Алтын орда мемлекеті 
08.08.2013 13175
Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болды. Түрік деректерінде Батый ханның әскерлері қыпшақтар деп аталды.

1227 жылы Жошы өлген соң оның орнына ұлы Батый отырды. 1235 жылы Монғол империясының астанасы Қарақорымда болған құрылтайда Батысқа (Еуропаға) шапқыншылық жорық жасау ұйғарылды. Бұл жорық 1236 жылы басталады. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болды. Түрік деректерінде Батый ханның әскерлері қыпшақтар деп аталды. Себебі, ұлан-ғайыр өлкеде орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болатын. Мемлекеттің басты саяси-мәдени тілі қыпшақ тілі болды. Алтын Орда әскерлері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді. Мемлекет басындағы нояндар мен бектердің, басқақтар мен тамғашы- лардың қолында билік көп болды. Алтын Орда мемлекеті тарихи әдебиетте “Қыпшақ ұлысы” деп те аталды. Алтын Орда- да монғолдар басым тайпа болған жоқ. ХІV ғасырда монғолдар түркіленіп, Алтын Орданың халқы “татарлар” деп аталынған. Сонымен қатар Алтын Орда Берке ханның тұсында біртұтас монғол империясынан, бөлек тәуелсіз мемлекет болды. Кейін Алтын Ордада Мөңке хан өз атынан теңге шығара бастады. Алтын Орда ХІV ғасырдың І жартысында, Өзбек пен Жәнібек хандар тұсында едәуір көтерілді. Өзбек ханның тұсында 1312 жылы мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды. Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі ХІV ғасырдың ІІ жартысы.  1359—1379 жылдар Алтын Орда тарихында “Ұлы дүрбелең” кезеңі деп аталынды. Кейін Тоқтамыс хан Алтын Ордадағы өз билігін соғыстағы жеңістермен бекіте түспек болып 1382 жылы Мәскеуді өртеді. Солтүстік пен Батыста Ақсақ Темірдің басқын- шылық жоспарларына Алтын Орда мемлекеті кедергі жасады. Әмір Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы шешуші шайқас 1395 жылы болды. Тоқтамыс пен Темір арасындағы күрес-тартыс Сыпыра жыраудың жырларында бар. Алтын Ордада әскер ісін және дипломатиялық қатынастарды “беклербектер” басқарды. Ал, “басқақтар” алым-салық жинаумен айналысты. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді.  Алтын Орданың ыдырау себебі мыналар:

 - этникалық құрамы әр түрлі халықтар бір мемлекетте тұра алмады;

 - шаруашылығының өркендеуі нашар болды; - билік үшін талас күшейді; 

- езілген халықтың азаттық күресі күшейді. 

Әмір Темір әскерлерінің 1389-1391 және 1395 жылдардағы жорықтары нәтижесінде Алтын Орда талқандалды. Алтын Орда ХV ғасырдың ортасына қарай біржола құлады.  Шаруашылығы және мәдениеті. Көшпелі мал шаруашылы- ғы мен отырықшы егін шаруашылығы Алтын Орда халықтары- ның басты шаруашылығы осы екеуі. Алтын Орда халықтары, негізінен, мұсылмандар болды. Алтын Орда мемлекетінде ал- ғашқыда көне ұйғыр жазуы негізгі жазу болып қалыптасса, кей- іннен ислам діні ықпалының күшеюіне байланысты араб жазуы да қатар қолданылды.