласында  қазақ ханы Тұрсын-Мұхаммед өз ақшасын шығара бастап, жергілікті халықтан өз салығын жинай бастады» [8,  38б.]. Қазақ хандығының басқа хандары да осындай құқықтарға ие болып, «өз іс-жүргізу бөлімінен түрлі қағаздар шығаратын болды» [2, 316 б.]. Әрине, осындай қағаздардың ішінде жарлықтар да болған шығар.

Қорыта келгенде, жарлықтардың тарихы әлі күнге дейін толық зерттелмеген.

З.К.Қартова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Бартольд В.В. Түрікстанға бару бойынша есебі// ЗВО ИРАО.– СПб., 1904. – Т. 15, вып. 2-3. – С. 264-275.

2.  XV–XVIII ғғ. Қазақстандағы хандардың тарихы (түрік пен парсы шығармаларынан ). –  Алматы, 1969. – 560 б.

3.  Абусеитова М.Х, Баранова Ю.Г. XIII–XVIII ғғ. Қазақстан мен Орта Азия бойынша жазба деректер (Библиографиялық шолу). – Алматы, 2001. – 426 б.

4.  Бартольд В.В.Орта Азияға бару туралы есебі.1893-1894 жж. //  Собр. Соч. – М., 1966. – Т. IV. –  26-29бб..

5.  Иванов П.П. Қарақалпақтардың тарихы бойынша деректер//  ИВАН СССР еңбектері. – М-Л., 1935. –Т.VII.

6.  Юдин В.П. Шығыстанушы көздерімен XIV–XVIIIғғ.Орта Азия . –Алматы, 2001. –384 б.

7.  Масанов Н.Э. Қазақтардың көшпелі өркениеті (көшпелі өмір слтының негіздері). – А.- М., 1995. –319 б.

8.  Пищулина  К.А. XV–XVII ғғ. Арал маңындағы қалалар мен тарихтағы олардың орны // XV–XVIII ғасырдағы Қазақстан (әлеумтті-саяси тарихтың сұрақтары). –  Алматы, 1969. – 5-49 бб..